Конспекты Сабақта оқушыны қалай бағалауға болады

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: Сабақта оқушыны қалай бағалауға болады? Мақсаты: Бағалау түрлері, сипаттамаларымен таныстыру. Критерийлер арқылы бағалудың оқыту үшін тиімділігі мен маныздылығы. Міндеті:

  1. Мәселе бойынша білім деңгейі.
  2. Оқу табыстарын бағалауды әртүрлі тұрғысынан қарастыру. Критерийлер арқылы бағалаудың маңыздылығын көрсету. Білімді критерийлер арқылы бағалаудын қажеттілігін негіздеу
  3. Бағалау критерийлерін жасауды үйрену.
Кутілетін нәтиже: оқытуды бағалау, оқу үшін бағалау біледі; оқушылардың білімін бағалауға критерийлер жасай алады. Бағалау критерийлері. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен рефлексия. Іс-әрекетінің қорытындылары: «Бағалау» модулінің негізгі идеяларын ашатын постер жасайды, гүлдің суретін өзі және өзара бағалай алады. Оқу тапсырмасын бағалау критерийлерін даярлайды. Сабақтың өткізілінуі: Мәселені шешу мен нәтижелі жетістікке жету үшін, әр мұғалімнің белсенді атсалысуына негізделген топтық оқыту. Сабақтын барысы:
  1. Кіріспе бөлім (2-3 минут).
Жұмыс істеуге психологиялық көңіл-күй келтіру. Шаттық шеңбері Мұғалімдерді топқа бөлініп отырғызу. Жұмыстың мақсат, міндеттерін айқындау. Бүгінгі сабақтан сіз не күтесіз? Стикермен білдіру.
  1. Тапсырманы орындауға топтағы жұмыстар.
1-ші тапсырма. (2-3 минут) Миға шабуыл. Сұрақтарға ойланып жауап беріңдер. - Бағалау дегеніміз не? - Ол не үшін қажет? Әр топ өзінің нұсқасын ұсынады. Белсенді талқылайды. 2-ші тапсырма. (7-10 минут) «Бағалау негізі» мәтінмен жұмыс. (Үлестірмелі материалдар екінші апта, 4-5 күн) топтар арасында пікірлер алмасу. Қорытынды түйіндер шығару. 3-ші тапсырма. (5-7 минут). А4 парақ қағазына гүл салу. Суретті бағалау. Топта суреттерді өз-ара бағалау өткізу. Қойылған бағаны негіздеу. Бағалау критерийлерін білмей, жұмысты бағалау қиын екендігіне, коуч көздерін жеткізеді. Гүлді бағалау критерийлерін бірлесе әзірлеу. Осы критерийлер бойынша өздерінің және бір-бірін бағалау. 4-ші тапсырма. (15 минут). Бағалау оның мақсаты мен сипаттамалары туралы ақпараттарды пайдалана отырып, мұғалімдер мен оқушылар үшін маңыздылығын қолданып флипчартта бағалау картасын құру.Топ спикерлерінің баяндауы. Бірігіп жасалған критерийлер бойынша флипчартты қорғау:
  1. Түстердің үйлесімділігі - 1 балл
  2. Орналасудың логикалық жүйелілігі -1 балл
  3. Эстетикалық безендірілуі - 1 балл
  4. Түп нұсқаға ұқсастығы - 1балл
Қорытынды: сабақта оқушылардың іс-әрекеттерін бағалау үшін критерийлер даярлау қажет. 5-ші тапсырма. (15-20 минут). Практикалық тапсырма. Оқу тапсырмасына бағалау критерилерін даярлау. Рефлексия (2-3 минут) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістемесі.


© 2010-2022