Қош бол, сүйікті әліппем!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚОШ БОЛ, СҮЙІКТІ ӘЛІППЕМ!

Мақсаты:

  1. Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, әліппені бітірулеріне байланысты әліппеге өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің үйренгендерін, білгендерін, оқығандарын көрсету.

Жүргізуші:

- Сәлеметсіз бе? Сіз кімсіз?

- Мен Әліппемін.

- Бұнда не істеп жүрсің?

- Ғалым достарымды күтіп жүрмін. Олар маған қонаққа келе жатыр.

(Н. Беспанов, сөзі: Б. Даулетқанов «Әліппе» әні орындалады, музыка ырғағымен залға 1 сынып оқушылары келеді)

  1. Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейірмен

Қадамымды құп алып.


  1. Мектеп- білім бұлағы,

Мейіріңді қандырар,

Мектеп ойдың шырағы,

Ақыл- санаң жаңғырар.


  1. Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға.


  1. Сөзіме құлақ салыңдар

Бір серпіліп қалыңыз!

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр - әніміз!


  1. Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.


  1. Әліппе деген - алтын жол,

Апарады сені алысқа

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.


  1. Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Хор: «Әліппе» әні орындалады.

(Екі бала ортаға шығады)


  1. Алфавитті біліңдер

Онда жүйе қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.


  1. Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

Екі бала кезекпен сұрайды;

  • А деген ол - хор: Аналар ғой ардақты,

  • Ә деген ол - Әкелер ғой салмақты,

  • Б деген ол- Балалар ғой әдемі,

Бірге: Біздің елде үшеуі де кәделі.

Би: Қыздар биі

Мұғалім:

Ал балалар, сендер әліппеден не үйреніп, не білдіңдер?

- Қазір осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, санамыздың өскенін, ақылымыздың толғанын дәлелдейік. Менің сұрақтарыма жауап беріңдер.

- Бірінші сұрақ:

- Қазақ жерінде алғашқы мектепті ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)

- Оның бізге қалдырған қандай ұраны бар? «Кел, балалар, оқылық!»

Ал келесі сұрақты тыңдаңдар:

  • Ал, алғаш Әліпбидің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

  • Мектепке келгенде алғаш рет қолға ұстаған кітаптың аты қалай? (Әліппе)

  • Біздің еліміз қалай аталады? (Қазақстан)

  • Біз қандай елміз? (Егеменді)

  • Біздің презиндентіміз кім? (Н.Ә. Назарбаев)

  • Біздің бас қала қалай аталады? (Астана)

Ән : «Атамекен»


  1. Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан. Елім менің -тірегім, Құшағында гүл атам.
  1. Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң. Сенен бақыт тарайды Баршамызға Ұлы Отан.
  1. Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан. Мәңгі соғып тұратын Жүрегімсің сен, Отан!
  1. Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
  1. Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей - кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім.
  1. Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.

Би. Флешмоб


  1. Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата - ана қуанышқа ортақ бол,

Саутты боп шықты міне балаңыз

Әліппе

  • Ал, достар бүгін сендер менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі оқулығымен танысасыңдар.

Оқуға зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақты,

Ақ жол болсын балалар.

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын


  • Сендерге айтар тілегім, жаңа достарыңды да мендей сүйіп, мендей күтіп құрметтеңдер.

Ана тілі

18.

Сәлеметсіңдер ме, балалар

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ана тіліңмен

Байыптап жақсы оқысаң

Негізі менде білімнің

Бір-бірімізбен айнымас дос боламыз.

Ән: «Ана тілі»


  1. Өтті оқу, сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Басқа оқулық достаспақ

Әліппемен қоштассақ.


  1. Қош құтты Әліппем

Көк нәрсені үйреттің

Таныстырдың әріппен

Тақылдатып сөйлеттің


  1. Қош бол құты Әліппем

Тіл тұсауын кестің сен

Аяулы апам болып сен

Айыбымды кештің сен


  1. Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың.


  1. Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуге.

24. Әліппем, менің Әліпем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп-көп рахмет!

Ән: «Қош бол, сүйікті әліппем»

(Мектебім әніне орындалады)

Би «Вальс»

Мұғалім: Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық,

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сандықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

Қорытынды сөз

Бүгінгі шәкіртердің алғаш қолдарына алған оқулығы Әліппемен қош айтысар кезі жетіп, Ана тілі оқулығын алғалы отыр. Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауымен құттықтап, халықтың ұлы болсын деймін.

1. Жасыл жайлау, түкті кілем көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайда жүрсем атамекен,

Көкейіңде тұрады екен.

Күннің өзі ұясына.

Қимай оны батады екен.

2. Жасыл жайлау, түкті кілем көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нүрын, айдың аппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем.

3. Жасыл жайлау, түкті кілем көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауым аспаныммен таласқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Ана тілім - байлығым,

Ана тілім - ұраным.

Ана тілін - қадірле,

Ана тілін - қастерле.

а - а - а - а

Салт-дәстүрді сақтаған,

Ата-бабам қалдырған.

Ана тілін - қадірле,

Ана тілін - қастерле.

а - а - а - а

Білім нәрін толтырдық біз кеудеге
Қателікте болды бізде кей жерде
Үйретуден жалықпаған ұстаздар
Жанашыр да бола білдің әр кезде²
Кайырмасы:
Қош бол енді әліппем менің
Сеннен оқып, жазып үйрендімм.
Қоштасар сәтті бір өзіңменен
Байқамай қалдым келіп қалғанын.

Ұмытпаймыз біз сіздерді мәңгілік
Жадымызда бейнең тұрар жаңғырып
Келешектің алтын нұрын сепкендей
Алдымыздан арайланды таң күліп, таң күліп



© 2010-2022