Жануарлар немен қоректенеді ?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Жануарлар немен қоректенеді?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жануарлардың қоректенуі жайлы мағлұматтар беру және пәнге қызығушылығын арттыру,өй өрісін дамыту

Сабақтың көрнекілігі:түрлі жануарлар суреттері,бүктемелер

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын қорыту

Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақты бекіту

Қысқы ұйқы;баспана,ін,апан,ұя,қалың мамық жүнді тері-осының бәрі қысқы аяз,суықтан жануарларды қорғайды.

Жануарлар қыстың қатал жағдайларында әсіресе аяз,боран,суықтардаұяларда тіршілік етеді?

Көптеген жануарлар сусыз тіршілік ете алмайды.Олар жайлы білетіндеріңді есіңе түсір.

Табиғаты қолайсыз,суаттардан алыс жатқан жерлерде тіршілік ететін жануарлар бар. Мысалы,кесірткелер шөлді жерлерде көптеп тіршілік етеді.Кесіткелер,тышқандар өздері жейтін азықтың құрамындағы ылғалды қанағат етеді.Ал ақбөкен,бұлдырық сияқты жануарлар күнделікті су ішпесе болмайды.Алғаш көктем шыққан кезде шөптер нілді келеді.Бұл кезде ақбөкендер көп су іздей қоймайды. Жазда күн қатты ысығанда әрі шөбі кебіңкіремей бастағанда олар су іздеп алыс суаттарға барып шөлін қандырады.

Ақбөкен тез жүгіреді, бұлдырық және убақ жылдам ұшатындықтан қанша километрді артқа тастап су іздейді. Құстар балапандарына суды жемсауына салып әкеледі.

Түйе шөлге өте шыдамды келеді.Суға кезіккенде олар шөлін әбден қандырып алады. Түйенің негізгі қорегі жантақ.Бұл өсімдіктің биіктігі бір метрдей ғана болады.Жапырағы ашық жасыл түсті,кішкене дөңгелекше келген.Жапырағы шырынды,сабағы тікенекті келеді. Ол түйеге еш қиындық туғызбайды. Ал шөлде тіршілік ететін қарақұйрық,есек,жылқы, суырларға оған жақындау мүмкін емес.

Түйе қоректенгенде майын өркещіне жияды.Сірі табаны құм топырақтың ыстығына төзімді келеді.

Сабақтықорытындылау

I.Судың жануарлар тіршілігі қажеттігі қандай?

II.Қандай жануарлар ұзақ уақыт сусыз тіршілік ете алады?

III. Жануарлармен қоректенетін қандай аңдар мен құстарды білесіңдер?

IV.Суретте өсімдікқоректілерден басқа қандай жануарлар бейнеленген?

V.Жәндікқоректі жануарларды ата,

VI. Бақа өз жемтігін қалай ұстап жейді?

VII. Үйге тапсырма: Жануарлар немен қоректенеді? Тақырыпқа байланысты сурет салу.Тақырыпты оқып түсінік айту.

VIII. Оқушыларды бағалау.

© 2010-2022