Н. Айтов. «Нұркен»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




Н.Айтов. «Нұркен»Н.Айтов. «Нұркен»Н.Айтов. «Нұркен»Н.Айтов. «Нұркен»Н.Айтов. «Нұркен»Н.Айтов. «Нұркен»Бақабаева Құндыз Қабидоллақызы ШҚО,Бородулиха ауданы, Жезкент кенті « Жезкент к. эконмикалық мектеп-лицейі» КММ

Н.Айтов. «Нұркен»

(3 сынып, ана тілі)


Білімділік мақсаты: Оқушыларды өлең мазмұнымен таныстырып, мәнін түсіндіру, мәнерлеп оқуға баулу; Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз ойын жүйелі түрде баяндап айта білу шеберліктерін дамыту; Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз елінің патриоты болуға, оны дәріптеп, құрметтеуге тәрбиелеу; Көрнекілігі: Нұркен Әбдіровтың суреті, слайд түрлері, үлестірме материалдар Сабақ түрі: Аралас сабақ Сабақ типі: интерактивті сабақ Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту Педагогикалық технологиялар: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, В.Шаталовтың «схемалар мен белгілер негізінде модельдеп тиімділендіре оқыту» технологиясы Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір -біріне қол шапалақтап, жағымды көңіл-күй сыйлайды. Мұғалімнің қолындағы кәмпиттерді таңдай отырып, оқушылар екі топқа бөлініп, өз орындарына отырады. ІІ.Қызығушылықты ояту. Өткен материалды қайталау. Әр оқушы қоржыннан асықтар ала отырып, өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

