Үлгерімі нашар оқушымен жұмыс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш мектеп- оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Мектеп қабырғасынан сауатты белсенді, өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар шығару басты мақсат. Қазіргі таңда негізгі мәселенің бірі-оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдылық қызығушылығын арттыру. [1,13]
Денсаулығы дұрыс кез келген оқушы мектеп бағдарламасын толық игеруі керек, дегенмен оқушылардың басым көпшілігі оқу бағдарламасын қиындықпен, тіпті кейбіреулері негізгі пәндерден ұзақ уақыт бойы үлгермейді. Үлгермеуші оқушыларды зерттеуде психологтер оқу үрдісіндегі оқу іс-әрекетінің жеке ерекшеліктеріне тоқталады.
Үлгерімі төмен оқушыларды үш топқа бөлуге болады:
• Барлық пәндерден үлгермейтін оқушылар
• Негізгі пәндерден ұзақ уақыт бойы үлгермейтін оқушылар
• Кей кезде үлгермейтін оқушылар [2,5]
Үлгермеушіліктің бірнеше себептері бар:
• Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі-жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса ,онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.
• Екінші себеп-білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.
• Үшінші себеп-материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойларын дамыту үшін талдауға,қорытындылауға жаттығулар беріледі.
• Төртінші себеп-пәнге деген қызығушылығының жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.
• Бесінші себеп-оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмауы. [3,9]
Осы себептерді ескере отырып, үлгерімі төмен оқушыларды анықтау мақсатында сынып оқушыларына психологиялық диагностика жүргізілді. Баланың қабілетін диагностикалау 10 түрлі тапсырмамен жүргізілді. Кейбір тапсырмалардың үлгісі ретінде мыналарды алуға болады.
1-тапсырма:Есте сақтауын анықтау. Он сөзді оқып, тыңдаған соң, есте қалған сөздерді жазу.
2- тапсырма: Көріп есте сақтау деңгейін анықтау.Бір минут таныс заттардың суреттерін қарап, содан соң жазып шығу.
3-тапсырма: Ойлау мен тілінің даму деңгейін анықтау. Тиісті әріпті қою. Мысалы: к..тап т.б.
4- тапсырма. Қарама-қарсы мағыналы сөзді табу.
5- тапсырма: Аналогиялар.Аяқталмаған он сөйлемді аяқтау.
6- тапсырма:Ойды аяқтау. Алғашқы екі сөзі бір-бірімен байланысады, ал үшінші сөздің жұбы жоқ. Мысалы: лимон-қышқыл, алма-......
7- тапсырма: Оқушының мотивтерін анықтау мына 3 сұрақ арқылы жүргізілді. Мысалы:
• Сен неге оқып жүрсің?
• Қай пәндер ұнайды?
• Үй тапсырмасын орындап болған соң немен айналысасың?
8- тасырма: Оқуға деген қызығушылықтары
9- тапсырма: Қиындық келтіретін пәндер.
10- тапсырма: Оқудан тыс қызығушылықтары.
Нәтиже нақты болу үшін жұмыс бірнеше кезеңде өткізіліп, кестеге түсірілді.

Аты-жөні Есте сақтау деңгейі Ойлау және тілінің дамуы Оқуға деген мотивтері Оқуға деген қызығушылықтары Қиындық келтіретін пән Оқудан тыс қызығушылықтары

Оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау мақсатында және шеттеп қалған оқушыны зерттеу үшін оқушыларға сұрақтар беріліп, оқушы жауаптарын таңдау матрицасына салып, мағлұматтары өңделіп болған соң, социограммаға салынды. Сұрақтары:
1. Кіммен бір партада отырғың келеді?
2. Кімді туған күніңе шақырғың келеді?
1- дөңгелекке- ең көп таңдалған оқушы - сынып белсендісі
2- дөңгелекке- орташа сан рет таңдалған оқушы
3- дөңгелекке- елеусіз оқушылар
4- дөңгелекке- шеттелген балалар.[3,3]
Диагностикалау жұмыстарының қорытындысы жасалған соң, сыныптағы үлгерімі төмен оқушылар анықталды. Үлгерімі төмен оқушылардың жазу сауттылығы мен сөйлеу мәдениетін бір деңгейге келтіру мақсатында қазақ тілі пәні бойынша түрлі жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Қазақ тілі сабағында қазақтың төл дыбыстары ұ мен ү,ы мен і дыбыстары арасындағы ұқсастықтар қиындық туғызады. Осы қиындықты жою үшін әр сабақта жаттығу жұмысынан кейін міндетті түрде оқушы сөйлем ішінен осындай дыбыстарды тауып, сөздерде қолдануына мән бергізіп, әр түрлі тапсырмалар берілді. Мысалы:
1. «Сөз құра» ойыны арқылы оқушы қаламмен әріптер арасынан сөзді тауып,сол сөзге сөйлем құрайды.

қ о ш о е
а р ы қ к
з с у л н
т а з а у
п б ұ д ы

2. «Кім тапқыр?» тапсырмасында оқушы ұзақ сөзден бірнеше сөз тауып жазады.Мысалы: «Жұмысшылардың» сөзінен (жұмыс,жұм,сары,мыс,ыс,алыс,шар т.б.)
3. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазу тапсырмасында оқушылар қосымшаны дұрыс жалғай отырып сөйлем құрауға үйренеді.
4. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздерді ойлап жазу тапсырмасы. Мысалы:нан,қырық,қазақ,қызық,ара,кебек,кесек,қабақ т.б.
Оқушылардың сауаттылығын көтеруде диктант түрлерінің мәні зор. Жаңа сөздерді бекіту мақсатында көру, есте сақтау, қабілеттерін дамыту мақсатында сөздік, көру диктанттары өткізілді. Оқушылардың өтілген материалдарды қандай дәрежеде игергенін анықтау және бекіту үшін терме және бақылау диктанттары өткізілді. Осы диктанттардан кейін жіберілген қателерді анықтап, оқушы қатені неге жіберді, қандай тақырыпты толық игермеген, олардың көп жіберетін қателері қандай деген сұрақтарға жауап беру үшін үнемі қатемен жұмыс жүргізіліп отырды. Қатемен жұмыс мынадай тәсілмен жүргізілді. Әр диктант түрлерін жазғаннан кейін кесте сызылған карточка таратылып, оқушылар өз қатесін жазып, жанына дұрыс жазылған сөзді жазады. Бұл оқушының өз қатесін түзетуге және неліктен қате жібергенін, қай ережені дұрыс қолданбағанын саралап, келешекте қате жібермеуге тырысуына әсерін тигізеді. [4,9]

Қате жазылған сөздер Сөздің дұрыс жазылу тәртібі

Басында айтылған жұмыс түрлерін өз тәжірибемде қолданып біршама жетістікке жеттім. Үлгерімі төмен оқушылардың сөздік қорлары дамып, сауатты жазу деңгейі көтерілді. Оқушылармен қарым-қатынасы түзеліп, сабақта белсенділігі арта түсті.

© 2010-2022