42 әріп ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Алфавит

Сабақтың мақсаты: Балаларды алфавитпен таныстыру.Әріптерден сөздер құрауға үйрету.Сөздерге дыбыстық талдау жасауға уйрету.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

Жыл мезгілдерін атау.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің қай айы қонақта ?

Өтілген тақырыпты қайталап айтып өту.

Жаңа сабақ.


Жаңа сабақты жұмбақ айту арқылы бастау. Алфавит туралы жұмбақ айту. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-Ия бұл алфавит. Қазақ алфавитінде 42 әріп бар (40 әріп, 2 таңба). -Балалар, бізге қонаққа алфавитпен бірге «Мақта қыз» ертегісіде келіпті.
Мақта қыз ертегісін айтып беру.
-Ал енді балалар «Мақта қыз» ертегісіндегі мысық бізден көмек сұрап тұр екен. (Осы жерде бір оқушыны мысық етіп сөйлету керек).
Мысық: Маған көмек беріңдерші? Мақта қыз құйрығымды қайтып беруі үшін сендердің бүгінгі танысқалы тұрған «Алфавит» тақырыбы арқылы сұрақтарға жақсы жауап берсеңдер, менің құйрығым өзіме қайтып келеді.
Тәрбиеші: Көмек береміз бе мысыққа?
Балалар: - Ия, көмек береміз.
1.- тапсырма: ағаштың тапсырмасы: 1. Алфавит қай дыбыстан басталады? (А дыбысынан). Алфавитті айту (хормен).
2. Ойын «Сөз ойла, тез ойла». (Тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын сөздер айтады. Мысалы : А дыбысы (алма, ай, алмұрт, асқабақ, т.б ))
2. - тапсырма: Сиырдың тапсырмасы: Ай, алма, шана сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
А - дауысты /қызыл текшемен көрсету/ Й - дауыссыз /көк текшемен көрсету/
А - дауысты /қызыл текшемен көрсету/ Л - дауыссыз /көк текшемен көрсету/ М - дауыссыз /көк текшемен көрсету/ А - дауысты /қызыл текшемен көрсету/

Ш - дауыссыз /көк текшемен көрсету/ А - дауысты /қызыл текшемен көрсету/ Н - дауыссыз /көк текшемен көрсету/ А - дауысты /қызыл текшемен көрсету/
3- тапсырма: Қыздардың тапсырмасы: Қыздар сендермен ойын ойнағысы келеді екен.

«Сөзжұмбақ»
Суреттердің біріншісі әріптерінен сөз құрандар. «Бақа» сөзі пайда болады.

Сергіту сәті орындалады.
4 - тапсырма: Дүкеншінің тапсырмасы: (карточка таратылады) (Дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтып өту керек) Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бояу. А,Ш,Б,Ү,И,I, т.б. 5 - тапсырма : Тауықтың тапсырмасы: Сиыр, тышкан, дүкенші,ағаш сөзінде неше буын бар, неше дыбыс бар? Сиыр - 2 буын, 4 дыбыс. Тышкан - 2 буын, 6 дыбыс. Дүкенші - 3 буын, 7 дыбыс. Ағаш - 2 буын, 4 дыбыс.
6 - тапсырма: Тышканнның тапсырмасы: Дыбыстарға арналған жұмбақтарды шешу.

  1. Сақинаны, сағызды,
Сарымсақты, сәбізді, Бастап тұрған қай әріп, Сапсыз орақ тәрізді. /С дыбысы/
  1. Шананың да, шардың да,
Мен тұрамын алдында , Менімен ғана басталар, Шұғыла да, шалғын да. / Ш дыбысы/
  1. Уық деген немене?
Уыз жегің келе ме? Қай әріптен аулар Басталып тұр атаңдар / У дыбысы/
  1. Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін, Құс, жұмыртқа, бұтақтың Ортасында келемін / Ұ дыбысы/
  1. Өнеге мен өнерді,
Өсімдік пен өренді, Менен бастап жазасың Өрнек пенен өлеңді /Ө дыбысы/
  1. Қоянда бар, түйеде жоқ,
Шаянда бар, биеде жоқ, Аязда бар, боранда жоқ, Ол қай әріп? /Я дыбысы/

Сабақты қорыту. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мадақтау .

© 2010-2022