Берілген саннан бірнеше есе артық немесе кем сандар

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
3-сынып Пәні: Математика Тақырыбы: Берілген саннан бірнеше есе артық немесе кем сандар Мақсаты: Оқушыларға есе артық, есе кем сандарды үйрету: зейінін, жадын, математикалық тілін дамыту; ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Типі: Аралас. Көрнекілігі: сызба, суреттер, кесте. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір - біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6,7 52 бет 405+257 /662/ 900-568 /332/ 655+246 /901/ 259+456 /715/ 702-215 /487/ 800-456 /344/
909-168 /741/ 1000-649 /351/ 720-409 /311/ 551+264 /815/ 657+149 /806/ 602+349 /951/ ІІІ. Білімдерін тексеру: ауызша жұмыс.

  1. Өзіндік жұмыс. (карточкамен). Көбейтіндінің мәндерін тап
2 ∙ 2 2 ∙ 3 2 ∙ 4 2 ∙ 5 2 ∙ 6 2 ∙ 7 2 ∙ 8 2 ∙ 9
  1. Математикалық диктант. Тек жауабын ғана жаз.
  • Қандай сандардың көбейтіндісі 15-ке тең? (3 ∙ 5, 5 ∙ 3)
  • Егер бірінші көбейткіш 6, екіншісі 2 болса, көбейтіндінің мәні қандай?( 6 ∙ 2 = 12)
  • 2 және 6 сандарының көбейтіндінің мәні неге тең?
  • 3 ∙ 2 = ? (6)
  • Қандай сандардың көбейтіндісі 10 болады? ( 2∙ 5, 5 ∙ 2)
  • Қандай санды 2-ге көбейткенде 8 шығады? (8 : 2)
  • 5 және 1 сандарының бөліндісінің мәні неге тең? (5 : 1)

ІҮ.Мақсат қою - Бүгін біз балалар берілгендігіден бірнеше есе артық, есе кем сандарды өтеміз 1 тапсырма:
  • Қызыл доптар көк доптардан неше есеге кем ?
  • Көк доптар қызыл доптардан неше есеге артық?
  • 10 санының құрамында 2-ден енше рет бар?


ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру: а) оқулықпен өз бетінше жұмыс. Оқып, есептеу. №2тапсырма Есепті толықтыр және шығар
  • Сол жақта 3 доп бар. Ал оң жақта әрқайсысы 3-тен 2 қатар доп бар. Оң жақтағы доптар 2 есе артық. Демек сол жақтағы доптар 2 есе кем.
  • Х санын 2 есе; 2-ге; 7 есе; 7-ге арттыр. Өрнектерді жаз
У санын 3 есе; 3-ке; 9 есе; 9-ға кеміт. Өрнектерді жаз.
№3 тапсырма А) Сызбаға қарап а)тапсырманы толықтыр; Есептерді шығар және салыстыр. АВ кесіндінінің ұзындығы 2см. СД кесіндісі одан 2 есе артық. СД кесіндісінің ұзындығы нешег тең? 2х2 Ә) СД кесіндісі 4 см-ге тең . АВ кесіндісі одан 2 есе артық. АВ кесіндісінің ұзындығы нешеге тең? 4х2

Сергіту сәті: Қолдарыңды көтеріңдер - бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық - екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та - үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып. №4 тапсырма Есептерді шығар және салыстыр. Ү. Түсінгендерін тексеру: а ). Оқулық бойынша өздік жұмыс. № 5 ә) Ауызша есеп шығару. Ұжымдық жұмыс. № 6

ҮІ. Қорыту: Ал, қане қазір біз санамақты есептейік.

Қасқыр қақты қақпаны.
-Ашыңдар тез! - айтқаны.
Сол-ақ екен, лақтар-
Титтей-титтей шұнақтар
Жан-жағына жүгірді,
Жасырынып үлгерді:
Бірі- төсек астына,
Бірі- пештің қасына,
Бірі- сәкі астына,
Бірі- астына кереует,
Бірі- тапқыр керемет
Отыр күбі түбінде.
Қанша лақ бар бұл үйде?

  • Санды 0-ге бөлуге бола ма?
  • Көбейтуге ше?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 54 бет, №7 тапсырма Бағалау



© 2010-2022