Эссе. Менің педагогикалық тұжырымдамам

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе

Мен Итенова Слушаш Жаксенбаевна .

Туған күнім. 1971 жыл 21 сәуір

Туған жерім:Солтүстік-Қазақстан облысы , Уәлиханов ауданы, Амангелді ауылы.

Білімім:жоғары

Санатым. бірінші

1990 жылда Щучье қаласындағы педагогикалық училищені бітіргеннен кейін бастауыш сынып сынып мұғалімі ретінде 24 жыл мектепте жұмыс істеймін.

2005 жылы Манаш Қозыбаев атындағы мемлекеттік университетін сырттай оқып, бітірдім.

20 жыл Уәлиханов ауданының Телжан орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып істедім, қазіргі уақытта Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімімін. Ұстаз - шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы. Алайда өзімді , бүгінгі таңда , «керемет ұстазбын» деп айту астамшылық болар деп ойлаймын. «Ұстаз» деген ұлы атаққа ие болу үшін әлі талай маңдай тер төгіп, үздіксіз еңбектеніп ,талай - талай белестерді бағындыру керектігін мойындаймын. 2013жылы Петропавл қаласында Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша үшінші деңгейліккурсты оқып, сертификатқа ие болдым. Атап айтсақ, Кембридж тәсілінің теориялық негіздері арқылы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің үш айлық біліктілікті арттыру курстары мұғалімдер қауымы үшін үлкен жаңалық,өзгеріс, жаңа бастау десек те болады. ...Курсқа келгенше кезекті , бұрынғы қатысып жүрген біліктілікті арттыру курстарынан артықшылығы бола қояр ма екен деген үмітімнен күдігім басым болып келген едім. Мен бекер күдіктенген екенмін.Бұл курс барысында менің дәстүрлі педагогикадан қасаң болып қалған стереотиптерім күйрей сынды. Мен жасқанбай,қателігімді бетіме басар -ау,жерден алып-жерге салар адам жоғын біліп еркін ой айттым,еркін дәлелдедім, мәселенің түйінін тереңінен түсіндім.Шығармашылыққа негізделген шыңдалған ой айту үшін өзіңнің өреңнің биік болуы қажет екенін пайымдадым. Жаңа дүниені жатсынбай қабылдадым. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан маған жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма тура келді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымыз бен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалағандай. Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енді. Ол- жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу. Екінші жетістігім - өзімді шыдамдылыққа үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының керегінше ойлануын бірінші орынға қоятын болдым. «Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей, мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ( топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау , диалог арқылы оқыту) кеңінен қолданамын . Бүгінгі күнде балалар жаттанды нәрсені қайталамай, өз ойын еркін дәлелдеп айтуға, бір-біріне құрметпен қарап көмектесуге, топ ішінде өзін «жеке тұлға» ретінде санап,көшбасшы болуға,өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге , бір-бірін және өзін-өзі әділ бағалауға төселіп, қазірде бұл қалыпты жағдайға айналғандай. Мен енді басқа машинаға отырдым деп есептеймін. Бірақ бұл көліктің жүргізушісі - (мен емес) менің оқушыларым. Олар басқарушы,жаңа жол іздеушілер , ситуациялардан шығып ,мақсатына жетушілер. Ал мен болсам, бағыттаушымын. Ойымды қорыта келгенде, менің түсінгенім- жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек. «Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе , олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біз діттеген мақсат - мүддемізге жетіп, «ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін.



© 2010-2022