Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары Батыр Бауыржан

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№14 орта мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі

Джамбаева Б.А.


Сабақтың тақырыбы: М.Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»
Сабақтың мақсаты: А)Балаларды «Батыр Бауыржан «мәтінімен таныстыра отырып жерлес батыр атамыз БауыржанМомышұлы туралы естеліктерімен, ерлік істерімен таныстыру.
Ә) Баланың дүниетанымы мен ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетімен сөздік қорын және есте сақтау дағдыларын қалыптастыру. Б)Ерлікке, батырлыққа, ұлтжандылыққа, өз Отанын сүюге, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, фонологиялық талдау, шығармашылық, топтау, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі..
Сәлемдесу келген қонақтармен.
Сабақтың эпиграфы:
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Сыныптағы оқушыларды 4 топ -орталыққа бөлеміз.

1-топ: Ер жүрек , 2-топ Қайсар, 3топ Қаһарман, 4-топ Ерлік

1-топ Оқу орталығы «Ер жүрек»
а) Балалардан «Нүркен» өлеңін жатқа сұрау.
2-топ Зерттеу орталығы. «Қайсар» .

ә) Ізденіс жұмыстарын тексеру.

Тақырыбы: «Қазіргі кездегі жаңа типтегі ұшақтар».
3-топ Жазу орталығы. «Қаһарман»

а) Шығармашылық жұмыстарын тексеру.Тақырыбы: «Жергілікті жердің батырлары туралы мәлімет»
4-топ Өнер орталығы. «Ерлік» Нүркен Әбдіровтің ескерткіші неден жасалған? Қай қалада орналасқан.?

Мұғалім өз сөзімен қысқаша қорытып кету.
3.Жаңа сабақты талдау.
Кіріспе:. Б.Момышұлы туралы қысқаша видио фильм көрсету
Сұрақ - жауап алу

Видиодан алған туралы әсерлерін сұрау
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Оқулықпен жұмыс.
Автор туралы мағлұмат беру. (слайдтан көрсету)
М.Ғабдуллин соғыс басталғанда институтта оқып жүрген еді.
1941жылы 11 шілдеде соғысқа аттанды. Майданда генерал - майор

И.В.Панфиловтың дивизиясында соғысты. Ол өз бөлімшесіндегі тәрбие жұмыстарына жауап берді. Ол К.Маркстың «Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек», деген қағидасын ұстанды. Ол әркез жауынгерлерге ақылшы жанашыр бола білді.

Дәптермен жұмыс:

Сөздік жұмыс жүргізіп кету.

Деректі әңгіме-нақты болған оқиға.(дәптерге жазу)
4-топқа бөлікке болу.Тізбектетіп оқытып жіберу
Түртіп алу әдісімен таныс емес сөздермен сөздік жұмысын жасау.
Деректі әңгіме - нақты болған оқиға
Полк - әскери бөлімше
Бекініс - жаудан қорғанатын орын .
Бөлімдерге бөлу және ат қою.
1-Бөлім 1941ж Волоколамск стансасында.
2-Бөлім Қазақ командирлерінің жиыны.

3-бөлім Бауыржанның қайратты сөздері.
4-Бөлім Қазақ баласы - ар мен намыс иесі.

Ойын: Орнын тап

Ойын шарты: Қару жарақтарды тиісті орындарына қою

Сабақты бекіту:

Мәтінмен жұмыс

Топқа тапсырма:

1-топ Бауыржанның сөзін тауып оқып түсіндір.

2. Суретпен жұмыс Батыр Бауыржанның келбетін суреттеу

3.Мақал-мәтелдерді тауып,мағынасын ашып беру

4.Қазақ баласы-ар мен намы йесі»-дегенді қалай түсінесің?
Қорыту.
- Қазіргі кезде халқымыздың жағдайы қандай?
- Халқымыз қандай өмір кешуде?
- Ол ненің және кімнің арқасы?
- Дұрыс айтасыңдар қазір біз егеменді еркін елде бейбіт өмір кешудеміз.
- Ол бірлік пен татулықтың арқасында және Елбасымыздың саясатының арқасында жақсы өмір сүрудеміз.
Үйге тапсырма:
Сурет бойынша «Батыр Бауыржан» деген әңгіме құрап жазып кел. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын білу. «Батырларға мәңгілік ескерткіш» ЭССЕ жазу
БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ.


© 2010-2022