Тақырыбы: Күзгі бал сайысы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Күзгі бал сайысы.Күзгі бал

1-жүргізуші: Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен,

Таңқалдырып халқын күз

2-ж Қош келдіңіз көрермен

«Кұзгі бал» сын-кешіне

Отырыңыз қол соғып

Шат күлкіге бөлене

1-ж: Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын, -дей отырып, құрметті көрермендер, жыл сайын мектебімізде өтетін дәстүрлі «Күзгі бал» кешіне жиналып отырмыз. Бұл сынға 1-4 сыныптардан 8 топ қатысқалы отыр.

2-ж:Бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазы алқасын ортаға шақырайық.

Әділдікпен бұл сайысты байқайтын.

Туралықтан еш уақытта қашпайтын.

Сайысқа төрелік етіп оң бағасын беретін

Әділқазы алқасын сайлаймыз.

Оқу ісі меңгерушісі -Тұрсынбаева Гулзада

Мектебіміздің тәлімгері -Тасболатова Гүлбаршын

Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі - Тилепиева Жапырақ

Уа, халайық,халайық

Бәріңе жар салайық

Сәлем жолдап баршаңызға

Келіп тұр бүгін топтар ортаңызға. Ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық

4-сынып-

3-сынып - «Ақ бидай», « Жомарт күз» топтарын ортаға шақырамыз

2-сынып -

1-сынып-

Қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайыс шарттарымен таныс болыңыздар

  1. «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл» ( өздерін таныстыру)

  2. «Өнерлі өрге жүзеді» (өз өнерлерін көрсету)

  3. «Кім жылдам ( жұмбақ шешу)

  4. «Ас адамның арқауы» ас мәзірін таныстыру

  5. Қорытынды.

Кімдер білгір өнерпаз білейікші

Жарасымды топтар деп жүрейікші.

Әділқазы алқасына әділдікті,

Ал сыныптарға сәттілік тілейікші.

Ән: « »



  1. Таныстыру

Күзгі мейрам құтты болсын баршаға

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Сайысушы топтарды шақырайық,

Таныстыру кезегін бір жалғаса.

Таныстыру сайысының қорытындысын сұрайық



  1. Өнер өрге жүзеді :

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салады.

Бүгінгі «Күзгі бал» да бәйге алуға

Топтарымыз аянбай - ақ, жан салады. (Топтар өз өнерлерін көрсетеді.)

Өнер сайысының қорытынды бағасын сұрайық.



  1. Кім жылдам жұмбақ сайысы:

Қазынамыз толы ғой қымбаттарға,

Түсінерсің тоқ етер тіл қатқанға.

Келесі тапсырманы орындап біз,

Ал ойланып көрейік жұмбақтарға.

  1. Алтын сары тоны бар.

Қойнында дәні бар.

Не екенін тауып ал (бидай)



  1. Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады. (жуа)



  1. Ұстіне тігіп дәу шатыр

Астында қызғылт дән жатыр. (қызылша)



  1. Жаздай інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әкем бір күні. (сәбіз)

Аласы бар, жасылы бар көгі бар

Ішін ашсаң қара мөлдір дәні бар. (қарбыз)



  1. Күннен көзін алмайды

Мойыны бірақ талмайды. (күнбағыс)



  1. Жиын -терін болатын

Қамбаға дән толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың (күз)



  1. Жерге тырыс -тырыс тамады

Сайға қарай ағады

Шешуін кім табады? (жаңбыр )



  1. Бұл не деген көп киім

Жетпіс қабат көп киім.

Түймелеуге жетпейді

Жаңбыр одан өтпейді. (қырыққабат)



  1. Әрі қызыл әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты (алма)



  1. Қауын қарбыз дей алмайсың

Піскенменен жей алмайсың

Жарғанменен қап -қатты

Ал асқаныңда дәмі тәп -тәтті. ( асқабақ)



  1. Көк аланы көгенде көрдім

Көгеннен қиып жегенде көрдім (қауын)



  1. Өзі шалғы, өзі орақ

Өзі қырман, өзі арба,

Өзі күрек, өзі қап. (комбайын)



  1. Ай пішіндес оның іші,

Күн пішіндес оның сырты ( апельсин)

14. Түйін байлап көктемде

Піседі жаз кеткенде. (алмұрт)

15. Бақтарда балбырап

Тұрады албырап.

Уылжыған уыздай,

Алма емес ол бірақ (шабдалы)

Жұмбақ шешу сайысының қорытындысын сұрау

  1. «Күзгі тағам әзірлеу» сайсы

Татсақ тағамның дәмі қандай

Барша жұрт көзбенен қызыққандай

Күзгі тағам дайындап әзірлеуге

Қанекей қайсымыз жылдамбыз -ай.

Әр топ дайындаған тағамдарын әділқазы алқасына апарып таныстырады.



  1. «Ас адамның арқауы» ас мәзірінің қорытындысын сұрайық

  2. Әділқазылар алқасы қорытынды бағаларын шығарғанша

Ән: « »

Топтар жүр қалқып бақыт аралында

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен сайысымыз аяқталды

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа - дей отырып қорытынды сөз кезегін әділқазыларға береміз.



«Сам мектеп - балабақша кешені» КММ-сі

.

Бастауыш сыныптар бірлестігі

2015 жыл

© 2010-2022