САУАТ АШУ САБАҒЫ (1 СЫНЫП) Ж ж дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САУАТ АШУ САБАҒЫ (1 СЫНЫП) Ж ж дыбысы мен әрпіСАУАТ АШУ САБАҒЫ (1 СЫНЫП) Ж ж дыбысы мен әрпіСАУАТ АШУ САБАҒЫ (1 СЫНЫП) Ж ж дыбысы мен әрпіСАУАТ АШУ САБАҒЫ (1 СЫНЫП) Ж ж дыбысы мен әрпіСАУАТ АШУ САБАҒЫ (1 СЫНЫП) Ж ж дыбысы мен әрпіСАУАТ АШУ САБАҒЫ (1 СЫНЫП) Ж ж дыбысы мен әрпіБатыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Достық ЖОББМ

Бегалиева Гүлмира Еркінқызы

Сауат ашу сабағы. 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Жаңа дыбыспен және әріппен таныстыру.Ж ж әрпін танып, ажыратуға, атауға дұрыс оқуға үйрету, оқу мен жазу арасындағы байланысты меңгерту;

Дамытушылығы: Танымдық қабілеттерін жетілдіру барысында, ести отырып қабылдауын, зейінін, сөздік қорын, саусақтарының жазу икемділігін дамыту;

Тәрбиелілігі: Оқушыларды мәнерлі сөйлеуге, көркем жазуға жануарларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, талдау, қорыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  • I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Қазір қандай сабақ?

  • Сауат ашу пәнінен нелерді білеміз?

  • Бірі айтылады да, естіледі,

Екіншісі жазылады да, көрінеді

Ол не? (Дыбыс пен әріп)

  • Дыбыс дегеніміз не? (Айтамыз, естиміз)

  • Әріп дегеніміз не? (Көреміз, жазамыз)

  • Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

Дауысты Дауыссыз

жуан жіңішке қосарлы қатаң ұяң Ж үнді

  • Өткен сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық? ( Ә)

  • Ә дыбысы қандай дыбыс? (дауысты, жіңішке)

Айналаға алақанмен, Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп күлімсіреп, Біз сабақты бастайық!

II.Психологиялық дайындық:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі, әрі нәзік, жарық мейірім

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

III.Қызығушылықты ояту.

Ертегі «Жолбарыс пен жираф»

Ертеде орманда Бір жолбарыс өмір сүріпті.Жолбарыс аяңдап келе жатса, ағаштың қасында жираф жайбарақат шөп жеп тұр екен. Жолбарыс бұған дейін жирафты көрмеген екен.Өзін аң патшасы санайтын жолбарыс қорыққанын білдірмей жөн сұрапты.

-Ау, сорайған ,сен кім боласың?

Оқыс дауыстан шошыған жираф аяқтары дірілдеп:

«Мен бе ж-ж-ж-жи-жи-жирафпын ғой»-деп әрең тіл қатыпты.

-Атың қызық екен,ж-ж-ж-жи-жи -жираф-деп қайталап жолбарыс жөніне кетеді.Жираф та аман-есен құтылғанына қуанып: «ж-ж-жуф» деп демалады.

IY.Мағынаны тану

Жолбарысқа жираф не деп жауап берді?

Ж-ж-ж-жи-жи-жираф

Ж әрпінің таңбасын көрсету

Ж ж

-Үнді,дауыссыз дыбыс,кедергіге ұшырап қысқа айтылады.

Созып айтуға келмейді.

Жіп- 3 дыбыс, 3 әріп, 1 буын.

Y.Ойын. «Буыннан сөз жаса»

ЖА ЖУ ЖО

YI.Оқулықпен жұмыс.Екі оқушының диалогы.

Жамал:

-Ажар, мына шарларды сана.

Ажар

-Санадым.Алты шар

Жарас:

Жанар, ана жалаушаларда сана

Жанар:

-Санадым.Он жалауша.

Жарас:

-Ажар,шарларды ал. Жанар,жалаушаларды ал.

YII.Жұмбақ есеп

Ағайынды бәрі,Шықса жасыл,Түссе сары (жапырақ)

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады. (Жел)

Тал басында тізіліп,

10 жапырақ тұр еді,

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті 1-еуі.

Ізінен оның үзіліп,

Түсті тағы 2-еуі

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі? ( 7)

YIII .Сергіту сәті

Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

IX. Проблемалық сұрақ

  • Күзде жапырақтар неліктен сарғаяды?

  • Күзде күн салқындайды. Сосын топырақ тоңазиды. Өсімдік суды аз сіңіреді. Жапыраққа қажетті күннің жылуы азаяды.

X. Дәптермен жұмыс.

Үзік сызықтарды бастыра отырып, көлбеу , әдемі етіп жазу.

Ж ж жаға жалау

XI. Сөздерді буынға бөліп оқыту

жү-зім жа-па-лақ қон-жық

XII. Ойлан тап.

XIII. Қорытынды

  • Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

  • Ертегі ұнады ма?

  • Ертегінің кейіпкерлерін ата?

  • «Жолбарыс» сөзін неше буынға бөлуге болады?

  • «Жираф» сөзінің қазақшасы «керік.»

© 2010-2022