Сабақ жоспары әдебиеттік оқу тақырыбыАдамның бәрі бірдей неге ақылды емес? ертегі (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

Күні: 26.01.16

Кабинет:56

Мұғалім:Абуева Р.Т.

Сабақтың атауы

Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?(ертегі)

Мақсаты

Ертегі мазмұнын түсініп,идеясын ашуға үйренеді,Анансидің ақылының даналығын ұғынады.

  • Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ашып көрсету арқылы қарама-қарсы ұғымдар туралы шындықты түсінуге мүмкіндік алады

Ертегінің идеясын аша алады.

  • Тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: топтау сызбасы, маркер

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Оқушыларды түгендеу.Назарларын сабаққа аудару.

Тренинг.«Хубба-бубба»тайпасы сәлемдемесі

1-топ :ақыл
2-топ :ой
3-топ :дана

4-топ :еңбек Қағазға жазылған тұжырымдар бойынша
4-топқа бөлінеді.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Үй тапсырмасын тексеру.«Қар үйіндісі» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексеріледі. Өзара бағдаршаммен бағалау

Қызығушылығын ояту.

«Адам баласы қалай ақылды бола алады?»

Өзіндік білім алу. Ертегімен танысу
Топпен рөлге бөліп оқу,талдау.

Дәптермен жұмыс: Баспалап қарау-қалқаланып,жасырынып қарау

Көз салу-қарау

Сыбағасы-өзіне тиісті олжасы

Топтағы талдаудыортаға салу.

Сергіту сәті

Видео көрсетілім бойынша қайталау.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Сыни сұрақ:

  • Қалай ойлайсың,Интикуманың әкесі сияқты ақылды жинап алуға бола ма? Әлде басқа жолды іздеу керек пе?

1-топ:Анансиге сипаттама бер

2-топ:Ертегі мазмұнына сай мақал-мәтелдер теріп жаз.

3-топ:Анансидің бойындағы жақсы да жаманда қасиеттерді теріп айт.

4-топ:Интикуманың іс-әрекетін әңгімелеп,оған мінездеме бер.

Ертегіге жоспар құру:

Сыни ойлау:дәлелде

Ананси сонша жыл жинаған ақыл толы құмырасыны неліктен жерге ұрып сындырды?

А)Ананси құмыраны баласына ашуланғаннан жерге ұрып сындырды.

Ә)Ананси құмыраның ішіндегі сонша көп ақылдың ағаш басына шығуға да көмегі болмаған соң жерге ұрып сындырды.

Б)Ақылды барлық адамдарға таратып бергісі келді.

Ақыл-жастан,

Асыл-тастан.

-Мақалдың мағынасын ашу.

-Бүгінгі сабақта не ұқтың

Үйге тапсырма

20-21 бет мазмұндау.мақал мәтел жазу.


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Бағдаршам әдісі.

Кері байланыс табыс баспалдығы.

Бағалау парақшасын толтырады.



© 2010-2022