"Математика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс)"

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класс: 3 Мұғалім: Дусимгалиева Гульнара Рақымжановна. Пәні: математика Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту, бөлу. Сабақтың мақсаты:
  • 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.7-ге бөлу,кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару.
  • 7 санына байланысты өзгермейтін ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай отырып, 7-ге көбейту кестесін құру. Ұлттық дүниетаныммен байланыстыра отырып, ой-өрісін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.
  • Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді қастерлеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойан-сұрақтар. ән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі. Көрнекілігі :дидактикалық материалдар, сабақ эпиграфы жазылған плакат.
Сабақ барысы 1.Алғашқы ұйымдастыру. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз! Күлімдеген күндейміз, Ш уайымды білмейміз! -Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әр ісімізге сәтт»лік! 2.Үй тапсырмасын тексеру. -Үйге қандай тапсырма берілді?(Кезекші оқушы оқушылардың дәптерлерін жинап алыптапсырады, үй тапсырмасының орындалуы туралы есеп береді.) Санды 6- ға көбейту және бөлу жағдайына байланысты ауызша есептеулер. « Кім зерек?» ойыны арқылы өтілген көбейту кестесін пысықтау.
  1. 6*3 = 18
4569 6*9 = 54 8864 6 *8 = 48 2504 5*4 = 20 - Басқа қандай теңдіктер шығарып алуға болады? Енді мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:
  • Адам 1 күнде 30 000 адым жасайды екен. 6 күнде шамамен қанша адым жасайды? 30 000*6= 180 000
  • Еңбекқор жәндікті білеміз бе? Иә, құмырсқа 1 күнде 20 000 дәнді жердің астына тасиды. 6 құмырсқа 1 күнде қанша дән тасуы мүмкін?
6 * 20 000 = 120 000 - Ал , осы 6 цифры туралы не айтар едіңдер? (өлең, мақал, мәтіннен үзінді) 3. Сабақтың мақсатын хабарлау . - Балалар, бүгін санды 7 - ге көбейту, бөлу жағдайларын қарастырамыз. Сабағымыздың ұраны Саққұлақ бидің мына нақыл сөздері болмақ: Адамның басшысы - ақыл, Жетекшісі - талап, Жолаушысы - ой, Жолдасы - кәсіп, Қорғаны - сабыр, Қорғаушысы - мінез, Сынаушысы - халық.. Осы 7 нәрсені жадымызда сақтайық. Істі ақылмен істеп, талаптанып, ой елегінен өткізіп, бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болсақ, мінезіңе ие бола білсең, міне артыңда сынаушың - халқың отыр. Атам қазақ 7 санын - киелі сан деп атайды. 7 санына байланысты ұғымдар аз емес. Қане, ойланайықшы, өздерің не айта алар едіңдер?
Негізгі түсінік Қосымша түсінік Оқушылар 7 санына байланысты өз білетіндерін жазады.

- Жеті нота - жеті дауыс (до, ре, ми, фа, соль, ля, си.)
  • Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
  • Жеті нан пісіру.
  • Жеті қазына (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
  • Жеті ата (Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата. Ата, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)
  • Жеті қарақшы
  • Жеті керемет ( Египет пирамидасы, Вавилон аспалы бағы, Зевс мүсіні, Родос алыбы, Александрия манары, Артемида храмы, Галикарнас мавзолейі), Тәуке ханның 7 жарғысы, Жетіген аспабы, Жетісу, Жеті ғалам, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті қат көк, жеті қат жер, т.б.
  • Ал өздерің 7 цифрына байланысты не айтар едіңдер? (балалар жауабы)
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес», «Жеті атасын білген ер, ел - жұртының қамын жер», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс жеті өнер көп емес». 4.Түсіндіру. Көбейту дегеніміз - бірдей қосылғыштардың қосындысы.
7*7 = 7*6+7 = 49 7*8 = 8*6+8 =56 7*9 =9*6+9 =63 7*10 =10*6+10 = 70
49 - болмасын соғыс. 56 - оқы есеп шартын. 63 - жинап алдық бойға күш. 70 - біз бітірдік үлкен іс. Бөлу амалымен өрнек құру. 49:7 =7 56:7 =8 63:7=9 5. Оқулықпен жұмыс. 87 - бет.№2 Салыстыр, ұқсастығы мен айырмашылығын тап. 1Математика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс)Математика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс)тонға - 7тері 1 құлақшынға - 2 тері 7Математика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс)Математика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс) тонға- ? тері 63 тері 7құлақшынға - ? тері ? тері Қалғаны-? тері Қалды - 12 тері Ш: 63 - 7*7 = 14 Ш: 7*2+12 =26 ЖМатематика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс): Шеберханада 14 тері қалды. Ж: Барлығы 26 тері.
Ұқсастығы - теріден тігіледі, 2 амал. Айырмашылығы - тон - құлақшын, қалғанын - барлығын табу. №3. Өрнектер құрып, мәнін табу. Тақтада талдана отырып 4 оқушы шығарады. 9*7 =63 63:9 = 7 63: 7=9 7*9 = 63 №4 ауызша орындалады. Қай өрнектер 7 - ге көбейту кестесінде кездеседі? 6.Сергіту сәті «Компьютер ойнайық».

Х 3 5 4 6


8


7



№6. Математикалық диктант түрінде орындалады. 7 - ге 21 мен 7 - нің бөліндісін қос. 7 мен 21 - дің қосындысын 7 есе кеміт. 7 -ге 49 бен 7 -нің бөліндісін қос. №7. Көрнекілік арқылы орындалады. Қандай сандардың көбейтіндісі 24 -ке тең болады? Математика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс)4*6 Математика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс) 222224 Математика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс)Математика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс)8*3 12*2

Математика пәні. Сабақтың тақырыбы; Санды 7-ге көбейту және бөлу (3 класс)
24*1


7.Шығармашылық тапсырма: Талғат атасынан: Сіз неше жастасыз? - деп сұрады. Атасы : - Егер менің жасымды 7 есе кеміткенде шыққан санды 7 -ге кемітсең, 2 шығады. Менің жасым нешеде екенін таба ғой, - депті. Талғаттың атасы неше жаста? Х : 7 - 7 =2 Х : 7 =2+7 Х : 7 =9 Х = 7*9 Х = 63 Ж: Атасы 63 жаста. 8.Сабақты қорытындылау: Негізгі түсінік Қосымша түсінік
Оқушылар сабақта алған жаңа ұғымдарын жазады.

Қадір Мырзалиевтің «Жеті» өлеңін оқу. 9.Оқушылар білімін бағалау. 10. Үйге тапсырма: №5 мысалды орындау, 7 - нің көбейту кестесін жаттау

Жаңатұрмыс негізгі мектебі



3 - класта математика пәнінен ашық сабақ


Тақырыбы: « 7 - ге көбейту, бөлу»


Өткізген: Г.Р.Дусимгалиева



2015 ж


© 2010-2022