Өзін өзі тану Оқуға құштарлық

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы;Оқуға құштарлық.

Мақсаты:"білім","махаббат" адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: -оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. -оқуға,білім алуға деген ынталарын дамыту. -кітапты қадірлеуге,еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:оқулық,дәптер,түрлі-түсті қағаздар,қайшы.
Шаттық шеңбері:балалармен бірге шаттық шеңберін құру,оқушылармен бірге қосылып бір шумақ өлең оқу;
Жарастықпен жайнатып өмір көркін, Гүл-бақшада сайрандап өскен еркін, Шат кқңілді,бақытты ел ұланымыз, Келешекте ұлы істі меңгеретін.
Өлең айтылып болған соң оқушылар орындарына отырады.Сабақтың негізгі бөліміне көшу мақсатында оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру; -Балалар,бүгін біз оқу,білімнің адам өміріндегі қажеттілігі,маңыздылығы туралы әңгімелесеміз.Сондықтан да бүгінгі тақырып "оқуға құштарлық" деп аталады.
Әңгімелесу: Тақырыптың мақсатын аша түсу үшін оқулықта "Ойланайық,пікірлесейік" айдарымен берілген сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу. -Адамға білім не үшін қажет -Оқу кезінде өандай қиындықтар кездеседі -Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар -Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар
Мәтірмен жұмыс: Аңыз әңгімедегіӘлімнің әМен оқуым керек" деген өз мақсатына қалай жеткенін және оның үлкен ғалым болғанын мысалға ала отырып,балалардың оқуға құштарлығын арттыру. -Бала өз мақсатына қалай жетті -Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті
Жаңа ақпарат: Оқулықта берілген "Жаңа ақпарат"арқылы балалардың оқуға деген құштарлығын нақтылай түсуге болады. Білім алу қызығушылық,еңбекқорлық және табандылық танытуды талап етеді.Білім адам игілігіне қызмет етеді. Жаңа ақпаратты талдау балаларға білімнің қажеттілігін ұғынуға көмектеседі.
Дәптермен жұмыс: Жоғарыда айтылып,талқыланған әңгімеден түйген ойлар дәптерде берілген тапсырма арқылы бекітіледі. -Бақытты балалар елінің суреті арасынан жазу жазылатындай етіп бос қалдырылған жолдарға олардың бақытты болуына нелер көмектескенін жазу. Балалар тапсырманы дәптерге орындайды,орындап біткен соң жәрия ету.
Жүректен жүрекке: Жаңа ақпараттагы ойды жалғастырып,сабакты балалардың бір-біріне білім алудың маңыздылығын білдіретін тілек айтумен қорытындылау. қажеттілігі,маңыздылығы туралы әңгімелесеміз. Әңгімелесу:





© 2010-2022