Оқушы қаблеттерін арттырудың маңызы Баяндама

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп- өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту технологиясын ерекше атауға болады.

Дамыта оқыту теориясы өз бастауын И.Г.Песталлоцци, А. Дистервег, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен алады. Ал дамыта оқыту үдірісінің ғылыми негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты қалыптасты.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік- зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұрады.

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

  2. Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру.

  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин. В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретеді. Әр оқушыға өзінің ойын пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс болмауы да мүмкін. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез келген кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығы қажет етіледі. Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін білуі шарт. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын меңгеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болуы үшін, оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын-ала бағдарлап, жоспарлап қойған іс- әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларды тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеалы, мұраты болып саналады.

Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалдарды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау- бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл күйіе бақылауға, ой- пікірін байқауға мүмкіндік алады.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жерге жеткенге дейін еңбек ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетектейді деп есептелінеді.

Дамыта оқыту технологиясындағы сабақтың құрылымы:

1-кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезеңі (8-10 минут)

2- кезең. Операциялық- орындаушылық кезеңі (15-20 минут)

3- кезең. Рефлексиялық- бағалау кезеңі (8-10 минут)

Үйге тапсырма беру (5-8 минут)

Балалардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Балалардың логикалық ойлауын дамытуға, оқуға белсенділігін арттыруға деңгейлеп оқыту ерекше әсер берді. Деңгейлеп оқытуда көздейтін мақсат- балаға білімді даяр түрінде бермей, олардың алдарына белгілі бір проблемалық міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттайды. Деңгейлеп оқытуда баланың ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.



© 2010-2022