Әдебиеттік оқу пәні 3-сынып «Көкшенің кеудесінде «сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Көкшенің кеудесінде Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашуға жол салу. Күтілетін нәтижелер: Пәндік нәтиже: мәтінмен жұмыс істей білуге, мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау. Түсініп, жүгірте оқи білу, ойын толық жеткізе білуге машықтандыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Тұлғалық нәтиже: туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: әнші құстар, тордағы құстардың, туған ауылының, қаласының суреттері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын қорытындылау.
  1. Қызығушылықты ояту.
«Болжау» әдісі.
  • Қытай императоры, сый, әнші құс, алтын тор, үнсіз отыру, кеңес, данагөй, жер аралап жүру, туған өлкесі, мың бір әуен толғапты деген сөздер мен сөз тіркестері туралы не ойлайсыңдар? Қандай байланыс бар? Әңгіме не туралы болуы мүмкін?
(Берілген тірек сөздерді өз қалауыңыз бойынша өзгертуіңізге болады). Осы сөздер мен сөз тіркестерін бір-бірімен байланыстыра отырып, өз ойларынан мәтін құрастырады. Құрастырған мәтіндерін жеке, жұпта, топта талдау.
  1. Мағынаны тану.
  1. нұсқа. «Бағытталған оқу» әдісі бойынша мәтінді оқу немесе дәптермен жұмыста берілген, оқу техникасын тексеруге байланысты тапсырманы ұйымдастыру.
  2. нұсқа. Мәтінді алдын ала 3-4 бөлікке бөліп алып, әр бөліктен кейін талдау жұмыстарын орындау арқылы оқу.
  • бөлім. Көкшенің табиғатын сипаттап береді?
  • Әрі қарай не болады деп ойлайсың? (II бөлімнің мазмұны қандай болуы мүмкін екенін оқушылар өздері болжайды).
  1. бөлім. Жұмақтың төрі.
  1. бөлімді оқып біткеннен кейін, оның мазмұны балалардың болжамымен салыстырылады. Одан соң III бөлімге болжау сұрағы қойылады.
  • Бурабайдың кереметімен қатар суреттеп бер?Әр бөлімді осылайша талдап шығу.
  1. бөлім. Данагөйдің ақылы.
IV бөлім. Құстың туған жері. Көкшенің кеудесінде өлеңін оқып,салыстыра отырып сипатта. Кестені толтыр:
Көкшенің келбеті Көкшенің таулары





Сергіту сәті: Бір уыс дән шашып қап, Шолып едім қашықтан: Ұшып келіп әрқайдан, Жапырласты торғайлар. Қалғандай-ақ ашығып, Шоқып-шоқып асығып, Сілкініп те алады, Қанаттарын қағады. Мәтін мазмұнын алғашқы «Болжау» әдісімен құрастырған мәтіндерімен салыстыру. Айырмашылықтың көп емес екендігін байқатып, өздерінің де қызықты, керемет ертегі құрастыру шебері бола алатындарына деген сенімдерін арттыру.
  1. Ойтолғау.
Дәптердегі тапсырмалар бойынша мәтіннің ертегі екенін дәлелдеу. Суретке қарап, ертегі мазмұнының оқиға желісін әңгімелеу. Оқиға құрылымының ретін тауып, белгілеу, дәлелдеу. - Мәтіннің мазмұнын ашатындай туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесің? Бақа көлін сүйеді, Бұлдырық шөлін сүйеді, Ер жігіт елін сүйеді. Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат. Ат төбеліндей болса да, Туып-өскен ел қымбат. Туған жердің Түйе жейтін жапырағы да дәрі. Түйе аунайтын топырағы да дәрі. - Өз туған жеріңдегі қандай әнші құстардың атын білесің? Оларға қандай көмек беріп жүрсің? Керек дерек. Бұлбұл - торғай тәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құс. Қазақстанда екі түрі - кәдімгі немесе шығыс бұлбұлы және оңтүстік не зортұмсықты бұлбұл кездеседі. Дене тұрқы 160-190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17-26 г. Арқасы қара сүр, қоңыр сүр, бауыры ақшыл түстес. Бұлбұл - жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр-маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш-он төрт күндей басып, балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әртүрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құс ретінде эстетикалық маңызы да бар. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма :



© 2010-2022