Табиғат құбылыстары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану

(3-сынып) Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары Сабақтың мақсаты:

1.Табиғатта болатын өзгерістерді,олардың жыл мезгілдерін сипаттайтын басты ерекшеліктері түсіндіру. 2.Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру барысында,табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратынын түсінуге жағдай туғызу.Тынымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау. 3.Жыл мезгілдерін салыстыру барысында табиғатты сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Интерактивті. Көрнекілігі:

1.Интерактивті тақта. 2.Жыл мезгілдері бейнелген суреттер .

Сабақтың өтілу барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Қызығушылығын ояту

  • Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.Бүгінгі көңіл күйлерің қалай? II.Үй тапсырмасы. 1.Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.Үлестірмелі қағаздар тарату. 2.Үй тапсырмасын қорытындылау. 3.Суреттегі заттар мен денелердің байланысын анықтаңдар. III.Жаңа сабақты меңгерту. Күн мен түн ойыны. Бір жылда неше ай бар? Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? Қазір қай мезгіл? Жыл мезгілдерінің өзіне тән табиғи өзгерістердің барлығы табиғаттағы құбылыстар деп аталады. Ойын. «Кім тапқыр?» жұмбақ шешу Жиын теріп болатын, Қамбаға астық толатын Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Шанамен зырлап желетін, Шаңғы,коньки тебетін, Аққала жасап ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

Бұлтты айдай желдеткен, Нөсерлеткен,селдеткен, Шалшық кешіп ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)

Қойның толы жеміске, Көк майсалы еңісте Көбелек қуып ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)

Ауа райының шартты белгілерін сөзбен оқу. Әр мезгілдің өзіне тән құбылыстар бар.Қыстың ең суық айларының бірі-желтоқсан.Бұл айда қар жерге қалыңдап жауып,айнала ақ көрпеге оранады.Жарысқа шаңғы,шана тепкен балалар. Наурызда күн мен түн теңеледі.Күн жылынып,жер беті жасыл кілемдей құлпырады.Балалар күн жылынған кезде құстарға ұя жасай бастайды.Адамдардың көңілі көтеріңкі,диқандар жер жыртып,егін егуге қамданады.Жыл мезгіліне жататын айларды ата. Саябақта қыдырып,демалып жүрген адамдардың қарсы көбейеді.Жылы ауа адам бойын сергітеді. Күз мезгіл.Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқу.Мақал-мәтелдер,жұмбақтар жасыру. Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс.Жыл мезгіліне әңгіме жазу. IV.Қорыту.Суретке қарап табиғатта құбылыстарын ата.Бұл құбылыстар қай уақытта байқалады.Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз табиғатты бақылау арқылы ауа -райын болжап отырған. V.Бағалау VI.Табиғат құбылыстары



© 2010-2022