Внеклассное мероприятие на тему Менің отбасым

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АУЛА КЛУБЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГККП «ДВОРОВЫЙ КЛУБ АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ

АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ»


Отбасы-алтын діңгегі











Макенова Б.Н.




қырыбы: Отбасы - алтын діңгек!
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар, слайдтар
Әдісі: ой бөлісу, топтық жұмыс, пікір алмасу
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Қонақтармен сәлемдесу
ә) Оқушылардың орналасуын қадағалау
2. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыпқа сай кіріспе сөз сөйлеу
Мұғалім: "Ана - сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың" дейді қазақта.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
"Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек"
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?!
Бүгін «Жанұядан артық не бар?» тақырыбында Отбасы мерекесіне арналған акция шеңберінде! Отбасы - алтын діңгек!
атты шағын шарамызға қош келдіңіздер!
Ендеше "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік.

1 оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"
2 оқушы: Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі - әке өзіңсің".
3 оқушы: Дулат Бабатайұлы: "Ата - ана ақылы¬ қазылған қара кенмен тең".
4 оқушы: Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"
5 оқушы: Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".
6 оқушы: Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".
7 оқушы: Ғабит Мусірепов: "Ана - бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".
8 оқушы: Ғабиден Мұстафин: "Балаға сіңірген ата - ананьщ еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле - өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат".
Хор « Ана туралы жыр»( сынып оқушылары)
9 оқушы: - Ұл - қыз ата - анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата - ананың ұл - қызы болып өседі.
10 оқушы: - Ата - ананы сыйлау - сәби шағында олар өзіңді қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялау керек.
11 оқушы: - Ата - ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
12оқушы: - Ата - анасын ұмытқан бала - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
13 оқушы: - Ата - ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмейді.
14оқушы: - Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңыздар, ол - қорлық.
15 оқушы - Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата - анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас - туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың. Ана - жарық дүниеге әкелушің.
2. Топтарға тапсырмалар:
Ата - аналарға: мақалды аяқтау керек
Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар).
Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без).
Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер).
Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар).
Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).
"Бала тегіне тартады" дейді қазақ халқы. Сіз мұны қалай түсінесіз?
Балаларға:
Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).
Күлме досыңа…(келер басыңа).
Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).
Ауру қалса да… (әдет қалмайды).
Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).
Балаларға:
1. Әкенің туған күні, айы, жылы
2. Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Әкенің ізгі қасиеттері
4. Әкенің пікірі сен үшін?
5. Әкең саған айтатын үйдегі тұрақты міндеттерін?
3. Оралхан мен Ұлпан жүрекжарды өлең жолдарымен
4. Ойын « Менің балам(қызым) балдай!» (Көзді байлап өз баласын көптің ішінен табу)
5.« Мен ата - анаммен мақтанамын!» атты слайдтар мен фотосуреттер
6. Ата - аналар мен балалар бірігіп « 8а» деп аталатын ертегімен тілек білдіріп аяқтайды.
Мұғалім:
1 - жүргізуші: Келе ғой ботақаным өзіме деп,
Анам кеп сипағанда шашымды жәй.
Күйімді кешсеңдер - ау сол кездегі
Әкемнің маңдайымнан өпкен кезі - ай.

2 - жүргізуші: Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені.

Құрметті ата - аналар, оқушылар!
Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымның атынан тек жақсылық тілеймін!
Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмамдаймын. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!



© 2010-2022