• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Пәні: Қазақ тілі Сынып: 2 Сабақтың тақырыбы: Көктем мезгілінің құбылыстарымен таныстыру Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша толық түсінік беру, жаңа сөздермен таныстырып, лексикалық бірліктерді меңгерту, сабақты бекіту

Пәні: Қазақ тілі Сынып: 2 Сабақтың тақырыбы: Көктем мезгілінің құбылыстарымен таныстыру Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша толық түсінік беру, жаңа сөздермен таныстырып, лексикалық бірліктерді меңгерту, сабақты бекіту

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді? Етістік.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: осы тақырып аясында жаңа сөздер үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Практикалық жұмыстарға мейлінше көп көңіл бөліп, тілдесім әрекетіне жетелеу. Етістікті меңгерту. 2. Дамытушылығы: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу. Грамматикалық тақырыптарға көп көңіл бөлу. 3. Тәрбиелігі: оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, түсіндірмелі талдау, әңгімелеу, аудирование.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар арқылы және жекелеп тексеріп шығу.

III. Жаңа сабақ

А) Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.

ә) Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.

Б) Анықтаманы түсіндіру

В) Мәтінге дейінгі жұмыс:

- берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

- сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

- сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату

шашылу - рассыпаться қызығу - любоваться

қай жақтан? - откуда? нан жабу - выпекать хлеб

диірмен - мельница қастерлеу - ценить

расстилаться қарап тұру (көзін сап) - глядеть на него

жан -жақтан - со всех сторон тарту - молоть

өсіру - вырастить арғы тегім - предки

жеп көру - попробовать байқау - заметить

көсілу - растянуться, расстилаться

г) Мәтінмен жұмыс

-берілген мәтінді мәнерлеп, дауыстап оқып шығу

-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу

-мәтінді жаңа сөздердің көмегімен аударту

Нан дастарханға қалай келеді?

Диқандар көктемде жер жыртып, егін егеді. Содан кейін күзде піскен егінді комбайнмен жинайды. Машинамен элеваторға тасиды, себебі элеваторда астық жақсы сақталады. Элеваторда бидайдан ұн тартылады. Содан соң ұн элеватордан наубайханаға түседі. Онда наубайшылар тәтті тоқаштар, дәмді нандар пісіреді. Наубайханадан нан дүкенге түседі. Дүкеннен қалаған нанымызды сатып аламыз.

Нан дастарқанға көп еңбекпен келеді. Сондықтан нанды қастерлеу керек.

Ғ) Мәтіннен кейінгі жұмыс. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Қашан жер жыртып, не егеді?

2. Қашан не піседі?

3. Қашан не жинайды?

4. Нені қайда немен тасиды?

5. Нені қайдан қайда әкеледі?

6. Не қайдан қайда түседі?

Д) Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою.

ІY. Бекіту:

А) Сұрақтармен жұмыс

-Бүгін сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздер үйрендік?

-Қандай мәтін оқыдық?

-Мәтін не туралы?

-Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

Y. Үйге тапсырма беру

-Үлгі бойынша сөйлем құраңдар. Қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңдар.

Үлгі: Мен нан сатып алдым.

Керекті сөздер: Мен алдым, Айман пісірді, диқандар жыртты, күзде жинайды, машинамен тасиды, элеваторда сақталады.



© 2010-2022