«Анама арналған сыйлық» Жапсыру

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Анама арналған сыйлық»

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қиялын дамыту, қайшымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Гүл сабағын, жапырағын, күлтелерін қиып алып, әдемі гүл құрастырып жапсыру. Әсемдікке баулу, үлкендерге ықылас білдіру, эстетикалық талғамын дамыту. Желіммен жұмыс жасағанда ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: түрлі түсті қағаз, картон, желім, мақта талшығы, ермексаз, қайшы, карандаш, қылқалам

Алдын ала жұмыс және сабаққа даярлық: жылулық шеңбері, гүлдер туралы слайд көрсету, түсіндіру, сергіту сәті Қостілдік коипанент: Қыс-зима, қар-снег, гүл-цветы, түймедақ-ромашка


Қызмет

кезеңдері

Педагогтің басқару іс-қимылдары

Балалар іс-әрекеті

І кезең уәждік-түрткі болу

Шаттық шеңберін жасау

Балалар қазір жыл мезгілі қандай?

Қыс мезгілі аяқталуға бір ай қалды

Қыстан кейін қандай мезгіл басталады?

Балалар көктемде қандай табиғат өзгерістері болады?

Балалар көктем мезгілімен бірге қандай мереке келетінін білеміз бе?

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар, сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?

Ана -деген кім екенін білеміз бе?

Біз балалар бүгінгі жапсыру сабағында анамызға арнап сыйлық дайындаймыз, өйткені алда анамыздың, әжеміздің мерекесі келе жатыр

-Қыс мезгілі

-Көктем мезгілі

Күн жылынады, қар ериді, ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді

Аналар, әжелер, қыздар мерекесі

Ия, жақсы көреміз

Өз аналары туралы айтады

ІІ кезең проблемалық-ізденістік

Балалар, сендер гүлдердің не екенін білесіңдер ме?

Қандай гүлдер болады ?

Атап беріңдерші, кім қанша гүлдің атын біледі екен?

Балалар бүгін біз сендермен жапсыру сабағында, әркім өз анасына арнап түймедақ гүлін жасайды

Сергіту сәті:

Жолдарына үңіліп,

Екі бақа жүгіріп.

Ағаштардан аттап,

Секіреді бақ-бақ.

Олар ерте тұрады,

Беті қолын жуады

Оңға шалқайады,

Солға шайқалады,

Жерден шіркей тауып ап,

Үлкен болып өседі.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біз айтамыз тақпақ

Енді балалар орнымызға жайғасайық

Балалар біз бүгін не жасаймыз?

Кімге арнап жасаймыз? Не үшін жасаймыз?

Қандай құралдар бар екен?

Ендеше балалар жұмысымызды бастайық

Балалар, біз түймедақ гүлін мақта талшығынан жасаймыз

Ең бірінші біз тіктөртбұрышты кардонның шетін сопақша қылып қиып аламыз, содан кейін жасыл түсті қағаздан түймедақтың сабағын, содан соң жапырағын қиып аламыз.

Дайын болған гүлдің ең бірінші сабағын, содан соң екі жапырағын кардонға желімдейміз

Осыдан кейін мақта талшықтарының жиегін ортасына жеткізбей айналдырып қиып шығамыз

Сосын қиып алған күлтелерді жапсырамыз, түймедақ гүлінің ортасына сары түсті ермексаздан дөңгелек жасап алып жапсырамыз.

Жасаған гүліміз әдемі, сәнді көріну үшін жан-жағына рамка жасап жиектейміз.

Бөлмеде өсетін және далада өсетін болады

Балалар гүлдерді атайды

Балалар сергіту сәтін жасайды


Түймедақ гүлін

Анамызға

Аналардың мерекесі

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды

ІІІ кезең рефлексивтік-түзетімдеу


Балалар біз немен жұмыс жасадық?

Не жасадық?

Жасаған гүліміз қалай аталады?

Кім үшін жасадық?

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.

Мақта талшығымен

Гүл жасадық

Түймедақ гүлін

Анамыз үшін

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Гүлдің құрылысын

Түсінеді: Үлкендерге ықылас білдіруді, ұқыпты болуды

Қолданады: Қайшымен жұмыс жасап, гүлдің сабағын, жапырағын, күлтелерін қия біледі



© 2010-2022