Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Алғы сөз 1-ші сынып оқушыларына арналған "Қызықты математика" атты факультатив сабағының жоспарын ұсынып отырмыз. 12 жылдық білім беруге көшудегі білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігінде жетілдірудегі игі мақсаттардан туындап отыр. Факультатив сабақтың негізгі мақсаты: оқушының ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы білімдерін қалыптастыру. Бағдарламада 10 көлеміндегі сандарды, кестелік қосу, азайту, теңдік, теңсіздік, сөз есеп шығару сияқты тақырыптар қамтылған. Берілген жаттығулар оқушының жас ерекшелігі мен қабілеттілігіне сәйкес құрылған. Ұсынылған тапсырмалар математика сабағынан алған білімдерін тексеруге, оны толықтыруға, оқушының оқуға деген жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Тапсырмадағы тірек сызбалар ұсынылып, оқушының өтілген тақырыпты игеруін, пысықтауын, ой қорытуын жеңілдетеді. Математика пәні шыдымдылықты, зеректілікті және еңбексүйгіштікті талап етеді. Бұл бағдарлма оқу материалын есепке алынып жасалынды. Ұсынылып отырған бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдеріне қажетті, тиімді болатыны сөзсіз.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Математикалық ұғымдар мен іс - әрекет тәсілдерін оқып үйрету және білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: - Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту; - Ауызша және жазбаша кестелік қосу, азайтуды үйрету; - Кестелер, тірек сызбалар арқылы жұмыс істеуді меңгерту; - Шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың логикалық ойын дамыту;

Бағдарламаны оқудағы білім, білік дағдылары Білу: - Заттарды санай білу; - Қайсысы артық немесе кем екенін айта білу; - Заттар тобын көз мөлшермен санау арқылы және сәйкестендіру арқылы салыстырту; - Геометриялық фигуралардың атауларын білу; - Есепті шеше білу; - Логикалық тапсырмалармен жұмыс жасай алу; Қолдана алу: - ауызша және жазбаша есептеуді талдау ; - өз бетінше есептің қысқаша шартын жазу; - математикалық терминдерді қолдана алу; - геометриялық фигураларды ажырату

Күтілетін нәтиже: - Бағдарламаны оқыту барысында заттарды санауды игеру; - Қосу, азайтуды, жазуды, оқуды, салыстыра отырып талдау; - Геометриыялық фигураларды бір - бірінен ажырату; - Қосу мен азайтудың қасиеттерін дәлелдеу; - Логикалық есептерді шешудің жолын табу;

Бағдарламаның мазмұны Қарапайым түсініктер (6 сағат) Математика курсының негізгі обьектісі сан және олармен орындалатын арифметикалық амалдарды оқытып үйретуге арнайы және жүйелі дайындық жұмысы жүргізіледі. 1 - 10 көлеміндегі сандар (2 сағат) Оқытып үйретудің маңызды міндеті - сан және цифр жайында түсінік қалыптастыру, осыған орай сандардың атауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру. Санның атауын оқушылар естиді және айтады, ал цифрды көреді және жазады. Жаңа санды бұрыннан белгілі сандармен салыстыру, ең кіші бір таңбалы және ең үлкен бір таңбалы санды анықтау; Қайталау (1 сағат) Оқытудың негізгі нәтижелерін тиянақтап, бекіте түседі және олардың қай деңгейде игерілгендігін анықтауды жүзеге асырады;

