Эссе «Жүректін жылуы»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе «Жүректін жылуы»Эссе «Жүректін жылуы»Эссе «Жүректін жылуы»Эссе «Жүректін жылуы»Эссе «Жүректін жылуы»Эссе «Жүректін жылуы»Эссе «Жүректін жылуы»Эссе «Жүректін жылуы»Эссе «Жүректін жылуы»Эссе «Жүректін жылуы»
Оразалина Раиса Маратқызы, бастауыш сынып мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Е.А.Бөкетов ат. мектеп - гимназиясы


Бұл сабақ 2-ші сынып бағдарламасындағы өзін-өзі тану пәні бойынша құрылған. Сабақтың мақсаты оқушылар жағдаяттарды өздігінен шеше отырып, әңгімелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салып, өз жүректеріндегі мейірімділікті сезінеді, жүрек жылуын сезіне отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жанашырлық сияқты адамгершілік құндылықтарды түсінулері үшін, бала кезден бастан олардың жүрегінде жылулықты қалыптастыру барысында ойластырылған. Сабақта оқушы өз бойына төмендегідей қасиеттерді сіңіреді. Міндеттері: • Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту; • Қамқорлық жасауға жетелеу; • Біреудің жанын өз жанындай түсіне білуге, өзіне жақын жандарды бағалай білуге, сүйе білуге, пейілі ақ болуға тәрбиелеу. Сабақ өзін -өзі тану пәнінің әдіс-тәсілдеріне сүйене отыра Кембридждік оқыту әдісінің модулдерін енгізу арқылы құрастырылған. Себебі балаға жүрек жылуын, басқа адам жеткізе алмайды, оқушы өзгені көре отыра өзінің-ішкі дүниесіне үңіле отыра өзі танып білуі керек. Сондықтан да Кембриждік өзін-өзі оқыту әдісі оқушылардың өмірде өз жолын тауып, кірпі болып қалануына себепші. Осылайша сынып екі топқа бөлінеді. Олар бір-біріне сезімдерін білдіреді. Сабақ қысқаша 9 кезеңге бөлінген. Әр кезең оқушы тапсырманы тиісті уақытта орындап, нақты жауапты дер кезінде дайындай білуі үшін және мұғалімнің уақытты үнемді пайдаланып, ауқымды материалды оқушыға толықтай жеткізе білуі үшін әр кезең уақыттарға бөлінген. 1-ші кезең-Тренинг. Бұл әдіс сыныптың атмосферасын қалыптастыру үшін берілген. Оқушылар тренинг арқылы бір-бірімен жақындасады, сынып лидерлері орташа балаларды шеттетпей, бәрі бірігіп, тату -тәтті жұмыс істейді. 2- Ассоциация: «Тас жүрек». Интерактивті тақтадан қарайған жүрек шығады. Бұл тапсырманы орындауды оқушылар тас жүректің не екенін, ондай адамдар қалай болатынын, ондай болмас үшін не істеу керектігін іздеп, тасжүректі жылыту үшін ойланып, өздері жүректеріндегі жылы сөздермен ватмандағы жүрекке жаным, ботам, құлыным,жұлдызым, құндызым т.б. жылы сөздер жазады. Ол сөздерді әр топ бір-біріне барып толықтырады. Сол жүректерін тақтаға апарып іліп қойды. Сол кезде тақтадағы жүрек жылынып, жарқырап, дүрсілдеп соға бастайды. Оқушылар қуана қол соқты. 3-ші кезең. Сұхбаттасу. Оқушыларға карточка таратылып беріледі. Әр топ өз топ іштерінен бір оқушыны репортер етіп сайлап келесі топтан сұхбат алады. Бұл диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізіп, өзінің ішкі сезімін, толғандырған мәселесін өз құрбысына ашылып айту арқылы жүрегіндегі жылулықты сезінеді. 4-кезең. Ой толғау.-Бұл кезеңде оқушылар кітаптағы мәтінмен жұмыс жүргізді. Мәтінде Абзалдың таяғын құлатып алған кездейсоқ әжейге қамқорлық жасап, көмек көрметкендігін талқылады. Осы уақытта оқушылар адамжүрегінде мейірімділік болмаса олар қайырымды бола алмайтындығы жайында әңгімеледі. Осы әңгімеден жүрекке жылу беретін сөздерді тақтадағы помтерлеріне апарып жапсырды. Осындай талқылау барысында оқушыларда аяныш сезім оянады. Сыни ойлауларын дамытады. 4-кезең. Ой Дәйексөз. Пікірталас «Табиғаттағы барлық жылу-күннен, Өмірдегі барлық жылу- адамнан.» (М.Пришвин) Осы айтылған ой туралы оқушылардың пікірін таласқа түсті. Олар күннің жылуы тірі табиғатқа нән берсе, Адамдардың жылуы өмірге, бүкіл дүние көркіне нәр беретіндігін жеткізе білді. 5-кезең: Тыныштық сәті. Сабақтың осы кезеңі оқушыларды қатты толғандырды,кейбір оқушылардың көзіне жас үйіріліп, аяныш сезімдері оянды. Бұл кезеңде «Ана жүрегі » деген бейнекөрілім көрсетілді. Оқушылар ананың баласына деген аналық махабатын, қамқорлығын, жұбанышын, мейірімін көре отыра, оған қарама-қайшы баласының анасына сеген қатыгездігін, қайырымсыздығын, жаны ашымайтынын көре отыра аяныш сезімдері оянып, ақ пен қараның ара жігін ажыратып, өз ойларын ортаға салып, өздерінің аналарына деген сезімдерін ашық айта білді. Сонан соң мына сөздерді бала жүрегіне жеткізуге тырыстым: «Жүрекке қаяу тигізбе, ол сенің маторың. Жүрек тоқтаса сен де өмір сүруіңді тоқтатасың. Ананың көңіліне қаяу салма, Жұмақ ананың табанының астында. Ол үшін де жауаптысың. » Осы бейнекөріністегі жаман қасиеттерді бір топ, жақсы қасиеттерді екінші топ теріп жазып, тақтадағы жүрекке орналастырды. Жүрекке жылу беретін сөздерді жүрек ортасына, қаяу түсіретін сөздерді жүрек сыртына орналастырды. 6- кезең. Күннің жылуы. Ватманға күннің суреті салынған. Оқушылар өздері жақсы көретін, өздерін сүйетін жақын жандарды осы күнге екі топ жазып шықты. 7-кезең. Сергіту сәтіндегі өлеңді қимыл-қозғалыс арқылы көрсетті. 8-кезең. Дәптермен жұмыс. Жүректен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық сөздері кімдерге, нелерге арналатынын суретке қарап бос торкөздерге жазды. 9- кезең. Оқушылар сабақтың басында жылытқан жүректерін жылы сөздерімен өз постерлерін қорғады. Бір-біріне жылы лебіздер білдіре отыра, біріне-бірі жүрекшелерін сыйға тартты. Осы сабақтан оқушылар өздерінің ішкі дүниесіне үңіліп, мейірімді, қайырымды, жанашыр, қамқоршыл болатындықтарын білдірді.

