Математика пәнінен сабақ жоспары 8 санының құрамы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 24.11.2015

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы: 8 санының құрамы

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға көрнекіліктің көмегімен 8 саны жайлы түсінік беру.Суреттен саны 8 болатын заттарды тапқызу арқылы, оқушыларға 9 санының құрамын түсіндіру. Өрнек,теңдік жайлы білімдерін пысықтау.

2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қорын молайту.Математикалық тілде сөйлеуге баулу.Өз ойларын толық жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Оқушыларды шапшаңдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жапырақтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Кіріспе әңгіме.

  • Балалар, ертегілерді барлығымызда жақсы көреміз бе?

  • Ендеше бүгін біз сендермен ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Әр ертегінің сіздерге арнаған тапсырмасы бар екен. Тапсырмаларды тез, шапшаң, дұрыс орындасаңдар, ертегілердің соңында құпия суретте не жасырынғанын білесіздер. Ал қане ертегілердің тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба?

1 - ертегі: «Бауырсақ».

Ой қозғау

1. 1-ден 8-ге дейінгі сандарды тура,кері санату

2. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

Жұмбақ есеп:

Алдында 3 балапан, Көлден ұшты 8 қаз,

Артында 3 балапан. Қайтып қонды 2 қаз.

Ақ тауық пен балапан Қонбады оның нешеуі,

Айтшы санын балақан Кәне, кім тез шешеді?

(сегіз) (алты)

2 - ертегі: «Мақта қыз бен мысық»

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу. Дәптердің 46 бетін ашып, 8 санын көркем етіп жазамыз.

3 - ертегі: «Қызыл телпек»

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

Сурет бойынша 8 санының құрамы түсіндіріледі.

Кесінділерді өлше. Салыстыр.

4 - ертегі: «Түлкі мен қырғауыл»

Сергіту сәті

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

Дәптермен жұмыс.

№2. 8 санының құрамын жаз.

№3. Тиісті амал таңбасын қой

5 - ертегі: «Шалқан»

Қима қағаздармен жұмыс.

Құпия суреттің тапсырмасы. «Жапырақ жинау» ойыны арқылы 8 саны қандай сандар қосындысынан тұратынын есептеу. Жапырақтарға жазылған сандар арқылы құрастыру. Мысалы: жапыраққа жазылған 1 мен 8 саны, 2 мен 6, 3 пен 5, 4 пен 4, 5 пен 3, 7 мен 1 т.б.

Cабақты қорытындылау кезеңі.

- Қай санның құрамын құрдық? ( 8 )
- Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
- Сабақ несімен ұнады?


© 2010-2022