Мерекеңмен - АНАШЫМ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерекеңмен, анашым!

Мақсаты: Балаларға 8-наурыз халықаралық әйелдер күні туралы мағлұмат беру.Балаларға адам баласын жарық дүниеге әкеліп,оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру.

Аналарды сыйлауға,құрметтеуге үйрету.Анаға деген ыстық сүйіспеншіліктерін ояту.

Жүргізуші: Қымбатты балалар,сүйікті аналар,апалар,құрметті әріптестер бүгін біздер көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз,мерекелеріңіз құтты болсын!

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме,нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.

-Балалар маған айтыңдаршы біздер кімнің мерекесіне жиналдық?

Балалар: Аналарымыздың мерекесіне.

Жүргізуші: Жақсы ендеше балалар біз аналарымыздың мейрамдарына арнап ән айтып берейік.

Ән: «Құттықтаймын, анашым»

Жүргізуші:

Бәрімізге анасың, Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым!-деп кішкене бөбектер аналарына, әжелеріне арнап жаттаған тақпақтарын айтып береді.

О.Айкөркем:

Көктем келді балалар,

Ән айтайық би билеп.

Мейрамында аналар,

Қабылдасын сый қылып!

Аділет:

Еркелеймін шаттанам,

Жарқын күлкін бақ маған

Ақ бетінен сүуйейін,

Келші келші ақ мамам.

Гүлназ:

Көктем келді алақай,

Көктеп жатыр даламыз.

Біз бақытты балақай

Мәңгі жүрсе анамыз.

Саян:

Кір түсірмей жағама,

Шашымды да тарайсың.

Мен бақшаға барғанда,

Мейіріммен қарайсың.

Дана:

Мамаларды суйеміз,

Сөзін ойға туйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Аружан:

Менің әжем,ақ әжем

Айтқан сөзі дәл әжем.

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.

Ерасыл:

Әжем өрнек тігеді,

Сырмақ сырып,оюлап.

Басы ауыра береді,

Шай ішпесе қоюлап.

Ғаани:

Әжетайым,әжетай,

Сізді жақсы көреміз.

Сізге өлең-тақпақты,

Жатқа айтып береміз.

Назира:

Шуағыңды сеуіп,

Жайна,анамыз-әже.

Жұлдыздарың сені,

Айналады әже.

Нұрхан:

Әже деген көп шығар,

Әжемдей кісі жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Саят:

Енді мен үлкен боламын,

Анамның тілін аламын.

Әжемнің барлық айтқаның

Миыма құйып аламын.

Нұралы:

Сыйлаймын мен жырымды,

Сізге арнап жаттаған.

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын ақ мамам.

Диана:

Почему когда я с мамой

Даже хмурый день светлей.

Потому что,потому что,

Нету мамочка милей!

Ерназ:

Ана-біздің күніміз

Анамның біз гүліміз.

Құрметтеп ананы,

Құттықтаймыз,бүгін біз.

Снежанна:

Мама,мама ,мамочка

Кто роднее чем она!

Мама,мама,мамочка

У нее в глазах весна!

Гүлзира:

Анашым анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам

Ақылды болам.

Көрініс: «Менің мамам әдемі!»

Сырт жақтан «Мама-мама» деген үн шығады.

Жүргізуші: Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан? Залға қоян кіреді.

Қоян:Мама,мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім.Адасып қалдым.Енді қайдан табамын?Түлкі кіреді:Мен ешкімнен қорықпаймын.Мен бәрінде алдаймын.Қоянның қасына келіп:Әй қоян,сен неге жылайсың?

Қоян:Мен мамамды жоғалтып алдым.

Түлкі:Мамаң қайда?

Қоян:Менің мамам бәріненде сұлу,әдемі. Түлкі:Өтірік айтпа,менің мамам бәріненде әдемі.Нанбасаң қара! Артына қараса мамасы жоқ. Ой,менің мамам қайда? Басын ұстайды. Мен мамамды жоғалттым. Екуі жылайды.

Аю келеді:Бұл не шу,ұйқымнан ояттыңдарғой.

Екеуі:Біз мамамыздан адастық.

Аю:Мамаларың қандай еді?

Екеуі: Сұп-сұлу, әп-әдемі!

Аю: Өтірік айтпаңдар,менің мамам әдемі.

«Жоқ,менің мамам әдемі.»-деп үшеуі дауласады.Осы кезде қарға ұшып келеді.

Қарға: Қарқ,қарқ,бұл не айқай-шу? Сендер мында екенсіңдер ғой! Сендерді мамаларың іздеп жатыр.

Аңдар:Рахмет,қарға! Біз мамаларымызға кеттік,алақай! Қарға:Сендер мамаларыңның айтқанын тыңдар.Әйтпесе жоғалтып аласыңдар.Барлығы шығып кетеді. Жүргізуші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай,мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ,біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды

-6Би: «Шөжелерім»

Ойын: «Өз мамаңды тап»

Ән:»Мамочка милая»

Ералы:

Жүре берші қасымда,

Әйбат мамам,әй мамам.

«Ботам» деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам.

Сара:

Бізді өсіріп баптаған,

Жақсы болсақ шаттанған.

«Алтыным»-деп мақтанған

Айналайын,ақ мамам!

Ленара:

Көктем келді балалар,

Асыр салып ойнайық

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Анамызды сыйлайық!

А.Айкөркем:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менең,

«Құлыншағым,күнім»-дейтін.

Райхан:

Анам мені Айым дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді.

Анам мені Күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді.

Қайырғали:

Көктем келді балалар

Жердің беті жаңарар.

Ақ сүт беріп өсірген

Аман болсын аналар!

Дильназ:

Көктем келді жадырап,

Күн нұрымен таласып.

Жайнай барші жарқырап,

Жаны жайсаң анашым.

Мансұр:

Мен гүлдетді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын.

Айнара:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын,анашым!

Сегізінші наурызбен.

Би:»Көбелектер»

Ойын:Гүл жинақ

Ән:»Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Анаға сыйлаймыз.

Жүргізуші: Құрметті аналар,әжелер балаларыңыздың өздеріңізге арнаған шағын мерекелік шарасы осымен аяқталады,мерекелеріңіз құтты болсын!Қош сау болыңыздар!

© 2010-2022