Талқылау Бала жүрегінде жылылық сезімді оятып, оларды сүйіспеншіліккке бала кезінен баулу,оған жақсылықты ұғындыру, жақын тарту қажет болып отыр. Балалар сүйіспеншілік, мейірімді іздейді. Оны көрмеген бала қатігез, тасжүрек болып өседі. Оған ананың меірімі, жақын адамдардың жүрек жылуы қажет. Қазіргі таңда балаларды компьютер, теледидардағы неше түрлі ойындар, фильмдер тәрбиелеп келеді. Ата - аналардың күнделікті күнкөрістен бала тәрбиесіне көңіл бөлулері жеткіліксіз. Жастайынан,яғни, оқушы жасынан қатігездікке түсіп жатқан балалар жүрек жылуын көрмеген, сезінбеген. Сондықтан өзін-өзі тану сабағы балалардың жан дүниесі үшін қажетті пәндердің бірі.

Өзін - өзі тану - 2 «а» сынып Сабақтың тақырыбы: «Жүрек жылуы» Сабақтың мақсаты: Оқушылар жағдаяттарды өздігінен шеше отырып, әңгімелердіталқылап, өз пікірлерін ортаға салып, өз жүректеріндегі мейірімділікті сезінеді, жүрек жылуын сезіне отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жанашырлық сияқты адамгершілік құндылықтарды түсінеді. Міндеттері:

  • Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
  • Қамқорлық жасауға жетелеу;
  • Біреудің жанын өз жанындай түсіне білуге, өзіне жақын жандарды бағалай білуге, сүйе білуге, пейілі ақ болуға тәрбиелеу
Өтілу барысы: Уақыты Әдіс-тәсілдер Тапсырмалар Оқушы әрекеті Сабақтың құрал - жабдықтары 3 мин. Тренинг Сыныптағы атмосфераны қалыптастыруда оқушыларды топқа бөлу. Әртүрлі түсті жарты жүрекшелер таратылып,сыңарын тауып алу ұсынылады. Әр оқушы өз сыңарын тауып, түстері бойынша екі топқа отырады.

