Воспитательный урок на темуТіл ұлттың тірегі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл ұлттың тірегі

Мақсаты:Оқушылардың ана тілге деген сүйіспеншілігін,ынтасын арттыру,ана тілін құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Сынып сағатының тақырыбы,нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Мұғалім:Біздің Отанымыз байтақ та бай елміз. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Әр халықтың өз ана тілі бар.Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп,бойға тарайды.Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі,оның орасан зор байлығында.

1- оқушы:

Қуан далам!Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін!

Тіл туралы заңың енді күшіне

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

2-оқушы:

Қуан бабам!Туған тілдің киесі

Жебеп сені болғаныңа иесі.

Тек мұнымен бітпейтінін ұғамыз,

Дүниеде тіршіліктің күресі.

3- оқушы:

Қуан анам!Қзағынан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп,

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді,

Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.

4- оқушы:

Қуан халқым!Күшіне енді!Тілзаңы,

«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады,

Ел елдігі бағаланар тілменен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

5-оқушы:

«Үш бақытым» М. Мақатаев

Жүргізуші:

Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез,демекші ана тілін білу,үйренудің қажеттілігі, маңызы жайлы адамдардың мазмұнды ойларына тоқталайық.

6-оқушы:

Өз тіліңді білу,өз тіліңде сөйлеп өсіп ел қатарына қосылу,өмірден алған ең үлкен сыйың. 7- оқушы: Ана тіліңде ерлігіңді,елдігіңді жырлайсың.

8-оқушы:

Туған тілін мақтан ету,оны таза сақтау,оның өрлеп өсе түсуіне еңбек сіңіру әрбір қазақтың тілегі.

9-оқушы:

Халықтың қуаты тілдің қуаты.Біз ана тілімізді ең айтқыш,ең білгір,ең бай тілдердің

біріне айналдыруымыз керек.

10-оқушы:

Ана тілінде сөйлеу мәдениеттіліктің белгісі.

11-оқушы:

Анамыздың ақ сүтімен дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата бабамызды ұмыту,тарихымызды ұмыту.

12-оқушы:

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.

Ән «Ананың тілі аяулы үні»

Ұлағатты сөздер

13-оқушы: Тіл қылыштан да өткір.

14-оқушы: Ақыл көркі тіл,тілдің көркі сөз.

15-оқушы: Ақынның тілі қылыштан да өткір.

16-оқушы: Көрінеді тілден түйсік,білім де,

Біле білсең жарылқаушы тілінде.

17-оқушы: Көп сөйлемей азбен келтір иінін,

Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.

18-оқушы: Адамға екі нәрсе керек тегі,

Бірі тіл,бірі ділің жүректегі .

19-оқушы: Ақыл мен білімнің тілмашы тіл.

20-оқушы: Туған тілім бабам тілі өз тілім,

Туған тілім анам тілі өз тілім.

Туған тілім далам тілі өз тілім,

Туған тілім адам тілім өз тілім.

21-оқушы: Ана тілің,біліп қой,

Еркіндігің,теңдігің.

Ана тілің,біліп қой,

Мақтанышың,елдігің.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

22-оқушы: Ә.Табылдиев. «Ана тіл»

Ақыл,ойын дананың

Ана тілден аламын:

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой,білімді

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

23-оқушы: Атадан балаға мирас болып екі-ақ нәрсе қалады,бірінші -бай тілі, екінші-байтақ жері.

24-оқушы: Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл.Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. ( Ахмет Байтұрсынұлы)

25-оқушы: Ана тілін жақсылап меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.

( Жүсіпбек Аймауытұ

26-оқушы: Қазақ тілі- Атаң,Анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған.

27-оқушы: Дұшпаның да бас иетін,

Тілің -- ұлттық қасиетің

Тартқан талай ұлыстар бар

Тілсіздіктің қасіретін.

28-оқушы: Тілі аманның -күні күлген,

Қор болмайды мұны білген.

Тіл жоғалса, «Заман туар»:

Ит мөңіреп,сиыр үрген.

29-оқушы: Тіл сыйлаған «Ардан азбас»

Тіл сыйламас «Бордай оңбас»

Мардымсумен, «мама»-лаумен,

Ата салтын жалғай алмас.

30-оқушы: Тіл ұстарту,тіл сындыру-

Сөз сиқырын,кілтін білу.

Ел мен елді елдестірер

Естілікке ұмтылдыру.

31-оқушы: Қазақ тілі-бас денеге.

Бес қару да «Хас шеберге».

Өз тілінде ымдаса да,

Сөз түйсінтер тас кереңге.

Қазақ тілі -«Халық тілі»

Тіл аманда-«Халық тірі».

Өз тілінде жылағанның,

Көз жасы да халық мұңы...

Қорытынды:

Тіл байлығымыз,тарихымыз,мәдениетіміз,әдебиетіміз.Тіл біздің ұлттық намысымыз,арымыз,барымыз.Тіл мерейі ел мерейі.Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсін!

Т.Рысқұлов атындағы №9 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп


Т ә р б и е с а ғ а т ы

Тақырыбы:

«Тіл ұлттың тірегі»

Орындаған: Туранова А.

Сыныбы: 3 «А»


Талғар қаласы


Талғар қаласы


© 2010-2022