Абай Құнанбаев Қыс өлеңі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Абай Құнанбаев "Қыс"

Тақырыбы : Абай Құнанбаев. Қыс.
Мақсаты :

1Білімділігі. Абай Құнанбаевтың өмірі , оның шығармалары туралы білімін кеңейту. "Қыс" туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2.Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер:Абай суреті, слайд, қыс мезгілі слайд, шырша бейнесі.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдістері:сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен жұмыс, ой қозғау, сөздік.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан алақай, Қуанатын күн бүгін. Күліп шықты күніміз, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Бәріміз күндей жарқырайық, бәріміз тату дос болайық!
- Балалар біз қандай тарауды аяқтадық? (Ата-бабам тарихы - менің тарихым)
- Бұл тарауда тақырыптар не жайында жазылған? (Батырлар)
- Қандай оқиғаларды қамтиды? (жоңғар шапқыншылығы, Ұлы Отан соғысы,
- Желтоқсан оқиғасы, аштық, репрессия жылдары )
1. Өткен сабақты пысықтау үшін әр топқа сөзжұмбақ шештіру
- Ал, енді балалар мына бір жұмбақтарды шешіп көрейік:
1. Қыста бар да, жазда жоқ.
(қар)

2. Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
(аяз)
3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр -
Қатты -ақ.
(мұз)
4. Қанаты жоқ - ұшады.
Аяғы жоқ - желеді.
Аузы жоқ - ұлиды.
(боран)

  • Бұл құбылыстар қай кезде болады?
  • Дұрыс балалар бұл құбылыстар қыста болады
  • Кім қай мезгілді ұнатады? (оқушылар өздеріне ұнайтын мезгілгі айтады)
Олай болса балалар бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін өтеміз.
А. Құнанбаев кім? Оқушыларға суретін көрсетіп, ол туралы не білетіндерін сұрау.


Абай Құнанбаев Қыс өлеңі

Балалалар мен сендерге үй тапсырмасы бойынша Абай туралы ізденіп , мәлімет жинап келуді тапсырған едім

Абай Құнанбаев Қыс өлеңі

1.Тапсырма

1-топ : Ақынның өмірбаяны туралы

2-топ Ақынның өлеңдері, шығармалары туралы

3-топ Абайдың сазгерлігі жайында

4-топ Абайдың қара сөздері туралы

Абай Құнанбаев Қыс өлеңі

2. Өлеңді мұғалім оқып түсіндіреді.
Өлеңмен жұмыс. Өлеңнің мазмұнын ашу. Өлеңнің шығу тарихынан. - Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды" зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.

Сөздік жұмысы.
Соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді.
Домбығып - суықтан ісіп, қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім

4. Өз бетінше, тізбектей оқу . Абай Құнанбаев Қыс өлеңі


1-топ бірінші шумағын

2-топ екінші шумағын

3-топ үшінші шумағы

4-топ төртінші шумағын

5. Шығармашылық тапсырма:

1-топ Өлең шығару «Қыс».Абай Құнанбаев Қыс өлеңі

2-топ Сурет салу «Қыс бейнесі».

3-топ Қыстың пайдалы жағын айтады.

4-топ Қыстың зиянды жағын айтады

6 «Ұйқасын тап» ойыны
Ойнайық деп...Ойнайық деп балаға,
Қыс шақырып...Қыс шақырып тұрғандай.
Борандатқан ....Борандатқан табиғат,
Далаға ән...Далаға ән салғандай.


7. Топтастыру

1 - топ: Қысқы еңбек

2 - топ: Қысқы ойын

3 - топ: Қысқы мерекелер

4- топ Қыс турылы ән

IV. Бекіту 1. Автор қысты кімге теңейді? 2. Шалдың киімдері қандай? 3. Киім деп отырғаны не? 4. Малшы туралы не делінген? 5. Балалар туралы не делінген? 6. Қыс несімен көңілді?
- Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілі ызғарлы суық қана емес көңілді де, қызықты екен. Ал қане сол қысты көңілді ету сендердің қолдарыңда.
V. Қорытынды.
- Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық? - Авторы кім? - Оның тағы қандай өлеңдері бар жыл мезгіліне арналған, үзінді атып жіберейік? - Жыл мезгілдерінен басқа тағы қандай өлеңдерін бар
VI. Бағалау.
Мұғалім бағалайды,
VII. Үйге тапсырма. Қыс өлеңін жаттау. Қыс тақырыбына сурет салып келу.



«Ә. Молдағұлова атындағы № 21 жалпы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

Абай Құнанбаев Қыс өлеңі



Абай Құнанбаев Қыс өлеңі

Абай Құнанбаев Қыс өлеңі



Сынып жетекші: С. Суетова



2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022