Сандар әлемі туралы ертегі (2 сағат) Оқушылардың ой қиялын шығармашылығын дамыту; Өз қиялынан оқиғалар құрастыруға бейімдеу; Санамақтар (1 сағат) Санамақтар арқылы оқушылардың тілдерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру; Ойлан, тап (1 сағат) Баланың қызығушылығын, ынтасы мен ықыласын туғызып белсенділігін арттырады; Қосу, азайтуға байланысты көңілді есептер (2 сағат) Ойын элементтері мен қызықты ізденіс сәттерін тиімді қолдану қажеттігін туғызу, өзіндік іс - әрекетке, ақыл ойының дамуына түрткі болады; Қайталау сабағы (1 сағат) Қорытындыны нәтижесі - іс әрекет жасауға жаттығу; Геометриялық фигуралар сыр шертеді (3 сағат) Заттың пішінін бағамдау геометриялық фигураларды ажыратуға, бөліктерге бөлу, бөліктерден фигура құрау, топтау көзделінеді; Жұмбақ есептер (3 сағат) Жұмбақ есептер арқылы қызықтырып, зейінін қалыптастыру; Өрнектер (3 сағат) Санды өрнектер мен әріпті өрнектерді ажырату, есептеуге машықтандыру; Қайталау (1 сағат) Логикалық есептер (3 сағат) Есеп ұғымының бір мәнді белгісін оқушыларға аңғартатын жұмыс түріне жатады. Сурет бойынша әңгіме құрастырып үйренеді; Он көлеміндегі сандарды қосу, азайту (2 сағат) Ауызша қосып, азайтуға машықтандыру; Геометриялық фигура (2 сағат) Әр алуан практикалық жұмыстарды орындауға негізделеді; Қайталау (1 сағат)

Математика факультатив

«Математика әлемі»

Реттік №

Тоқсан бойынша №

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

І - тоқсан ( 9 сағ)

1

1

Қарапайым түсініктер

1

2

2

Қарапайым түсініктер

1

3

3

Қарапайым түсініктер

1

4

4

Мөлшер және сан

1

5

5

Мөлшер және сан

1

6

6

Мөлшер және сан

1

7

7

1 - 10 көлеміндегі сандар

1

8

8

1 - 10 көлеміндегі сандар

1

9

9

Қайталау сабағы

1

ІІ - тоқсан (7 сағ)

10

1

Сандар әлемі туралы ертегі

1

11

2

Сандар әлемі туралы ертегі

1

12

3

Санамақтар

1

13

4

Ойлан, тап

1

14

5

Қосу, азайтуға байланысты көңілді есептер

1

15

6

Қосу, азайтуға байланысты көңілді есептер

1

16

7

Қайталау сабағы (16 - сабақ)

1

ІІІ - тоқсан (10 сағ)

17

1

Геометриялық фигуралар сыр шертеді

1

18

2

Геометриялық фигуралар сыр шертеді

1

19

3

Геометриялық фигуралар сыр шертеді

1

20

4

Жұмбақ есептер

1

21

5

Жұмбақ есептер

1

22

6

Жұмбақ есептер

1

23

7

Өрнектер

1

24

8

Өрнектер

1

25

9

Қайталау

1

ІҮ - тоқсан (8 сағ)

26

1

Логикалық есептер

1

27

2

Логикалық есептер

1

28

3

Логикалық есептер

1

29

4

Он көлеміндегі сандарды қосу, азайту

1

30

5

Он көлеміндегі сандарды қосу, азайту

1

31

6

Геометриялық фигура

1

32

7

Геометриялық фигура

1

33

8

Қайталау (34 сабақ)

1

І - тоқсан

І Қарапайым түсініктер Күні: 06.09.2014ж Пәні:математика Тақырыбы: «Заттарды санау»

Мақсаты:

Оқушыларға жалпы сандарды естеріне түсіре отырып, санауғадағдыландыру.

1 - тапсырма

Суретте қанша екі санын барын есепте.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

2 - тапсырма

Қабырғаның қара бөліктеріне қанша кірпіш жетпейтінін сана және жаз.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

3 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Көбін көк түспен, азын қызыл түспен бояҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Шығармашылық жұмыстар.

Сабақты қорытындылау.

2 - сабақ «Заттарды салыстыру»

4 - тапсырма

Санды салыстыр және теңестіріп сал

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

5 - тапсырма

Шайнек қанша болса, сонша кесе сал

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

6 - тапсырма

Аз ба? Көп пе?

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

7 - тапсырма

Заттарды салыстыр

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

3 - сабақ «Біріктіру және бөліп алу»

1-тапсырма

Осы 5 бөліктің қайсысы дөңгелекті толықтырады?

