Урок на тему: Желкенді қайық

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Желкенді қайықтың үлгісін жасау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: мұғалімнің кіріспе сөзі; қағаздың түрлі сорттарымен таныстыру; еңбекке баулу сабағының маңызымен таныстыру. Дамытушылық мақсаты: қайшының және желім жаққыштың құрылысымен, атқаратын қызметімен таныстыру; қайшымен жұмыс істеудің әдісін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: балалардың қайшымен жұмыс істеуі (сызық бойымен тілікше қию) бақылау, әдемілікке, әсемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Сабақ басталмас бұрын мұғалім балаларға балық аулау кәсібі өте ерте кезде басталғаны жайында айтады. Адамдар теңізде жүзе алатып мықты кемелер жасап, балық пен теңіз аңдарып аулады. Олар сол кемелермен саяхат жасап, географиялық жаңалықтар ашты.

Бұдан кейіп мұғалім балалардан адамдардың суда қалай, немен жүзетіні жайындағы білгендерін сұрайды. Балалар өздері білетін линкор, крейсер т. б. кеме түрлерін атайды.

Қазір теңіз, мұхиттарда ірі жануарларды аулайтып алып флоттар да ұйымдастырылған. Олар ең жаңа техникамен және аулау құралдарымен жарақталған.

Оқушылар мұндай суда жүзетін үлгілерді ынтамен жасайды. Сөйтіп олардың суда жүзетін транспортқа қызығушылығы артады.

Мұғалім балаларға қайық, шлюпка, байдарқалар ескектің, жел және двигательдің көмегімен жүзетінін айтады.

Алып кемелер мен пароходтардың бортында қуатты бу машиналары бар. Кейінгі жылдары двигательдері атом энергиясының қуатымен істейтін мұз жарғыш кеме, сүңгуір қайықтар шықты.

Сабаққа қажетті материалдар: қатырма қағаз, қағаз, діңгек.

Сабақтың барысы: Желкенді қайық, катамаранның үлгілерін көрсету. Сабаққа керекті материалдарды даярлау. Жұмыс орнын дайындау. Оң қолмен ұстайтын құралдар оң жаққа, сол қолмен ұстайтын құралдар сол жаққа қойылады. Қайшы жеке қойылады. Желім, қайшымен жұмыс істей білу тәртібін қайталайды. Жұмысты жақсы, ұйымдасқан түрде атқару үшін әр затты өз орнына қою керек.

Мұғалімнің басшылығымен балалар қағазға қайықтың бөлшектерін сызып, оны қияды, соңынан ретімен желімдейді. Жұмыс кезінде қайшыны қозғалтпай ұстап, сол қолмен қиылатын қағазды жылжытып отырады. Сызық жақсы көрінуі тиіс. Қиындылар қорапқа түсуі керек. Қайшыны біреуге бергенде, оны сабы жағымен ұсыну керек. Жұмыс орнын таза ұстау ескертіледі.

Балалар даяр үлгімен (шаблонмен) жүмыс істеу әдісімен танысады. Үлгі қағаз үстіне сол қолмен басылып, айналасы қарындашпен сызылады. Мұны мұғалім өзі сызып көрсетеді.

Қайық діңгегін жасауға ағаш жаңқалары немесе қағаз алынады. Қағазды екі қабаттайды. Діңгектің ұшы қайықтың түбіне тегіс тиетіндей етіп қиылады. Желкен үлгі бойынша дайындалып, екі шеті діңгекке кигізілетіндей ойылады. Қағаз тіліп, діңгекке кигізіледі. Дайын болған қайық үлгісі су өтпеу үшін майлы бояумен боялады. Суда орнықты болу үшін, қайықтың бортына аздап құм салады. Суға жібергенде ол аударылмайды.

Оқушылар екінші сабақта қайық корпусын сызба бойынша өз беттерінше дайындайды. Өлшемдерін өздері тауып, үлгінің жеке бөліктерін анықтайды, қажетті материалдарды таңдап алады. Бұл сабақта оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беруге болады.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Дастарқан басында өзіңді қалай ұстау керек? Сабақтың мақсаты: Білімділік: дастарқан басында өзің дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру; Дамытушылық: оқушылардың ой - өрістерін,сөздік қорларын дамыту; Тәрбиелік: қонақжайлылықа тәрбиелеу; Көрнекілігі: ыдыстар

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,жұппен жұмыс,қызығушылықтарын ояту т.б.; Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткенді қайталау -Тісті не үшін тазалайды? -Тазаланбаған тіске не тұрып қалады? (Нәл) -Нәлдің құрамында не бар? (Тамақ қалдығы, микроб) -Тістің арасына не тұрып қалады? (Тамақ қалдығы) -Тіс арасы таза болу үшін не істеу керек? -Тісті немен тазалаймыз? -Тісті күніне неше рет тазалау керек?

мазмұнын сұрау

ІІІ. Жаңа тақырып 1.Психологиялық дайындық. -Аулада ойнап жүрдің не кітап оқып отыр едің. Анаң түскі асқа шақырды.Бірден дастарқан басына отырасың ба, не істейсің? - Қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақта нені әңгіме етеміз?

Оқулықпен жұмыс

1.Кезекпен оқыту

2.Мәтінді оқып беру

3.Сұрақтарға жауап

Жағдаят шешу.

1-жағдаят.

Сен досыңның үйіне қонаққа келдің. Сені ауызғы бөлмеде оның анасы қарсы алды. Сен өзіңді қалай ұстайсың?

2-жағдаят.

Сені дастарқан басына шақырды. Сен өзіңді қалай ұстайсың?

Дәптермен жұмыс

Дастарқан басында өзін-өзі ұстай білу ережелерін құрастырып жазады.

Дид. ойын: «Біз қонаққа барамыз»

Шарты: бірнеше топқа бөлу.

1-топ- сыйлықтар жасайды.

2-топ. - дастарқан жаяды.

3-топ. -қонақ қарсы алады

4-топ - қонақтар

5- топ.- үй иелері.

Ойын барысында сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлінеді.

«Тамақ алыңыз», «Ғафу етіңіз», «Өте дәмді», «Әперіп жіберіңізші»,

Ойын ойнап, ән айтылады

Қайтарда: «Отырыс көңілді өтті», «Сау болыңыз»

ІҮ.Қорытынды

Ү.Бағалау

Үйге тапсырма: мазмұны.


© 2010-2022