Жіптің түрлері. Жіптен шашақбау түю 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жіптің түрлері. Жіптен шашақбау түю
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түйме-шашақ туралы түсінік
Білімділік : беру, оның жасалу жолы мен қолданатын
орны жайлы ақпарат беру. Жіпті орау,қию
арқылы түйме-шашақ жасауды үйрету.
Дамытушылық: Ой-өрісін,шығармашылық қабілетін,саусақ
ептілігін дамыту.
Тәрбиелік: Жұмыс орнын таза ұстауға баулу,ұқыптылыққа,
ептілікке,еңбексүйгіштікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ой қозғау, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу, математика
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жіптен жасалған түйме-шашақтың дайын үлгісі,тұс киіз,балалар киімі,ребус
Қажетті құралдар: тоқыма жібі, қайшы, қатты картон қағаз, қарындаш
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру
ә) Сәлемдесу
Жарқырап күн де ашылды,
Күн нұры түгел шашылды,
Қайырлы күн; қонақтар,
Біз әдепті баламыз,
Қайырлы күн;ұстазым,
Біз көңілді боламыз.
Ой қозғау :
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
- қыс.
- Ол үшін мен сендерге өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын, сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, гүл күлтелері өз орнына орналасады.
1) Мақта қай облыста өндіріледі?
2) Жіптің қандай түрлерін білесіңдер?
3) Жіпті неден иіреді?
4) Иіру машиналарында қызмет ететін адамды қалай атайды?
5) Шұлық болып шыққанша,
Бауырсақ боп домалайды (жіп)
- Қандай сөз шықты?
- Түйме-шашақ
- Балалар, түймешашақ дегеніміз не?
Кіріспе
Түймешашақты бұрын ата-бабаларымыз киіз үй жабдығына пайдаланған. Көшіп қонуға ыңғайлы киіз үйдің жасау - жабдықтары негізінен мал жүнінен, терісінен, сүйегінен жасалған. Қазақтың киіз үйі мынадай киізден жасалған жабдықтардан : киіз үйді жерден бастап, уықтарға дейін жабатын туырлықтан , уықтан шаңыраққа дейін жабатын үзіктен, шаңырақты жабатын түндіктен тұрады. Туырлықтың ішкі жоғарғы басы, туырлық басқұрдың төмен түсіп тұратын өрнекті шашақты жолақтары- шашақ бау киіз үй ішін әрлендіріп, безендіре түседі.
- Ал қазір түйме-шашақты қандай мақсатта пайдаланамыз?
- Түймешашақты киімге, киім ысырмасына, тоқыма, қалпақ , сәбилердің киімдерін әсемдеу үшін пайдаланамыз.
- Енді балалар біз жіптен түйме-шашақты жасауға кірісейік.
Топқа бөлу
І топ - балалар киімін түйме-шашақпен әсемдеу.
ІІ топ- киіз үй жасауы, түс киізді түйме-шашақпен безендіру
Жұмысқа кіріспес бұрын қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережесін еске түсірейік :
1) Қағазды қиған кезде қайшымен емес қағаз парағын жылжыт.сол қолыңның саусақтарына абай бол.
2) Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
3) Қайшыны біреуге берерде жабық күйінде бер.
4) Қайшының сол жағын оны беретін адамға қаратып ұста.
5) Жұмыс біткен соң қайшыны арнаулы қорапшаға салып қой.
Сарамандық жұмыс
Түймешашақтың жасалу жолын түсіндіру, көрсету.
Оқушылардың өз бетінше жұмысы.
Мұғалімнің балаларды қадағалауы.
Сергіту сәті
Мен неге өйттім?
Кім айтар себебін?
Шаршадым: -Уһ! дедім
Ренжідім :-Туһ! дедім
Қорықтым :-Ой! дедім
Өкіндім:-Ах! дедім
Шарасыз:-Ех! дедім
Таңырқап:-О! дедім
Кейідім:-И! дедім
Біліп ап:-Е! дедім
Жасаған жұмыстарын тақтадағы кілемшеге ілу, өздеріне бағалату.
Сабақты қорытындылау
Ребус шешу
(Еңбек-бәрін жеңбек)
Оқушылардан еңбек туралы мақал-мәтел сұрау
Бекіту сұрақтары:
Не жасап үйрендік?
Қай жерде қиыншылықтар кездесті?
Түйме-шашақ не үшін керек?
Бағалау
Үйге тапсырма: Інің мен сіңлі-қарындасыңның заттарын түйме-шашақпен әшекейле!



© 2010-2022