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

2-тапсырма

Қаншаға артық? Қаншаға кем?

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

3-тапсырма Біріктіру ме ? Бөліп алу ма?

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

К«Мөлшер және сан»

1 - тапсырма

Аптаның алғашқы күнін ата.

Ғарышқа тұңғыш ұшқан кім?

Жыл басына келетін бірінші ай қандай?

2 - тапсырма

Сенің денеңде екі-екіден кездесетін қандай мүшелер бар ата.

3 - тапсырма

Екі екіден тұрған затты тап.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Күні: 4. 10.2014ж

Сыныбы:1

Пәні: математика (факультатив)

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жалпы сандарды естеріне түсіре отырып, сануға дағдыландыру.

1 - тапсырма

Аяз атаның қырау басқан ақ сақалының арасында төр саны байланып, шатысып қалды. Суретті бояп, сандарды жаз.

2 - тапсырма

Екі, алты, тоғыз сандарының көршілерін ата және жаз.

3 - тапсырма

Әжеміздің үш немере қызы бар. Гүлнар Сәуледен үлкен, бірақ Айнұрдан кіші. Қыздардың қайсысы Сәуле, қайсысы Айнұр, қайсысы Гүлнар екенін ажырат.

4 - тапсырма

Нелерде алты аяқ болады? Қандай көліктің алты дөңгелегі бар?

5 - тапсырма

Кемпірқосақтың жеті түсін боя.

6 - тапсырма

Жеті саны өмір сүретін ертегілерді есіңе түсір.

7 - тапсырма

Жеті атаңды атап бер.

Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесің? 8 - тапсырма

Сурет бойынша заттардың бағытын айт

Жоғары , төмен оң жақ, сол жақ.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Шығармашылық жұмыстар

Сабақты қорытындылау.

Күні: 11.10.2014ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Тақырыбы: «Мөлшер және сан»

Мақсаты:

Оқушыларды сандарды бір-біріне қосуға, бір-бірінен азайтуға дағдыландыру.

1-тапсырма:

1+2=3 5+4=9

4+5=9 6+2=8

5-4=1 9-7=2

4-3=1 8-4=4

9-4=5 6+4=10

2-тапсырма:

Салыстыр:

3>2 6<8

8<5 10=10

9=9 7>9

8>10 2<5

10=10 7>4

Шығармашылық жұмыстар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 18.10.2014ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Тақырыбы: «1 - 10 көлеміндегі сандар»

Мақсаьы:

Оқушыларға сандар туралы білімдерін қалыптастыру, сандарды есептеуге, санауға үйрету.

1 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

2 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

3 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Шығармашылық жұмыстар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 25.10.2014ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Тақырыбы: «1-10 көлеміндегі сандар»

Мақсаты:

Сандарды естеріне түсіру, қайталауға, рет-ретімен санауға дағдыландыру.

1 - тапсырма Бағдаршам

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

2 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

3 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Шығармашылық жұмыстар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 1.11.2014ж

Сыныбы: 1

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты:

1-ден 10-ға дейінгі сандарды естеріне түсіру, 10-ға дейінгі сандарды есептеуге арналған есептерді шығару.

1-тапсырма:

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

2-тапсырма:

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

3-тапсырма:

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Шығармашылық жұмыстар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 15.11.2014ж Сыныбы: 1 Тақырыбы: «Сандар әлемі туралы ертегі» Мақсаты: Оқушыларға дециметр туралы түсініктерін қалыптастыру. Дециметр арқылы есептер шығару.

1 - тапсырма

«Қу түлкі» Шал балықтарды көп етіп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады. Қуанғанынан шал кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып жүріп кетеді.Жолда түлкі 1 мин 1 балық, 2 мин 2 балық, т.с.с. бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 мин ол барлық балықты лақтырады. Сонда түлкі барлығы неше балық лақтырған? Жауабы:1+2+4+8+16+32+64=127 БАЛЫҚ
2-тапсырма Салыстыру:
3дм*4дм 8дм*4дм 5дм*4дм 7дм*2дм 8дм*6дм 2дм*4дм 7дм*9дм 3дм*3дм 1дм*1дм 1дм*6дм

Шығармашылық жұмыстар. Сабақты қорытындылау.

