Әдебиеттік оқу Т. Жароков Күз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу Т.Жароков КүзӘдебиеттік оқу Т.Жароков КүзӘдебиеттік оқу Т.Жароков КүзӘдебиеттік оқу Т.Жароков КүзӘдебиеттік оқу Т.Жароков КүзӘдебиеттік оқу Т.Жароков КүзӘдебиеттік оқу Т.Жароков КүзӘдебиеттік оқу Т.Жароков КүзӘдебиеттік оқу Т.Жароков КүзӘдебиеттік оқу Т.Жароков КүзПәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Т.Жароков Күз

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1) Білімділік: күз мезгілінің ерекшелігі, істелінетін жұмыстар жайында, молшылық туралы түсініктерін кеңейту .

2) Дамытушылық: өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға, ізденуге дағдыландыру. Дүние танымын кеңейту

3) Тәрбиелік: еңбекшіл болуға , кәсіптік бағдар беру . Патриоттық тәрбие беру .

Көрнекілігі: күзге байланысты жасалған слайдтар .

Сабақ түрі: деңгейлеп оқыту

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.

  • Қазір қай мезгіл?

2. Топқа бөлу : «Шашылған әріптер» ойынын ойнату. ( Әр топ басшысы шашылған әріптерден өз тобының атын жинақтап шығады)

1- топ: «Береке күз» 2-топ : «Алтын күз» 3-топ : «Қара күз»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Үйге не берілді ?

  • «Күз» әңгімесін оқып , түсінік айту .

  • Бұл әңгімені кім жазды ?

  • Міржақып Дулатов

Шығармашылық жұмыс:

  1. топ: Күз мезгілін салып келу

  2. топ: « Күз» туралы өлеңдер жаттап келу

  3. топ : «Киіз үйдің кереметі » тақырыпта эссе жазып келу

Шығармашылық тапсырмалардың орындалуын тексеру

1-топ : «Күз» тақырыбындағы суреттерін

көрсетеді .

2-топ : «Күз» атты тақырыпта жаттап келген өлеңдерін айтып береді .

3-топ : «Киіз үйдің кереметі » тақырыпта жазып келген эсселерін оқып береді .


Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

  1. Жұмбақ шешу

Жиын терін болатын ,

Қамбаға астық толатын .

«Қызыл қырман » ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың ? «Күз мезгілі »

  1. Топтастыру «Күз мезгілі қандай болады ?»

Молшылық

Егін орады

Күз мезгілі

Жапырақтар сарғаяды

Күн суытады

Жаңбыр жауады

Құстар жылы жаққа кетеді

күн қысқарады

Түн ұзарады

3. Тайыр Жароковтың өмірі және шығармаларымен таныстыру .

Әдебиеттік оқу Т.Жароков Күз

Тайыр Жароков- ақын , аудармашы ,майдангер .

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы

Жетісай ауылында дүниеге келген .

Алғашқы өлең жинағы «Жұлдыз жарығы » ,

деген атпен басылып шықты . «Тасқын » ,

«Тастағы жазу » , «Құмдағы дауыл» деген

сияқты кітаптары жарық көрген . Көптеген

туындыларды аударды .



  1. Үнтаспадан Т.Жароковтың «Күз» өлеңін тыңдау .

Бұл өлеңді кім жазды ? Қалай аталады ?

  1. Поэзия минуты

Т.Жароковтың «Күз» өлеңін мәнерлеп оқу.



  1. Өлеңнің әр шумағын оқытып , шумақтың мазмұнын ашу .

- 1- шумақта не туралы айтылған ? - Аспанда бұлт , жаңбыр жауды ,тамщы күміс

моншаққа ұқсайды

- 2- шумақта не туралы айтылған ? -Қайың ,терек тің жапырақтары сарғаып , жерге

түсіп, шашылып жатыр ,жел үрсе қалтырайды .

- 3- шумақта не туралы айтылған ? - Жемістер балбырап пісіп тұр . Піскен алма

албырап ,өзіне көз тартады

- 4- шумақта не туралы айтылыпты? - Беті күнге күйген балалар асыр салып ойнап

жүр. Анасындай болған мектебі қоңырауы

сылдырлап. балаларды оқуға шақыруда .

- Күзде неге жапырақтар түседі ?



  1. Дарынды оқушылардың зерттеу жұмысы «Күзде жапырақ неге сарғаяды?»
    Жапырақтың түсі неге жасыл? Себебі жапырақта оған жасыл түс беретін, «хлорофилл» деп аталатын заттар бар. Осы хлорофилл затында күн қуатының (жылуының) қатысуымен тамырдан келген су мен ауадан қант, крахмал сияқты аса маңызды қоректік зат түзіледі.

Салқын түскен кезде жапырақтағы хлорофилл жойылады. Оған себеп - күн көзі қызуының азаюы. Жапырақтар бозарады, қурап сарғаяды.

Жапырақта басқа да түстер шығаратын заттар бар. Жасыл бояу басым болған кезде олар көрінбей қалады. Жасыл бояу азайғанда олар айқын көрінеді. Сөйтіп, жапырақ сап-сары, қып-қызыл түске еніп, қурап түсе бастайды. Мұндай құбылыс күзде болады.


8. Оқулықпен жұмыс

1. Тізбектей оқыту .

2. Жалғасын тап : Мақалды аяқта

Еңбек етсең ................ (емерсің)

Еңбек етсең ерінбей ,

...................................(Тояды қарын тіленбей )

Еңбектің наны тәтті ,

......................................(Жалқаудың жаны тәтті )



  1. Суретке мәтін құрату

Әдебиеттік оқу Т.Жароков Күз



  1. . Дәптермен жұмыс . Мына сөздердің ішінде қай сөз артық ?

Қоңыр күз , алтын күз , берекелі күз , жемісті күз , бәйшешекті күз , салқын күз, қара күз .


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Венн диаграммасы :

Жаз Күз

Жыл мезгілі

Үш айдан тұрады . Жемістер піседі

Түн ұзақ,күн қысқа .Құстар жылы жаққа кетеді .Молшылыық болады . Мектепке барамыз

Күн ұзақ ,түн қысқа. Күн ыстық

Демаласың

Шөп орады

Қорытынды :

  • Балалар бүгін біз не өттік ?

  • «Күз » өлеңін кім жазды ?

  • Тайыр Жароков кім ?


Үйге тапсырма

Мазмұндау


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Оқушыларға екі түрлі смайликтер Оқушыларға екі түрлі смайликтер таратылады. Сабақ соңында алған әсерлерін смайлик арқылы көрсетеді.таратылады. Сабақ соңында алған әсерлерін смайлик арқылы көрсетеді.Оқушыларға екі түрлі смайликтер таратылады. Сабақ соңында алған әсерлерін смайлик арқылы көрсетеді.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022