Пәні: Сауат ашу. Оо дыбысы мен әрпі (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу

Уақыты: 7.10

Мұғалім: Жанпеисова АА

Сабақтың атауы

Оо дыбысы мен әрпі

Сабақ жабдығы

Кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.

Ынтымақтастық атмосферасы

а) Сұрақ-жауап:
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз
- Әріптерді не істейміз?
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос. Алмұрт - А, шар - Ш, піл - П, радио - Р, нан - Н, уық - У, лақ - Л, тарақ - Т, йогурт - Й, ғарышкер - Ғ т. с. с.

Б) буыннан сөз құра: ой-ла, ой-на, ай-ран, Ай-ша, ай-на

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушықты ояту

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.

Мағынаны тану

а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
- Олар қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.
ә) - Ендеше бүгін біз О дыбысымен танысуды жалғастырамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.

Б) Қоянның тапсырмасы. тақтадағы сөздермен танысайық


в) Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш - сөз басында; Доп, моншақ, домбыра - сөз ортасында;
Пальто, кресло - сөз соңында. Сөздерді буынға бөлу
г) Аюдың тапсырмасы. Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
ғ) Жазба әрпімен таныстыру Қолға қалам алайық.Ауаға біз жазайық (ауағажазып түсіндіру) Дәптерімді ашамын.Әдемі етіп жазамын.

екі жолға жазба әрпін толтырып жазу.

Ой толғаныс

Бүгінгі өтілген әріпке сөз ойлайық

Буындық диктант жаздырту: от, но, со, ло

Кері байланыс (Сигналдық карточкамен жұмыс)
Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету
Жасыл түс - түсіндім
Сары түс - әлі де мағлұмат керек
Қызыл түс - түсінген жоқпын

Бағалау

Мадақтау


© 2010-2022