Түбір мен қосымша

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша

Сабақтың мақсаты: 1. Түбір мен қосымша туралы алғашқы түсінік беру. Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету. 2. Байланыстырып сөйлеу және сауатты жазу дағдысын дамыту. 3. Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу

Барысы: І. Ұйымдастыру кезең.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

1.Психологиялық дайындық:

  • Бүгінгі біздің сабағымыз қалай өтсін деп ойлайсыңдар?

  • Ол үшін не істеуіміз керек?

ІІ. Негізгі бөлім.

-Бүгін сендердің қазақ тілі сабағ ы ерекше. Өйткені сендердің білімдеріңді бағалауға қонақтар келіп отыр.

1. Сабақтың тақырыбын ашу.

-Бізде бүгін жаңа сабақ болады. Тақырыбымыз Түбір мен қосымша.

2. Дәптермен жұмыс

Олай болса бүгінгі күнді жазып қоямыз. Көркем жазу минуты.

3. Ойындық ситуация

-Балалар, бүгін біз сабағымызда «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз. Бірақ алтын қақпаға жету үшін тас қақапа мен күміс қақпадан өтуіміз керек. Әр қақпаның өз иесі бар екен. Егер алтын қақпаға жетсек, бізді бір тосын сыйлық күтіп тұр. Сыйлық алғыларың келе ме? Олай болса кірісейік.

- Ең алдымен біз тас қақпаны ашуымыз керек. Тас қақпаның тапсырмасын орындауымыз керек. Ол бізге мынадай тапсырма беріпті: оқулықтың 101 беттегі 305-жаттығуды орындау. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Қараман жазылған сөздерді салыстырып, мағынасын ашу.

4. Жаңа сабақ

-Балалар, әр сөздің мағынасын ажырата отырып не байқадыңдар? (Әр сөзге жалғанған қосымшалар арқылы мағыналары өзгереді)

-Дұрыс. Ал сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз. Мысалы: күріш, көк, доп. Түбір сөзге мысал келтіріңдерші.

-Дұрыс. Ал енді түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз. Мысалы: күріштің, қобызшы, өрікті. Күрішті деген сөздің түбірі күріш, ал -тің - қосымша. Қобызшы деген сөздің түбірі қобыз, -шы қосымша.

5. Жаңа сабақты бекіту

-ЖақсыТас қақпаны ашу үшін осы тапсырманы орындадық. Енді тас қақпаның есігін айқара ашып, ары қарай баруға бет бұрайық.

-Сөйтіп біз күміс қақпаға да жеттік. Күміс қақпаның иесі кім екен? Аю. Дұрыс, аюдың екі тапсырмасы бар екен. Бірінші тапсырмасы оқулықтағы 306 жаттығуға көңіл бөлейік. ( жаттығуды орындау, бір бала тақтаға шығады, қалғандары дәптерге жазады). Енді аюмен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Грамматикалық арифметика»

Оқушы-шы+лық=оқулық

Доп-п+с+тық=достық

Орда-да+ман+шы=орманшы

Мал-л+й+лы=майлы

Қайық-ық+шы+лық=қайшылық

-Шыққан сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.

-Ал, балалар, біз аюдың да тапсырмасын орындап, күміс қақпаның кілтін алдық

-Сөйтіп, балалар, біз алтын қақпаға да жеттік. Алтын қақпаның иесі аң патшасы арыстан екен. Арыстан бізге қиынырақ тапсырма даярлапты.Осы тапсырмаларды орындасақ алтын кілтке ие боламыз. Арыстан өзінің сыңар қолғаптарын шатастырып алыпты. Оларды табуға көмектесейік.

«Қолғаптың сыңарын табу» Шарты: тақтаға әр түрлі пішіндегі қолғаптар ілінеді. Қолғаптың артындағы тапсырмаларды орындайды.

307-жаттығу

Ребус шешу шыққан сөздерден сөйлем құру (ауызша)

ІІІ. Қорытынды

  • - Біз бүгін сабақта не өттік

  • Ойын: «Үндемес» Мұғалім сөз айтады. Егер сөз түбір болса бір рет шапалақтайды, қосымшалы болса екі рет шапалақтайды

  • Сендерге сабақ ұнады ма?

  • Сабақ ұнаса алдарындағы дөңгелектің ішіне мынадай қылып салыңдар 

  • Сабақ ұнамаса мынадай қылып салыңдар 

  • Бағалау

  • Үйге 258-жаттығу


© 2010-2022