Ертегілер елінде 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ертегілер елінде

Мақсаты: ертегілер арқылы тіл байлығын молайту.

Білімділік:балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру, танымдық аясын кеңейту .

Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін , есту зейінін , қиялын, сөйлеу тілінің диалогтық формасын дамыту. Ірі және ұсақ моториканы жетілдіру, эстетикалық танымдарын арттыру.

Тәрбиелік:балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шалқан, достық, ізет,бірлік,мейірім.

Көрнекі құралдар: суреттер, интерактивті тақта, тақырыпқа сай үлгілер.

Керекті құрал-жабдықтар:ақ парақ, түрлі-түсті субояқ, жай қалам, түрлі түсті қарындаштар, фломастер

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Қәне қонақтармен сәлемдесейік.

- Біз әдепті баламыз ,

Біз ерекше боламыз .

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсіздер ме ? - деп ,

Сәлемдесіп аламыз .

Шаттық шеңбері:

Мектебім армысың !

Достарым менің бармысың !

Сәлемдесіп алайын

Құшақтасып қалайын .

Ұйымдастыру.

- Сендерге ертегі ұнайды ма ?

Ертегі тыңдағанды жақсы көрксіңдер ме?

Көздерін жұмып жақсы көретін ертегілерін елестетіп , кім қай ертегіні елестеткендерін, сұрастырады.(мен «бауырсақ» ертегісін көрдім...т.с.с.)

Ертегі қандай сөздермен басталады ?(ерте,ерте,ертеде...)

Қандай ертегілер болады ?(аңдар туралы, құстар туралы,қиял-ғажайып..)

Қандай елдің ертегілерін білесіңдер? (орыс, қазақ, неміс...)

  • Жарайсыңдар, балалар!

Ертегі- халықтың ең керемет туындысы. /Ертегі аттарын атау4-8 слайд/

  1. Сендер сенесіңдер ме? /мыстан кемпір, ұшатын кілем, сөйлейтін бақа т.б./

  2. «Балақайдың жан досы» /ертегі кітаптарымен таныстыру/

  3. Ертегі кейіпкерлерін атау қысқаша сипраттам беру

  4. Келесі «Бауырсақ ертегісін тамашалаймыз»

  5. «Бауырсақ» ертегісі балалардың көмегімен

  6. «Сәйкесін тап» /ертегі желісі бойынша жұмыс жасау/

  7. Келесі «Шалқан ертегісін тамашалаймыз»

  8. «Шалқан» ертегісі балалардың көмегімен

  9. «Жас суретшілер» /суретті аз уақытта бояп шығып, қай ертегіден алынғанын айту/

  10. Ән:«Ертегілер»

  11. Смайлик арқылы көңіл -күйлерін білдіру

Қорытынды:
Біліміміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

/Оқушыларға естелік ретінде сурет беріледі/

Ертегі-парасатты сыншы. Сондықтан әрқашан ертегіні оқып жүріңіздер.

Көріп-тамашалағандырыңызға көп рақмет.


© 2010-2022