Ана тілінен Шегіртке мен құмырсқаашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа» Мақсаты: 1.Балаларды талдау,талқылау,салыстыру және мазмұнын өздері ашуға дағдыландыру; 2.Оқушылардың тіл байлығын,сөздік қорын байыту,өз ойларын еркін жеткізіп,салыстыруға үйрету; 3.Еңбекшіл болуға,өзгелерді тыңдай білуге,тиянақтылыққа тәрбиелеу; Көрнекілігі:суреттер,қыс суреті , Венн диаграмасы Әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы,сұрақ-жауап, талдау,дәлелдеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. -Сабақта бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік. 2. Қызығушылықты ояту. -Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? -Жаз дегенде көз алдарыңа нелер елестейді? -Күз дегенде ше? -Енді осы айтылғандардан кластер құрастырайық. Мезгілдер: Көктем: табиғат оянады,егін егіледі;

Қыс: аяз,суық,боран;
Жаз: жазғы демалыс, жасыл табиғат, жеміс-жидек;
Күз:егін, жеміс піседі, ағаш, шөп қурайды.
3. Ой шақыру.
Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық:
1. Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды. (Шегіртке)
2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)
- Енді осы шегіртке мен құмырсқа туралы не білетінімізді айтайық.
- Балалар екеуінің де далада тіршілік ететін жәндік екендерін айтты.
4. Суретпен жұмыс.
- Суретке назар аударыңдаршы. Шегіртке мен құмырсқа туралы не айтылуы мүмкін?
- Енді оқулыққа қарайық, бұл шығарманың қай түріне жатады?
- Мысал деген не?
- Біз қандай мысалдармен танысып едік?
- Бүгін осындай кейіпкерлермен И. Крыловтың мысалында танысамыз.
- Мысалды аударған А. Құнанбаев
5. Мағынаны тану.
- Біздің болжамымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?
- Оны білу үшін мысалды оқып көрелік. (Іштерінен оқыту, таныс емес сөздерді түртіп отырады, соңынан сөздік жұмыс жүргізіледі.
6. Мәтінді оқып болған соң, өздеріне бұл мысалдан білетіндерін білмейтіндерін анықтау үшін ІNSERT жүйесін қолданады.

  • ІNSERT жүйесі бойынша,
«Y»-білемін; «-»- білмеймін; «+»-мен үшін жаңалық; «?»-мені таң қалдырды деген белгі қояды.
7. Ойға шабуыл. Венн диаграммасын салып, шегіртке мен құмырсқаның дара,ортақ қасиеттерін шеңберге жазады.

Ана тілінен Шегіртке мен құмырсқаашық сабақ
8.«Ой тоғаныс» шығармашылық тапсырма.
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясын пайдаландым. Яғни,шегіртке мен құмырсқа істеріне байланысты оқушылардың дәптердің бетіне не ортасына вертикаль сызықпен бөлуді сұрадым.Мәтінде оқу барысында олар: Бөліктің оң жағына:Мәтінде қатты әсер еткен тұстарды,үзінділерді жазды. Бұл тақырып бойынша әлбетте оқушылар шегірткенің пайдасыз іспен айналысып,ала жаздай ән айтып,би билеумен жүріп, жаз артынан қыс келетінін ойламағандығы туралы жазды. Бөліктің сол жағына: Сол мәтінде өздеріне әсер еткен үзінділер туралы жазады. Олар бұл тапсырмалар бойынша шегіртке уақытын боқа өткізбей,ол да құмырсқа сияқты қысқа дайындалу керек еді дейді. «Қыстың қамын жаз ойла» деген мақалды еске түсіреді.Әр оқушы мәтінмен танысып,күнделікті толтырып біткен соң жұпта,топта талқылау ұйымдастырылады.Жұмыс аяқталған соң,қорытуға арнап әкелген сұрақтарды оқушыларға қойып,жауаптарын алдым.


9. Үйге тапсырма.
-Мысалды рөлге бөліп оқу
- Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтын мақал-мәтел жазу.
- Суреттерін салу
10.Бағалау
11. Қорытынды.



© 2010-2022