Открытый урок на тему “Уруғлар ва мевалар”

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 18.02.2016 ж.

Тобы: МАД «Ә»

Пәні: сауат ашу және жазу

Тақырыбы: «К» дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Балаларға «К» дыбысы мен әрпін таныстыру, ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: «К» әрпімен танысады,

оны жазуды үйренеді,

топпен жұмыс жасауға дағдыланады

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер: көрме, сабаққа байланысты суреттер, әріптер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, әңгімелету, ойын, сұрақ-жауап, топтастыру

стратегиясы

Сабақтың барысы:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай, жақсы ма? Мен сендерді бәріңді жақсы көремін. Ал сендер бір-біріңді жақсы көресіңдер ме? Барлығымызды орнымыздан тұрып қонақтарға амандасайық.

Қызығушылығын ояту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің ісі ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Қайырлы күн, қонақтар

Қайырлы күн, балалар.

Мұғалім: Балалар шаттық шеңберін жасап жіберейік.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Балалар бір-біріңізге тілек айтып қолыңыздағы жүрекшелерді бір-біріңізге табыстаңдар.

Сабағымызды бастамас бұрын балалар екі топқа бөлініп алыңдар. Ол үшін тақтадағы гүлдерді алып артындағы сандарды тура санау бойынша біріктіріп, топтың атын шығарамыз. 1-топ: Білгірлер. 2-топ:Тапқырлар. Ал енді орнымызға отырамыз.

Бағалау: смайликтер арқылы

  1. Өткен сабақтарды қайталау

Балалар сіздер «Жеті лақ» ертегісін естігенсіздер ғой.

Ол ертегінің кейіпкерлері кімдер?

Ешкінің неше лағы болады?

Ол күнде қайда барады? Не үшін барады?

Жеті лақты кім ұрлап кетеді?

Сол ешкі лақтарын қайтаруға қасқырға барса, қасқыр былай депті: Менің тапсырмаларыма дұрыс жауап берсең лақтарыңды қайтарамын.

Ешкі сіздерден көмек сұрап тұр. Ешкіге лақтарын қайтаруға көмектесеміз бе?

Ендеше, тапсырмаларға жауап берейік.

1-тапсырма: Әріп дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не?

2-тапсырма: Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?

3-тапсырма: Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?

4-тапсырма: Дауысты дыбыс дегеніміз не? Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

5-тапсырма: Жұмбақты шешу:

Кесе, шыны, пиала,

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)

Кәне, балалар, ыдыс сөзін буынға болып жіберейікші.

6-тапсырма: Тақтаға өтілген әріптерді жазып көрсет. Екі топтанда екі баладан шығып жазады.

7-тапсырма: «Әріптер әлемі» ойыны. А,Т, Қ, П, Л, Р, У. Бұл ойында мына берілген әріптерді пайдаланып сөз құраймыз.

Жарайсыңдар балалар тапсырмалардың бәріне жауап бердіңдер. Қасқыр да ешкіге лақтарын қайтарды. Мына суретте «Жеті лақ»тың бақытты ғұмыры бейнеленген.

  1. Сергіту сәті. Балалар «Көңілді күн» әніне билейді.

  2. Негізгі бөлім:

Балалар енді мен де сендерге жұмбақ айтайын:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

  • Балалар, ұйқыдан оянғанда, далада нені көресіңдер?

  • Күнді, күннің нұрын көреміз.

  • Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?

  • Алақай! - деп қуанамыз.

  • Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?

  • Аспанды, бұлтты, күнді көреміз.

  • Күн бізге несін береді?

  • Жылуын береді.

«Күн» деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

  • «К» дыбысы.

  1. Жаңа сабақ: Ендеше бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы осы «К» дыбысы мен әрпі.

«К» әрпі дауыссыз дыбыс, өйткені аузымыздан кедергіге ұшырап шығып жатыр. Көрмеде кесе суреті көрсетіледі. Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.

Күшік, кенгуру, бүркіт суреттері.

Күшік - иттің баласы.

Кенгуру - Австралияда мекендейді. Оның салмағы 90 кг, құйрығының ұзындығы

1 м. Оның алдында қалтасы болады, онда баласын 68 ай сақтап өсіреді. Ал, баласының салмағы 5,5 гр. болады. Шөппен қоректенеді. «Қызыл кітапқа» енген. Алдыңғы аяғымен қорегін тауып жейді.

Бүркіт - таудың ең биік шығында өмір сүреді. Түлкі, қоян сияқты аңдарды аңдып тұрып, өзінің әдіс-тәсілдері арқылы ұстап, жемтігін тауып жейді. Ол бірлікті білдіреді.

  1. Сабақты пысықтау

«К» әрпінің тақпағын үйрету.

Кітап - өмір айнасы,

Көпке тиер пайдасы.

Кітап - өмір шырағы,

Тәлім беріп тұрады.

Топтастыру стратегиясы. «К» әрпінің жанына «К» әрпінен басталатын сөздерді топтастыру

  1. Қорытындылау:

  • Балалар бүгін біз сабақта не істедік?

  • Не үйрендік?

  • Кімдерге көмектестік?

  • Сабақ ұнады ма?

  1. Рефлексия: Егер сендерге сабақ ұнаса мына білім ағашына жасыл алманы, ұнамаса сары алманы жабыстырыңдар.

  2. Бағалау: топтың смайликтерін санап, жеңіске жеткен топты анықтап бағалау.

  3. Үйге тапсырма: «Сауат ашу және жазу» кітабынан «К» әрпін оқып келу.

«Айнабұлақ» негізгі орта мектебі

үлгілі сабақ

Тақырыбы: «К» дыбысы мен әрпі

Орындаған: МАДТ тобының жетекшісі

Балтаева Мухлиса











2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022