Дүниетану пәні. Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы Сабақтың мақсаты: Оқушыны Жердегі тіршіліктің пайда болу тарихымен таныстыру; ежедгі адамдардың басынан өткен қиындықтар туралы әңгімелесу. Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы тарихи құжаттарды пайдалана отырып, оқушылардың ой өрісін дамыту. Оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу. Көрнекілігі: тарихи дерексөз, оқулықтағы суреттер, жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы бейнетаспа, сөзжұмбақ жазылған плакат, «Адам» деген тірек кесте. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру 2.Психологиялық көңіл күй 3.Өткенді қайталау Сөзжұмбақ шешу













1.Жыртқыш аң 2. Ауырған кезде адам нені ішеді? 3.Бал жинайтын жәндік? 4.Шағатын жәндік? - Сөзжұмбақтың шешуі нелердің аты? Олар туралы не айтуға болады? - Сөзжұмбақтың шешуі болған атауларды сипаттау 4. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. - Сөзжұмбақтың тігінен белгіленген бағаны бойынша қандай сөз шықты? - Адам - Бұл - біз оқитын тараудың аты. Бүгін Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы оқып білеміз. Біз жердегі тіршіліктің пайда болған кезіне, яғни өткен өмірге саяхатқа шығамыз.Бұл керемет саяхат болмақ! Өткен өмірден қайтып оралғаннан соң, сендер оны қазіргі уақытпен салыстырасыңдар. 5.Тірек сызба құрастырылады 6. Оқулықпен жұмыс 1. Мәтінді оқыту. Оқушылар мәтінді оқи отырып, жаңа мәліметтерді, өздеріне түсініксіз сөздері белгілеп отырады. 2. Өздік жұмыс Оқушылар Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы сызбаны толтырады. Бұл жұмысты өздігінен орындайды. Сонан соң оқушы өз пікірлерін ортаға салады. Тақтаға мәтін бойынша ұүрастырылған сызба ілінеді. Уақыттың барлық кезеңдері салыстырылады. - Осы уақыт аралығында жерде не өзгереді? (Оқушы табиғатта болатын өзгерістерді талдайды) -Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы жаңа әрі қызықты қандай мәдіметтермен таныстың? - Осыны білудің қажеті бар ма? 7.Пікір алмасу. Сабақты қорытындылау. (Мәтін срңындағы сұрақтар қойылады). 8.Үйге тапсырма беру. «Тірішіліктің пайда болуы» мәтінін түсініп оқу. Ғаламтордан, тарихи жинақтардан тіршіліктің пайда болуы туралы оқып, зерттеу жұмысын жүргізу.
© 2010-2022