Сабақ жоспар Сан есім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: 1)Сан есім жайлы алған білімдерін толықтыру және пысықтау. Сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы сан есімдерді таба білуге қалыптастыру. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуге төселдіру.

2) Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

3) Жақсы қасиеттерге жақын болып, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, кішіпейіл, қамқор,достық қарым қатынаста бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.Ертегі сабақ

Көрнекілігі: Құмырсқа, Көбелек,Торғай,Қоян,Түлкі,Бақа. суреттері,Тірек сызба тапсырмалары,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 Психологиялық дайындық

«Ризашылық әні» балалар хормен айтады.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрап, бағалау.

446-жаттығу

Ережелер арқылы өтілген тақырыптарды пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ

-Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме? Ертегіні жақсы көресіңдер ме?

«Саңырауқұлақтың саясы»ертегісін үнтаспадан тыңдалады.

Көктем келді,

Жер көгерді,

Табиғат әсем күйге енді!

Дала гүлге бөленді.

Шалғынына енді

Құмырсқа келді.

Құмырсқа:

Шалғынға осы жатайыншы,

Рақатқа бір батайыншы.

Қыс бойы тоңазыдым,

Көктемді аңсап мен сағындым.

Бұлттар бері жылжыпты,

Жаңбыр сірә төгеді.

Мына саңырауқұлақ пана болса,

Бізге тиер көмегі.

Көбелек:

Күшім кетіп әлсіреп,

Қанатым су боп жабысып,

Ұша алмадым,құмырсқа,

Алшы мені қасыңа,

Пана берші басыма.

Балалар көбелекті саңырауқұлақ астына паналатамыз ба,ендеше мына тапсырманы орындаймыз. Дайынсыңдар ма?

1-тапсырма: Сан есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.

Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.Сан есімдерге қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтар қойылады. Бес,жиырма,отыз бесінші.

Балалар, көбелекті құмырсқа паналатуға риза екенін білдірді.

Бір кезде қатты тоңып торғай келді құмырсқаның қасына

Торғай: Жаңбыр қандай күшті еді,

Ұша алмадым ,мені көр!

Бас сауғалап келіп ем,

Жандарыңнан орын бер.

Ендеше құмырсқа торғайға қандай тапсырма берген екен?

2-тапсырма: Мәтінді оқып, сан есімдерді табу.

Суыққа ең шыдамды құс-үйрек пен қаз. Олар жүз он градус суыққа төзе алады. Ал итбалықтар сексен градус суықтың өзінде ғана тоңа бастайды.

Балалар, торғайды құмырсқа мен көбелек паналатуға риза екенін білдірді. Бір кезде қатты тоңып қоян келді құмырсқаның қасына:

Қоян: Түлкі қуып есім кетті,

Айналайын аңдар-ау!

Маған пана болыңдар,

Жасырыңдар, қорыңдар.

Ендеше құмырсқа қоянға қандай тапсырма берген екен?

3-тапсырма:Сан есімдерге -ыншы, інші жұрнағының тиістісін жалғап жазу

Есептік сан есім

Реттік сан есім

Үш күн

Үшінші күн

Екі ай

Екінші ай

Алты бала

Алтыншы бала

Жеті ата

Жетінші ата

Тоғыз пәтер

Тоғызыншы пәтер

Балалар,қоянды құмырсқа мен көбелек торғай паналатуға риза екенін білдірді. Бір кезде ор қоянды көрдіңдер ме,балақайлар-ау деп құйрығын бұлғаңдатып қу түлкі келді бұлардың қасына.

Барлығы:

Жоқ,жоқ,

Көрген жоқпыз деп шуласты.

Түлкі әлі-ақ қолға түсерсің деп қыр асып кете барды.

Бір кезде бұлардың қасына бақылдап бақа келді де паналауға рұқсат сұрады. Ал құмырсқа оған мынадай тапсырма берді.

4-тапсырма: Суреттегі құстардың атауларын қатыстырп сөйлемдер құрастыру.

Үш көгершін Үш торғай

Балалар,бақаны құмырсқа мен көбелек ,торғай, қоян барлығы паналатуға риза екенін білдірді.

Міне,жаңбыр басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Аңдар саңырауқұлақтан шықты,

Бір-біріне қарасты,

Таңдана былай таласты.

Құмырсқа:

Мен жалғыз өзім сыйған саңырауқұлақ сиқыр ма?

Көбелек:

Біз бәріміз сонша кішіміз ғой.

Торғай:

Көңіл сыйса бәрі сыяды.

Қоян:

Екі адам ығысса,

Бір кісіге орын табылады.

Бәрі:

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.,-деп олар сол күннен бастап ажырамас дос болыпты.

Ертегі сендерге ұнады ма? Ертегіде қанша аңның аты аталды? Құмырсқаға қандай мінездеме берер едіңдер?

ІҮ.Сабақты бекіту.Венн диограммасы:

Сын есім Сан есім

Сөз табы Заттың санын,

ретін білдіреді. Сұрақтары: Қанша?

Неше? Нешінші?

Заттың түрін, түсін,

сапасын білдіреді

Сұрағы:Қандай?Қай?

Зат есім сөздерімен байланысады. Сөз табы

Үйге тапсырма:

  1. Сан есім сөздерін жазу. Оны реттік сан есімге айналдыру.

Сан есімі бар мақалдар, жұмбақтар,жаңылтпаштар жазу. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырату



© 2010-2022