Күні: 22.11.2014ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Тақырыбы: «Сандар әлемі туралы ертегі »

Мақсаты: Сандарды рет-ретмен және кему ретімен санауға дағдыландыру.

1 - тапсырма

«Түлкі мен Қасқыр» Түлкі мен қасқыр екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады: мен математикаға нашармын, балықты сен бөл дейді, түлкіге. Сонда түлкі: саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында өзіне 20 балықты салады. Кім көп алды және қанша артық алды? Жауабы: Қасқыр: 1,3,5,7,9,11,13,15,17,19-100

Түлкі:2,4,6,8,10,12,14,16,18,20-110

Сандарға байланысты өз ойыңнан ертегі құрастырып көр.

Шығармашылық жұмыстар. Сабақты қортындылау.

Күні: 29.11.2014ж Сыныбы: 1 Пәні: математика (факультатив) Тақырыбы: «Санамақтар» Мақсаты: Оқушыларға санамақ туралы түсініктерін қалыптастыру. Сандар туралы қосымша мәлімет беру.
1 - тапсырма

«Санамақ»

Цифрлар сыры

«Бір» дегенім - бала,

Анасына еркелейтін дана.

«Екі» дегенім - ескек,

Ұстатты атам «Ес!» - деп.

«Үш» дегенім - үйрек,

Көлде жүзер билеп.

«Төрт» дегенім - тас,

Әрдайым іш ас.

«Бес» дегенім - білім,

Білімді бол інім.

Өз ойыңнан санамақ құрастыр.

Шығармашылық жұмыстар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 6.12.2014ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Тақырыбы: Ойлан тап

Мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша қайталап шығу.

1 - тапсырма «Ойлан, тап»

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

2-тапсырма Мыстан кемпір қай үйде тұратынын тексеріп көр.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

3 - тапсырма

Мына көңілді құлыншақты қағаздан қарындашты алмай сызып шық

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Шығармашылық жұмыстар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 13.12.2014ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Тақырыбы: Қосуға, азайтуға арналған көңілді есептер

Мақсаты:

Оқушыларды қосу және азайту амалдарына берілген есептерді, жылдам әрі тез шығаруды қалыптастыру.

1 - тапсырма

Сегіз тауық,

Шетінен семіз тауық.

Жиырма шіби ертіп жүр «егіз тауып»

2 - тапсырма

Қасқырдың баласы

Бір қасқыр балаларына

  • Сен айға бар,

  • Сен қойға бар,

  • Сен қиырға бар,

- Сен сиырға бар.

  • Сен түйеге бар,

  • Сен биеге бар.

  • Сен бұлаққа бар,

  • Сен лаққа бар, - деп бұйырыпты.

Қасқырдың қанша баласы

Бар екен, тез санашы?

Шығармашылық жұмыстар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 20.12.2014ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Тақырыбы: Қосуға, азайтуға байланысты көңілді есептер

Мақсаты:

Оқушыларды қосу және азайту амалдарына берілген есептерді, жылдам әрі тез шығаруды қалыптастыру.

1 - тапсырма

Алмұрт

Жанат пен Санат баққа келді,

Бақтан алмұр терді.

Тоғыз алмұртты Досанға берді,

Он үш алмұртты Оспанға берді.

Екеуі бірігіп, қанша алмұрт терді?

2- тапсырма

Мысық

Бір мысықтың көп

баласы бар екен:

Алтауы ақ екен,

Төртеуі қара екен,

Мысықтың неше баласы бар екен?

Шығармашылық жұмыстар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 27.12.2014ж

Сыныбы: 1

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты:

Оқушыларды осы уақытқа дейін алған білімдерін қайталап шығу.

1-тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

2-тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

3-тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Шығармашылық жұмыстар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 10.01.2015ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар сыр шертеді

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар геометриялық фугаларды бір-бірінен ажыратуға, салыстыруға дағдыландыру.