Әр сыңар жүрек бір -біріне мына өлең шумағы арқылы өз сезімін білдіреді:

Жан-жағына нұр шашып,

Арайлап жарқын таң атса. Көгеріп өссе көк майса, Жүрегім жыли бастайды. Оралғанда сапардан,

Алдымнан жақы жан шықса.

Кездескенде достарым,

Жүрегім жыли бастайды. стикерлер 5 мин. Ассоциа-ция «Тас жүрек» Интерактивті тақтада қарайып қалған тас жүректің бейнесі көрсетіледі. Екі топқа тас жүректі жылы сөздермен жібіту тапсырмасына жүрек жапсырылған ватман таратылады.

Әр топтан бір оқушы екінші топқа апарып, олар қосатындарын жазақы, екі топ бірін-бірі толықтырып толықтырып болған соң ортаға апарып іледі. Сол кезде тақтадағы жүрекше жанады. АКТ қолдану,жүрек суреті, жүректің қағыс дыбысы 5 мин. Сұхбат-тасу.(интервью) 1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласың? 2.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді? Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма? Берілген сұрақтар карточкаларымен әр топтан бір оқушы репортер қызметін атқарып қарсылас топтан сұхбат алады. Карточкалармен диалог құру. 5 мин. Ой толғау «Жай ғана әжей» кітаптағы мәтінмен жұмыс. Қойылатын сұрақтар: 1.Сендер осындай оқиғаға тап болуларың мүмкін бе? 2.Бұл оқиғадан не үйрендің? 3.Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасың? Оқушылар мәтінді талдай отыра адамгершілік қасиеттерді ортаға салады. Оны өмірдегі жағдайаттармен байланыстырады. Өздерінің басынан өткен жағдайлары болса ашып айтады. Әңгімеден үйренген жүрекке жылу беретін сөздерді стикерге жазып, өз топтарының жүректеріне жапсырады. Сұрақтар слайдтан шығады. Сыни ойлау қабілетін туғызу 2 мин. Дәйексөз. Пікірта-лас «Табиғаттағы барлық жылу-күннен, Өмірдегі барлық жылу адамнан.» (М.Пришвин) Осы ойға оқушылардың пікірін тыңдау Әр топ талқыға салып, өз ойларын ортаға салады.

10 мин. Тыныш-тық сәті «Бала жүрегіне жылулық ана жүрегінен тарайды» бейнекөрініс көрсету.

Мына сөздерді оқушылардың жүрегіне жеткізе білу: «Жүрекке қаяу тигізбе, ол сенің маторың. Жүрек тоқтаса сен де өмір сүруіңді тоқтатасың. Ананың көңіліне қаяу салма, Жұмақ ананың табанының астында. Ол үшін де жауаптысың » Бейнекөріністі тамашалап болған соң оқушылар ананың балаға деген аналық жүрегінің сезімін, баланың анаға жасаған қиянатын талқылап, бір топ жақсы қасиеттерді теріп жазса, екінші топ жаман қасиеттерді теріп жазып тақтадағы жүрекке орналастырады. Жүрекке жылу әкелетін сөздерді жүректің әшәне, жүрекке қаяу тигізетін сөздерді жүректің сыртына орналастырады. АКТ Бейнекө-рініс 3 мин.

«Күннің жылуы» Ассоциа-ция

Мен және мені сүйетін адамдарКүннің бейнесіне өздері сүйетін адамдарды тізіп жазу. Екі топ та лртаға шығып күн бейнеленген ватманға қздерін сүйетін,өздері бағалайтын адамдарды жазады.













Ватман, маркер 2 мин,

Сергіту сәті Оқушылар өлеңді қимылмен көрсетіп тұрады. Анаң-күнің жүрегің, Әкең-өмір тірегің. Әжең-асыл ардағың, Ағаң қамқор асқарың. Інің-мөлдір аспаның, Қарындасың-қанатың. Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.

5 мин.

Дәптер-мен жұмыс Жүректен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық сөздері кімдерге, нелерге арналатынын суретке қарап бос торкөздерге жазу. Бергілген тапсырманы дәптерге орындайды.

5 мин.

Жүректен жүрекке Оқушылар сабақтың басында жылытқан жүректерін жылы сөздерімен өз постерлерін қорғайды. Бір-біріне жылы лебіздер білдіре отыра біріне-бірі жүрекшелерін сыйға тартады. ОҮБ Оқыту үшін бағалау






© 2010-2022