- Преподавателю
- Начальные классы
- Математика. Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері 286+617, 923-236
Математика. Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері 286+617, 923-236
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Аманжолова С.Б. |
Дата | 15.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері: 286+617, 923-236
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері:
1) Үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдері дағдыларын жетілдіру;
2) Шамалармен жұмыс жасаудың есептеу біліктерін бекіту;
3) Бірнеше бірлікке кемітуге және бірнеше есе арттыруға, екі қосылғыштың қосындысын табуға арналған құрама есептерді шығару білігін жетілдіру;
4) Математикалық терминологияны мен символиканы қолданып, ауызша және жазбаша түрде өз ойын анық әрі дәл жеткізе білу білігін дамыту;
5) Математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: аралас жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік-илюстративті
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі - Психологиялық дайындық
- Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
- Балалар, біз бүгінгі сабақты бұрынғы сабақтардан өзгеше етіп өткіземіз. Яғни сабақ сайыс түрінде өтеді. Сыныпты 3 топқа бөліп, І топ - Ойшылдар, ІІ топ - Тапқырлар, ІІІ топ - Білгірлер тобы болады.
- Ал, балалар сайысымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген № 5,6 тапсырманы тексеріп шығамын.
ІІІ Жаңа сабақ: Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері: 286+617, 923-236
Кім жылдам?
286 923
+617 - 236
903 617
-Баған түрінде есептеуде қандай қорытынды шығаруға болады?
- Үш таңбалы сандарды қалай қосып, азайтады екенбіз?
- Бірліктің астына, бірілікті, ондықтың астына ондықты, жүздіктің астына жүздікті жазып, есептеуді жүргіземіз.
-Дұрыс айтасыңдар.
Оқулықпен жұмыс: № 1 .Ойын «Жаңылмай тап»
56 21 100 100
+44 +79 -24 -18
100 100 7 6 82
Математикалық диктант:
850-50 450+40 650+250 920-100
№ 2 Есептеу тәсілін түсіндір:
Бірінші бағанды өзім түсіндіріп, шығарамыз, қалған бағандарды 3 топқа бөліп беремін.
Б)
345+655=1000 1000-645=355 245+693=938 802+198=1000
782+218=1000 1000-367=633 239+377=616 933-399=534
666+334=1000 1000-443=557 755-564=191 1000-888=112
№ 3
582+418=1000 1000-826=174
715+285=1000 1000-721=279
519+481= 1000 1000-173=827
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Қарлығаш боп ұш
Төрт, бес, алты
Қарлығаш боп қалқы
Жеті, сегіз, тоғыз, он
Қайта орныңа қон
№ 4. Айжанда 1000 тг болды. Ол дүкеннен 329 тг сурет дәптерін және 386 тг кітап сатып алды. Айжанда қанша тг қалды?
Ш: 1000-(329+386)=285
Ж: 285 тг қалды.
№ 5 . Амалдардың орындалу тәртібін анықта.
(540-80)+(930-820)=460+110=570 320+(860-660)+120=520+120=640
(650+350)-(450+50)=1000-500=500 1000-(210-110)+30=930
№ 6. Көкөніс дүкенінде 455 кг сәбіз және 129 кг қызанақ бар. Бірнеше кг көкөніс сатылғаннан кейін, онда тағы 245 кг қалды. Неше кг көкөніс сатылды?
-балалар, есеп не туралы? Есепте не белгілі? Не белгісіз?
-дұрыс, сәбіз-455кг екені белгілі, қызанақ-129 кг екені белгілі. Сатылғаны белгілі ме? -иә, белгісіз. Қалғаны ше?- қалғаны белгілі-245 кг. -сонда нені табуымыз керек?-сатылғанын табуымыз керек. Ол үшін қандай амал қолданамыз?
Сәбіз-455
Қызанақ-129
Қалғаны-245
Сатылғаны?
Ш: (455+129)-245=584-245=339
Ж: сатылғаны 339 кг көкөніс
«Миға шабуыл» Логикалық тапсырмалар:
-
Бұтақта 6 құс қонып отыр еді. 2 құс осы ағаштың келесі бұтағына орын ауыстырды. Ағашта неше құс қалды? (6)
-
Ағаш басында 12 балық отыр еді. Оған тағы 10 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (балық ағаш басында отырмайды)
-
Шешесі балаларына 10 кәмпитті бөліп, қыздарына 3-тен, ұлдарына 2-ден берді. Қыздар неше, ұлдар нешеу? (2-ұл, 2-қыз)
Үйге тапсырма беру: № 3 129-бет
Бағалау - Жеңімпаз топты анықтап, мадақтау, бағалау.