9 санына қосу және азайту 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: 9 санын қосу және азайту

Мақсаты: 1) Оқушылармен 9 санының құрамын қайталау, 9 санын қосу, азайту тәсілдерін тиянақтау, білімдерін кеңейте түсу, арифметикалық амалдардың мән - мағынасын ашу, есепті шығару барысында амалдарды дұрыс таңдай алу білігін қалыптастыру.

2) Ауызша есептеу арқылы белсенділігін, ойлау, есте сақтау, танымдық қызығушылығын дамыту.

3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, іздемпаздыққа, өзіне сенімді болуға ұмтылдыру. Жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: түсіндіру,салыстыру, сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу.

Пән аралық байланыс: ана тілі, ағылшын

Сабақтың барысы:

1. Бағдарлау- мотивациялық кезең.

1) Психологиялық дайындық жасау..

Менің ойым -мейірімді,

Менің жүрегім -мейірімді,

Мен - мейірімді адаммын!

Бар зейінімізді сабаққа аударамыз. Сонымен қатар бүгінгі сабақтың ашық сабақ екендігін, бізге қонақтар келіп отырғанын ескертемін.

2) Ойын «Санды ретімен орналастыр»

Санды өсу, кему ретімен санау (қазақша, ағылшынша)

Ә) АЗАЙТУ, ҚОСУ АМАЛДАРЫНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІН АТАУ

«Кім шапшаң?» актив студиомен жұмыс:

4+5=9 6-5=1 9-5=4

2+7=9 8+2=10 3+7=10

7-5=2 3+4=7 7-6=1

ІІ. Орындаушылық- операционалдық кезең.

1) «Кішкентай Нұрмаштың» тапсырмасы:

2) 10 см - 3 см=4 см + 3 см

Сергіту сәті.

3. «Әке мен баланың » тапсырмасы.

Қай мәтіннің кейіпкері? «Әке мен бала » Ы. Алтынсарин. Негізгі ой қандай?

Есепті қысқаша шарты бойынша құрастыру, шығару.

Есептің қандай бөліктерінен тұрады?

Есептке мәтін құрау.

А) Болды-10 қап

Сатылды-8 қап

Қалды -? қап

Есеп не туралы? Не белгілі? Нені табу керек?

Ш: 10-8=2

Ж: 2 қап қалды.

Б) Түсте - 6 жәшік

Түстен кейін - 4 жәшік

Барлығы - ? жәшік

Ш: 6+4=10

Ж: Барлығы 10 жәшік

4) «Төзім» Гүлдананың тапсырмасы: Сәйкестендіру

Қай мәтіннің кейіпкері? Авторы кім? «Төзім» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

* Алаңшада 9 қоңыраугүл және 1 қызғалдақ гүлдеп тұрды. Барлығы неше гүл гүлдеп тұрды?

* Гүлшоғында 4 қызыл және 3 ақ раушан гүлі болды. Қызыл гүлдер ақ гүлдерге қарағанда қанша артық?

* Ұлдар 5 гүлшоғын әкелді. Қыздар тағы да 4 гүлшоғын әкелді. Балалар барлығы неше гүлшоғын әкелді?

«Кел,ойнайық!» Алмаларды себетке сал.

Қорытындылау

Рефлексия
- Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

- Сабақ ұнады ма?

- Несімен ұнады?

Үйге тапсырма: 144 б № 4

Бағалау



© 2010-2022