Біз-Жеңістің ұрпақтарымыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Біз-Жеңістің ұрпақтарымыз



Тәрбие сағаты:

Біз- Жеңістің ұрпақтарымыз!

0-4-сынып

Мұғалім: Назарова Майгул Пархаддиновна.

Касымова Айнура Жуманазаровна

Имантау орта мектебі

2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: Біз- Жеңістің ұрпақтарымыз!
1.Білімділік: Оқушыларды1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімін дамыту. Туған ел, Отан оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойында Отан сүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.
Барысы: Мұғалім-1: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.Жеңіс мерекесі - бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. Жеңіс мерекесі - жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Мұғалім-2: Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз, Жеңіс күні 9 - мамыр үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Мұғалім-1:Ендеше бүгінгі «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз!» деп аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

1-жүргізуші: Амина

Отан дейміз, от жаққан жерімізді,

Отан дейміз, өсірген елімізді.

Отан дейміз, туған жер,атамекен,

Биік тау, орман, тоғай , көлімізді.

2-жүргізуші: Шыңғыс

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау жаңа жол жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

3-жүргізуші: Айгерим

Армысыздар,мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп ән де бүгін шырқалар

1-жүргізуші: Амина

Қош келіпсіз қадірменді қонақтар

Жүздеріңнен мейіріңмен нұр тамар

Алдарыңдажауқазындай құлпырған

Имантаулық балғын шақты балалар


Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ-9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
3-жүргізуші: Айгерим

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдергешұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырғанқуанышқа қайғыны.
1-жүргізуші: Амина

Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 69- көктемі де келіп жетті.
2-жүргізуші: Шыңғыс

69 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
69 жыл - шуақты күн таратты әнін.
69 рет - көктемде сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Хазрет
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Елдегі көп балаға.
Бекайым
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды
Тайлан
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай,
Ұмытылмас мәңгілік.
Жүйрік озар әйгілі
Күні бүгін бәйгенің
Ура, Ура балалар!
Тоғызыншы май бүгін.

Асылхан
Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.
Нұрислам
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Тұрғынбек
Қайтпаған жауыннан
Қаһарман Бауыржан
Қан ішер фашисті
Қырды ол мыңдаған.
Ерлігі әрқашан
Есімде сақталады
Ұрпағы ұмытпайды.
Өмірінен үлгі алады.

Аделя
Шекарада солдат тұр.
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.

1-жүргізуші: Амина

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.

2-жүргізуші: Шыңғыс

Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

3-жүргізуші: Айгерим

Келесі тыңдайтындарыңыз ән: «Катюша» орындайтындар бірінші сынып оқушылары : Бекайым, Гүлнұр

3- жүргізуші Айгерим
Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі
Әлия атты көңілде
Әпкеміз деп жүреді.
Аты аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.
1- жүргізуші Амина
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз!
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз!
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов
Барлығы:Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.

2- жүргізуші Шыңғыс

Ән: «Батыр қыз» Орындаушылар: 2-ші сынып оқушылары Айгерим және Амина

1- жүргізуші Амина

Ұлы отан соғысына еріктілер болып аттанғандар қатарында Батырхан Халықов, Дарибаев Әлібектер де бар еді.

2- жүргізуші Шыңғыс

Олай болса қазыр біз осы екі әскердің соғыс майданында жүріп бір- біріне жазған хаттарынан үзінді тыңдайық.

3-жүргізуші: Айгерим

Арнаулы хат

Амина: Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан - сенің туған елің, туған жерің, дос - жарандарың, туған - туысқаның.

Шыңғыс:Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің..

Айгерім:Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әруақытта да қымбат. Өйткені, сен туған өлке, саған алтын бесік - атамекен болып саналады.
Отан туралы тақпақтар

Гүлнур

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң ұлы отан

Елім менің- тірегім

Құшағында гүл атам

Сарқылмайтын қуатым

Тірегім сен отан

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегім сен отан.

Санжар
Асыр салған таласып,
Біз - туған ел баласы.
Қандай байтақ Отаным,
Жан - жағыңа қарашы.
Жеңдіріп біз ашуды
Ақылға әркез келеміз
Азамат боп ержетіп
Ағаларға ереміз

Жансая

Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер - білім ұраны
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.

Нұрайым

Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.

Нұржан
Отаным кең көсілген
Төсінде ырыс өсірген
Қаптаған мал, алып дән,
Бәрі менің несібем.

Бекайым

Жайнатар кең өлкені
Болашақтың ертеңі.
Біз - бақытты балдырған
Ата - ананың өркені. Амина: Біздің мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Жеңісінің жемісі. Шыңғыс:Ел үшін аянбай еңбекетіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болайық. Айгерім:Келесі тыңдайтындарыңыз : «Солдат болам мен ертең»

Шыңғыс: Келесі тыңдайтындарыңыз Ән: «Апатайым»Жансая

Шыңғыс:

Әлем сүйген салтымыз бар,

Бейбітшілік - ел ұраны.

Өмір сүйген халқымыз бар

Бейбіт елдің біз ұланы
Би: «Ақ көгершін»

Би: «Фламенко» Амина: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Шыңғыс: Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Айгерім: Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Барлығы: Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Хор:«Достық»



© 2010-2022