  1. «Репрессия» деген не?
  2. Репрессия қай жылдарды қамтыды?
  3. Тұрсынбек Кәкішевтің «Мәңгі жасар өмір» мәтінінде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген? Оны неден аңғардың?
  4. Мәтінде кім жайлы сөз болған?
  5. Әңгіме неліктен «Мәңгі жасар өмір » деп аталған?
  6. «Халық жауы» деген жаламен атылып кеткен кімдерді білесің?
  7. «Халық жауы» деген атпен қазақ зиялыларын қырғынға ұшыратқан адамдарға деген сенің көзқарасың қандай?
  8. Мәтіндегі негізгі ойды анықта
- Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894 - 1938) - ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Балалар, сендер С.Сейфуллинді қазақтың біртуар батыр ұлдарының бірі деп айта аласыңдар ма? -С.Сейфуллин қазақтың қамын ойлап, қарумен емес, өзінің өлең, жырларымен сол уақытта орнаған әділетсіздікпен күресіп өткен қайсар ерлерінің бірі деп айтуға болады. ІІІ.Мағынаны тану. Жаңа тақырып 1)Интерактивті тақтада ҰОС жөніндегі суреттер пайда болады. Оқушылар суреттерді бақылап отырған сәтте мұғалім сұрақтар қояды. -Балалар, бұл суреттер жайында не айтар едіңдер? -Суреттерде ҰОС жылдары бейнеленген. -ҰОС қай жылдары болды? -1941-1945 жылдары ҰОС болды. -Сендер ҰОС-на қатысқан қандай қазақ батырларың білесіңдер? -Б.Момышұлы, А.Молдағұлова, М.Мәметова т.б. -Өз тұрған жерінде Кеңес Одағының Батырлары атындағы көше, ескерткіштер т.б. бар ма? -Жезкентте «Жеңістің 60 жылдығына» арналған стелла бар. -Кімнің ата-әжелері ҰОС-на қатысты? Мұғалім оқушыларға шығыс қазақстандық ҰОС-на қатысушылар жайлы арнайы кітапты көрсетеді. -Сонымен, балалар , бүгінгі сабағымызда біз сендермен ҰОС-на қатысқан қазақтың тағы бір батыр ұлымен таныспақпыз. Алайда, алдымен мына адасып қалған әріптерден сөз құрап көрейікші. (Осы арада оқушылар әріптерден бірнеше сөз құрайды, «Нұркен» деп сабақ тақырыбы анықталады ) -Балалар, «Нұркен» өлеңінің авторы Несіпбек Айтов жайлы не айта аласыңдар? - Айтов Несіпбек Тұрысбекұлы (22.9.1950 ж.т., ҚХР, Шынжаң өлкесі Шәуешек ауданы, Теректі-Қақпатас елді мекені) - ақын. Балаларға арналған "Бала-бақшаға барар жолда", "Желкілдеп өскен құрақтай" (1980), "Күміс күйме" (1984), "Қартаймайды күн неге?" (1990) т.б. еңбектері бар. Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев жөне Жамбыл атындағы сыйлықтарының лауреаты. -Нұркен Әбдіров Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Ол жастайынан-ақ ұшқыш болуды армандап өседі. Ұшқыштар жөніндегі кітаптарды іздеп жүріп оқитын болады. Ол ұшқыштар мектебін екі жылға жеткізбей бітіріп, 1942 жылдың күзінде сержант, ұшқыш-штурмовик болып шықты. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармандықпен қаза тапты.
2) Өлеңді үнтаспадан тыңдату. -Өлең кім туралы? -Өлең Н.Әбдіров жайында жазылған. -Өлең ұнады ма? -Өлеңдегі негізгі ой қандай ? -Нұркеннің батырлығын, ерлік істерін жан-жақты көрсету 3) Сөздік жұмысы Фашизм-дүние жүзіне үстемдік орнатуды көксейтін басқыншы топ. Қаһар-үрей Шүйілген-қадалған
4) Оқушыларға бөліп-бөліп оқыту 5) Көркем сөздермен жұмыс -«Аңсап көкті жасынан, еркін қаққан қанатын» дегенді қалай түсінесің? -Бала кезінен ұшқыш болуды армандап, талпынған, көп ізденген, оқыған -«Жарқылдады жас ұлан, қаптағанда қара түн» дегенді ше? Қандай қиындық кездессе де, шаршап-шалдықпады, жігерлене түсті, жауға қирата соққы берді Сергіту сәті ІV. Бекіту А)Үлестірме материалдармен жұмыс -Бірінші шумақтан сын есімдерді тап (жас, қара) - 2012 жылы 9 мамырда Ұлы Жеңістің неше жылдығы тойланды? (67 жыл) -Өлең желісіне қарап, Нұркен батыр пайдаланған әскери техниканы анықта -«Фашизм»сөзімен сөйлем құра -Өлеңнің бірінші шумағын жаттап ал -Мақалды жалғастыр: Ер жігіт ел үшін туады, ... ... ... .(Ел үшін өледі) -Нұркен Әбдіров қандай адам? Қысқаша мінездеме бер -«Батырлық» сөзіне мағынасы жуық сөздерді тап Ә) Венн диаграммасын толтыру Қабанбай батыр Нұркен батыр С.Сейфуллин Нұркен батыр















Оқушылар топта жұмыс істей отыра, Нұркен батырдың өзге де батырлармен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Қорытынды жасап, оны қорғайды. Әр топ өз еңбектерін қорғап болғаннан кейін келесі топ оларға арнап өз ойларын қысқаша жазып көрсетеді.

V. Ой қозғау.Қорытынды Топпен жұмыс. Кестені топпен толтыр: Жаңалық болды Бұрын білгенмін Алдағы уақытта зерттеп білгім келеді



Мұғалім оқушылардың әр топ мүшелерінің бір-біріне жазған пікірлерін оқып береді. -Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта сендер не меңгердіңдер? -Біз ҰОС батыры Нұркен Әбдіров жайлы өлеңмен таныстық. -Балалар, сендер бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдыңдар? Алған әсерлеріңді менің қолымдағы смайликтерді таңдап алу арқылы білдірсеңдер. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау, «Ұлы Отан соғысы батырлары» тақырыбына шығарма жазу.

3


© 2010-2022