Математика 8 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Математика

Уақыты:

17.11.2015ж

Кабинет: 111

Мұғалім

Шабенова Ж

Сабақтың атауы

8 санын қосу және азайту

Мақсаты

1) 10 көлеміндегі санға 8-ді қосу және азайту тәсілімен таныстыру
2) Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту.
3)Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Оқушыларға 8-ге 8-ді қалай қосу керектігін, 16-дан 8-ді қалай азайту керектігін түсіндіре отырып, тапсырмалар орындату.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: түсіндіру,ойын сабақ, ізденушілік, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд), кесте, суреттер, үлестірмелер.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Қонақ күту салтымыз,

Оқып - біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге,

Сәлем бердік жалпымыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғалім мен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Топқа бөлу. Пішіндер арқылы.

1-топ. Шеңбер(5 саны ауызша құрамын айту)

2-топ. Шаршы(6 саны ауызша құрамын айту)

3-топ. Үшбұрыш (7 саны ауызша құрамын айту)

4- топ. Тіктөртбұрыш (8 саны ауызша құрамын айту)

Сөзжұмбақ шешу:

1.Уақыттың өлшем бірлігі

2. 5 ондығымыз нешеге тең

3. Заттың массасын немен өлшейді?

4. 8=8 7=7 6= 6 бұларды қалай атайды?

5. 10 ондығымыз нешеге тең?

Тігіне сегіз сөзі шығады.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

№1 а) Түсіндіру. 8-ге 8-ді қалай қосу керек? 16-дан 8-ді қалай азайту керек?

8+8= 16 16-8= 16

(8+2)+6=16 (16-6)-2=8

№2 Өрнекті жаз және мәнін тап. (жеке тапсырма)

Топтық тапсырмалар. Есептер шығару.

1-топ №3

Әкелінді - 7 комбайн

Жөндеуден өтті сонша

Жөнделді -?

2-топ №4

Бар еді - 6 трактор

Берілді сонша

Барлығы - ?

3-топ №5

Комбайн - 10

Трактор -6

Берілді сонша трактор

Барлығы -?

4-топ. Теңдеуді шеш

Х+8= 14 14-х=8

Сергіту сәті

«Әріптер машинкасы»

Әр оқушыға бір әріптен беріп, сол әріптерден шапалақтау арқылы сөз құрау.

Әр топ бір сөз айтады.

Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Ой толғаныс

Логикалық тапсырмалар

1-топ. Анасы Серікке бірнеше алма берді. Ол алмалардың жартысын жеп, қалған 4 алманы қарындасына берді. Анасы Серікке барлығы қанша алма берді?

2-топ. Қалам дәптерден қымбат, ал қарындаштың бағасы дәптерден арзан. Қайсысы қымбат: қарындаш па, әлде дәптер ме?

3- топ. Бір килограмм темір жеңіл ме, әлде бір килограмм қауырсын жеңіл ме?

4- топ. Бір аяқпен тұрған қораздың массасы 3 кг. Екі аяқпен тұрса, оның массасы қанша болады?

Қорытындылау.

«Кім жылдам ?» ойынын ойнату арқылы өрнектердің мәнін тапқызу.

2+5 = 4+5 = 5-2 = 5-4 =

3+5 = 5+5 = 5-3 = 5-5 =

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

№6, 79-бет

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Стикерлерге жазу.




А Ә Б В Г Ғ Д Е Ё Ж З И Й К Қ Л М Н ң О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Һ Ц Ч Ш Щ Ы І Э

Ю Я

Сөзжұмбақ шешу:

1.Уақыттың өлшем бірлігі.

2. 5 ондығымыз нешеге тең?

3. Заттың массасын немен өлшейді?

4. 8=8 7=7 6= 6 бұларды қалай атайды?

5. 10 ондығымыз нешеге тең?



1-топ. Анасы Серікке бірнеше алма берді. Ол алмалардың жартысын жеп, қалған 4 алманы қарындасына берді. Анасы Серікке барлығы қанша алма берді?

2-топ. Қалам дәптерден қымбат, ал қарындаштың бағасы дәптерден арзан. Қайсысы қымбат: қарындаш па, әлде дәптер ме?

3- топ. Бір килограмм темір жеңіл ме, әлде бір килограмм қауырсын жеңіл ме?

4- топ. Бір аяқпен тұрған қораздың массасы 3 кг. Екі аяқпен тұрса, оның массасы қанша болады?









© 2010-2022