1 -тапсырма Фигураларды топта

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Геометриялық тапсырмалар.

2 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

3 -тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

4 - тапсырма.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Шығармашылық тапсырмалар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 17.01.2015ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар сыр шертеді

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар геометриялық фугаларды бір-бірінен ажыратуға, салыстыруға дағдыландыру.

1 -тапсырма. Ұқсас фигураларды сандармен сәйкестендір.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

33 -тапсырма Бірдей екі фигураны тап.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

2 - тапсырма

СҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақуретте неше тiктөртбұрыш, неше ұшбұрыш бар?

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

3 - тапсырма

Шар дөңгелек оны домалатуға болады. Ол неге ұқсайды?

Дөңгелек болатын заттардың суретін сал.

Шығармашылық тапсырмалар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 24.01.2015ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар сыр шертеді

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар геометриялық фугаларды бір-бірінен ажыратуға, салыстыруға дағдыландыру.

1 - тапсырма

Текше дөңгелей алмайды. Өйткені оның бұрыштары болады. Ойлан текшенің неше бұрышы бар? Текше неге ұқсайды?

2- тапсырма

Конус деген сөз «шырша жаңғағы» деп аударылады екен. Оның да домаланған пішіні бар. Конустың суретін және шыршаның суретін сал. Оларды салыстыр.

Шығармашылық тапсырмалар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 31.01.2015ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ есептер

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жұмбақ есептерді шығаруға жағдыландыру

«Жұмбақ есептер»

1 - тапсырма

Апам, атама бөрік берді,

Атам, апама өрік берді.

Апам, атама шай берді,

Атам, апама май берді.

Бөрік - біреу,

Өрік - бесеу.

Жиыны нешеу?

Шай - екеу,

Май - екеу

Жиыны нешеу?

2 - тапсырма

Бір иттің 9 күшігі бар,

Екеуі мойнында жатыр.

Үшеуі қойнында жатыр.

Біреуі басында тұр,

Нешеуі қасында жүр?

Шығармашылық тапсырмалар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 14.02.2015ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ есептер

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жұмбақ есептерді шығаруға дағдыландыру

1- тапсырма Мамандық

Ақан ақын болды,

Жекен жыршы болды.

Секен сыншы болды,

Бекен биші болды,

Кәкен күйші болды.

Тәкен тілші болды.

Кәне қанша есімдер,

Санап оны шешіңдер?

2 - тапсырма

Атам мал бақты,

Апам от жақты.

Ағам отын үйді,

Жеңгем тары түйді.

Әкем жүк түсірді,

Анам ас пісірді.

Әпкем суға кетті,

Қанша адам еңбек етті?

Шығармашылық тапсырмалар.

Сабақты қорытындылау.

Күні: 21.02.2015ж

Сыныбы: 1

Пәні: математика (факультатив)

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ есептер

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жұмбақ есептерді шығаруға дағдыландыру

1-тапсырма

Кел санайық.

Атам бізге 3 кітап әкелді,

Ағам бізге 5 кітап әкелді.

Әкелген кітаптарды тең бөлінді.

Жартысын Арғынға берді,

Жартысын Қайшаға берді.

Қанша кітап алды,

Арғында қанша кітап қалды?

Кел, балалар санайық,

Қанша екенін табайық.

2 - тапсырма

Кім қалай отыр? Кім қалай жатыр?

Бір топ адам отыр,

Бір топ адам жатыр.

Қалай отыр?

Біреуі малдас құрып отыр.

Біреуі жүрелеп отыр.

Біреуі тізерлеп отыр,

Біреуі жантайып отыр.

Қалай жатыр?

Біреуі шалқасынан жатыр,

Біреуі етпетінен жатыр.

Біреуі шынтақтап жатыр,

Біреуі қырынан жатыр.

Нешеуі жатыр?

Нешеуі жатыр?

