Табиғаттағы су. Бұлт және тұман

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе қаласының №59 орта мектебі

Мурзабаева Мейрамгүл Аманбайқызы

3 «А» класс мұғалімі

Пән: дүниетану Тақырыбы: Табиғаттағы су. Бұлт және тұман

Сабақтың мақсаты: Судың табиғатта таралуы туралы теориялық ұғымын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: судың үш күйі және оның жер бетіне таралуы, жер беті, жер асты сулары жайында түсінік беру. Бұлттың түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық:оқушылардың ақыл-ойын дамыту, сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік:суды ысырап қылмауға, үнемшілдікке үйрету. Табиғатты сүюге, аялауға баулу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, іздену, көрнекілік. Көрнекілігі: кестелер, слайд, зертханалық тәжірибе жасауға арналған құралдар (оралған қағаз, мақта, лай су, стакан). Сабақтың барысы: І. Алғашқы дайындық - Оқушылардың оқу - құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту.

-Сәламатсыздар ма , оқушылар!

-Бізге қазір қай сабақ?

-Ендеше,назарымызды сабаққа аударайық.

Психологиялық ахуал. Күн шығады жарқырап, тамаша! Жел үреді бетіме, тамаша! Достарым да қасымда, тамаша! Анамның ыстық құшағы тамаша! Туған жердің таза ауасы, тамаша! Туған жердің суын ішсе, тамаша! Би билетіп, әнге салса, тамаша! Сабағымыз басталады, тамаша! Шаршамаймыз, талмаймыз , Қане, сабақ бастаймыз! ІІ. Өткенді еске түсіру

-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

1.Бақылау дегеніміз не?

2. Тәжірибе дегеніміз не?

3. Желдің анықтамасы.

4. Желдің бағытын анықтайтын құрал қалай аталады?

5. Атмосферадағы ауаның құрамына не кіреді?

6. Ауаның қасиеттері.

Жарайсыңдар, олай болса тіршілік үшін ауа қажет екенін біз бұрыннан білеміз, ал ауадан басқа тіршілік үшін тағы не қажет?

  • Жылу;

  • Жарық;

  • Тамақ;

  • Су.

-Әрине, су қажет!

-Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Табиғаттағы су

Сонымен,табиғаттағы су жайлы тақырыбына байланысты не білуіміз керек? (Оқимыз,үйренеміз,бұрынғы білгенімізді еске түсіреміз)

III.Жаңа тақырып

-Балалар, менің қолымда не бар?

-Глобус деген не?

-Біздің ғарышкер ағаларымыз біздің ғаламшарымызды ғарыштан осылай көреді. (слайд арқылы жердің суретін көрсету)

Видеоролик қарау «Су - тірішілік көзі»

-Глобустан көріп отырғанымыздай жер бетінің көп бөлігі көк түспен берілген.Көк түс нені білдіреді?

-Суды.

-Балалар,жер шарындағы ең көп сұйық зат-су.Ол құрлықтан үш есе көп.Жер бетінің 75 пайызын су алып жатыр. Су теңізден,мұхиттан,көлден,өзеннен құралады.Картада су көгілдір түспен көрсетілген.Су табиғаттың байлығы.Су тіршіліктің көзі.(Слайдтан көрсету: су жер бетінің 3/4 % құрайды)

Сонымен қатар су - тасымалдаушы. Күндіз де түнде де теңіздер , мұхиттар арқылы кемелермен адамдар, түрлі ауыр жүктер тасымалданады.

Су - табыс көзі. Балықшылар балық шаруашылығымен айналысып халықты теңіз өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

-Балалар,осы су жайлы не білесіңдер,ойланыңдар.Біз қазір екінші класта өткендерді еске түсіріп көрейік: судың қасиеттері: түссіз, сұйық, дәмсіз, еріткіш т.б.

Жұмбақ шешу:

Сылқ - сылқ күледі,

Аяғы жоқ жүреді. (су)


Суға батпайды,
Отқа жанбайды. (мұз)

Су болдым енді ұшамын,

Тұманға да мен ұқсаймын. (тұман)

-осы үш сөздің қандай ортақ белгісі бар?

-Әрине, ол - су! Ия су табиғатта үш күйде кездеседі: сұйық, қатты, газ тәрізді. Ал су бір күйден екінші күйге қалай өтеді? Оны түсіну үшін «Түлкі мен қоян» ертегісін еске түсірейік (сайдпен көрсету).

-Осы ертегі арқылы біз табиғатта су үнемі айналымда жүретінін түсіндік.

Сергіту сәті: «Ақ бұлақ»

Кітаппен жұмыс.

-Енді барлығымыз оқулығымыздың 55 -бетін ашып, «Табиғаттағы су» тақырыбын оқуға дайындаламыз.(Мәтінді 2-3 оқушыға оқыту.)

Тақтамен жұмыс.

Сызбаны толтыру

IV. Сарамандық жұмыс.

(Құмшекер мен мақтадан судың өткізгіштігін бақылау)

Бір бет парақты домалатып орап стақанға салыңдар.Оралған қағаз түбіне қант немесе мақта сал.Оған лайланған суды құй.Енді стақанға қандай қандай су құйылатынын байқа.Қорытындысын өзің жаса.

Суды қорғау үшін не істер едің?

-Қазақстанның өзендері

мен көлдері: картадан табу;

-Арал теңізінің ауыр жағдайы;

-Судың адам әрекетінен ластануы;

-Суда өмір сүретін жануарларды табу.

V.Бекіту.

Топтық тапсырма (жартылай дайын ақпараттан постер жасап қорғау)

1-топ: су туралы қызықты ақпарат;

2-топ:су туралы тыйым сөздер, мақалдар;

3-топ: суды қорғау.

-Бүгінгі сабақта қандай жаңа білім алдық,не туралы оқып үйрендік?

VI.Үйге тапсырма

  • 55-бет, оқу, мазмұндау.

  • Су туралы мақал-мәтелдер жазып келу;

  • Судың адам ағзасына пайдасын интернет ресурстарынан қарау.

VIІ.Бағалау.

  • Топтық бағалау;

  • Өзін-өзі бағалау




© 2010-2022