Сауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін

орта мектеп.




Сауат ашу пәнінен ашық сабақ


Тақырыбы:


Сауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпі

1 сынып

Өткізген: Нүркенова М.М.



Арқалық қаласы



Сабақтың тақырыбы: Г әріпі мен дыбысы

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныстыру, сөз ішіндегі Г дыбысының ерекшелігін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы Гдыбысының дауыссыз екенін байқату.

2. Жаңа сөздермен таныстыру арқылы балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ жасыру арқылы логикасын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

3. Бір-бірін тындауға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, оқу, жазу, ойын

Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, карточкалар

Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.


Сыныбымыз тап-таза
Борда дайын тақтада
Денемізді жинақтап,
Отырайық партаға.

2 Буын ұйқастар:
ра - ра - ра - ұшып жүр ара;

ар - ар - ар - дала толы қар;

ыр - ыр - ыр - үйдің сыртында қыр;

ры - ры - ры - жапырақтар сары;

ір - ір - ір - үсті - басы кір;


ІІ Өткен сабақ. Үй тапсырмасын тексеру

а) - Қандай тапсырма берілді?
- Кім кінәлі? Өлеңі.
(мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, рольге бөліп ойнату, қара сөзбен мазмұнын сұрау).
ә) - Қандай әріппен таныстық? - Ү
- қандай дыбыс? - дауысты,жіңішке


б) Үкі, үйрек (суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасату)
Неше әріп, неше дыбыс бар?

ІІІ. Бекіту сұрақтары.
1. Жалпы дыбыстар нешеге бөлінеді?
- 2-ге, дауысты, дауыссыз
2. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

  • Дыбысты естиміз, айтамыз.Әріпті оқимыз, жазамыз.

3. Әріптерден не құралады?
- Сөз құралады.
4. Сөзден не құралады?
- Сөйлем құралады.
5. Сөйлем қандай әріппен жазылады?
- Бас әріппен жазылады.
6. Сөйлемдерден не құралады?
- Мәтін құралады

ІҮ . Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздерге жұмбақ жасырайын

Аналарға сыйлайтын
Аралар бал жинайтын
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын. ( гүл )


- Гүл - дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? - Г
Олай, болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г г дыбысы мен әрпі
Гі-гі айту
Г дыбысы туралы түсінік

Еріндер, тістер ашыңқы, тілдің ұшы төменгі тістердің астында тілдің арқасы көтеріңкі, дауыс желбезектері дірілдеп тұрады.
Г г - дауыссыз дыбыс

Ү. «Әріптер қалашығына саяхатқа барамыз»

ГА, ГУ, ГҮ, ГІ, ГЕ, ГИ

Осы буындар кездесетін сөздер ойлайық

Шеге, көгал, сегіз, кереге, егін, гигиена

Осы сөздерден сөйлем құрастырыңдар

Ағашқа шеге қақтым. Егінді араладым. Беске үшті қосқанда сегіз.

Сауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпіСауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпіСауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпіСауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпіСауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпіСауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпіСауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпіСауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпіСауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпі .

- Маған айта қойшы не жаздың?

- Сөйлем жаздым.

- Сөйлем қалай жазылды?

- Сөйлем бас әріптен басталады. Соңына тыныс белгісі қойылады.

ҮІ.Суретпен жұмыс

Ер қанаты - ат

Сауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпі

Сөйлем сөздерден құралады. Ол тиянақты ойды білдіреді. Оны мынадай сызба түрінде береміз. Текшемен сөйлемді жазу.(тақтада)
Сөйлем арқылы адам өз ойын көргенін түсіндіреді. Сөйлемдегі сөздер бір бірінен бөлек жазылады.
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен беріледі. Сөйлем соңында.!? белгісі қойылады.

Сергіту сәті (музыкалық)

ҮІІ. Шашылған әріптерді орнына қой «Көгершін»

VIIІ. Оқулықпен жұмыс «Ақ көгершін» өлеңі

а) Бағандағы сөздерді оқыту

ә) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
б) Оқушыларға оқыту

ІХ. Дәптермен жұмыс.

Жазу жазғанда түзу отыру, дәптерді көлбеу қойып, жазу жолындағы әріптерді жазу.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықты тастайық,

Әдемі етіп жазайық.

Х.Карточка баған Әр оқушының алдына карточка беріледі. Г дыбысы бар сөздерді тауып, белгілейді. Карточканы тексеруге көршілеріне береді. Олар тексереді.

ХІ. Менің орным қайда? Ойын ойнау

ХІІ. Сабақты пысықтау

а) Қандай өлеңмен таныстық?

ә) Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

б) Г дыбысы қандай дыбыс?

в) Неліктен дауыссыз дыбыс?

д) Г дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Үйге тапсырма: «Ақ көгершін» өлеңін жаттау.

Бағалау. Сабақта белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан балаларды бағалау


Сауаташу пәнінен сабақ жоспары Г дыбысы және әрпі

© 2010-2022