23 - сабақ Өрнек 44 - тапсырма Суретке қарап санды өрнек құр

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ 45 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ 46 - тапсырма Сурет бойынша есеп құра.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ 24 - сабақ 4Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

7 - тапсырма

48 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Болғаны -7

Алынғаны -2

Қалғаны -?

49 - тапсырма

Қанша қалды?

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ
25 - сабақ 50 - тапсырма 5 + 3 6-2 9-3 10 - 8 3+7 6+2 7+3 10-8 6-4 51 - тапсырма а + (5-2) а = 4, 2, 1, 5, 3 (10 - 8)+ в в = 4, 5, 1, 3, 2 52 - тапсырма 10 - (8+2)* 7+3 3+5 - 1* 6-2 26 - сабақ Қайталау Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

ІҮ - тоқсан 27 - сабақ Логика 53 - тапсырма

Бірдей нояндарды номерле.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

54 - тапсырма

Балықтарды санап, санын жазып көрсет.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

55 -тапсырма Бірдей екі семсерді тап. Номерлерін жаз: ------------------------

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

28 - сабақ

56 - тапсырма

.Бірінші қорапшада 20 кәмпит , ал екінші қорапта сол кәмпиттің жартысы ғана. Жартының жартысы неше кәмпит болады?

57 - тапсырма

Үстел үстінде 6 алма . Оның біреуін дәл ортасынан бөлді, неше алма болды?

58 - тапсырма

3 жұмыртқа 4 минут піседі. Бір жұмыртқа неше минутта піседі?

29 - сабақ

59 - тапсырма

Үстелдің 4 бұрышы бар. Оның біреуін кесіп тастады неше бұрыш болды?

( суретін сал)

60 - тапсырма Бұл бір шахтың ұлы екен жүә көркем, Әкесі өлсе кім болып шығады ертең?

61 - тапсырма

Екі екі қайтсе төрттен көп болады?

Шешімін жақсы оқушы дөп табады.

30 - сабақ Он көлеміндегі сандарды қосу, азайту

62 - тапсырма

Оңынан да солынан да цифраланатын санды жаз. 63 - тапсырма Пирамидаға шығу үшін төменнен жоғарыға қарай әр клеткаға аттай отырып 45 санын шығар

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

64 - тапсырма

Жоғарғы қатардағы сандарды бағанда тұрған сандарға қосып бос торды толтыр.

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

31 - сабақ

65 - тапсырма

Айт кәне Қожанасыр жұмбағын айт,

Қайсы айда 27 күн барын айт?

66 - тапсырма

Бір тәулікте 25 сағат бар деп,

Досым ылғи ұйықтайды сабақтан кеп.

Бұл қалай болғаны?

67 - тапсырма

Ең үлкен ондықтан ең кіші ондықты азайтып, шыққан санға 17 - ні қос. Ол қандай сан?

32 - сабақ Геометриялық фигура

68 - тапсырма

Цилиндр «Сырғанақ» деп аударылады. Егер бірнеше цилиндрді қатар қойып, оның үстіне ауыр заттарды салып итерсең, ол қозғалады. Мысал келтір.

69 - тапсырма

Пирамида «шың» деп аударылады. Бұл таудың қар басқан ұшына, сарайлар мен мұнаралардың күмбезіне ұқсайды. Осы фигуралар саған тағы нені есіңе салады?

70 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Тізбекті жалғастыр.

33 - сабақ

71 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Суретте неше шаршы жасырынған?

72 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақҚызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

?

Жетіспей тұрған фигураның суретін сал.

73 - тапсырма

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Геометриялық фигураларды қолдана отырып, суретті аяқта.

34 - сабақ Қорытынды сабақ

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Қызықты математика 1 сыныпқа арналған факультатив сабақ

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. «Математика» Әдістемелік құрал Алматы 2003 2. «Санамақтар» //Алматы «Аруна» баспасы

3. «Балдырған» журналдары 2003 - 2009 ж

4. «Ойлан тап» Алматы 2007

5. «Геометриялық фигуралар» Алматы 2007

6. «Есептеп үйренейік» Алматы 2008

© 2010-2022