Мұғалімнің шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында ой шолуы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында ой шолуы.А.С.Макаренко атындағы орта мектебі



Тақырыбы: Мұғалімнің шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында ой шолуы.

Дайындаған: Катешова Н.Т.



Мұғалімнің шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында ой шолуы.

Мұғалімнің шығармашылығы:

- өзінің күнделікті іс-әрекетіне жанымен берілу

- оқыту және тәрбиелеуде қатып қалған үлгіге қарамай, өзіндік жаңалық енгізу

- биік нәтижегелерге қол жеткізуге ұмтылу

К.Э.Циолковскиидің «формуласы»:

Мен алдымен көп адамға белгілі ақиқатты аштым, одан кейін кейбір адамдарға ғана белгілі ақиқатты аштым, ең соңында, ешкімге беймәлім ақиқатты аша бастадым.

Шығармашылықтың бірнеше деңгейі бар:

  • бар білімді пайдаланып, қолдану аясын кеңейту

  • дағдылы көзқарасты өзгертіп, мүлде жаңалау

«Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет - баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.
Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі - белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі - жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз - баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема - жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді..Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығымектептен, ал Қазақстанүшінауылмектебіненбасталады", -дегенболатын

Әр адамның өз жеке басы қабілетіне байланысты шығармашылық потенциалы бар.

  • Байқағыштық

  • бұрыннан белгілі жайтқа күмән тудыру

  • мәселеге ене білу

  • алдын болжай алу

  • таныс объектіні өзгеше қырынан тану

  • ізденіс пен беймәлімділікке бой алдырып, күнделікті бір қалыпты тұрақты өмірден бас тарту

  • бір ойдан екіншісіне тез ауысуы

  • санасында бейнелер қалыптастырып, жаңа комбинациялар құрастыру

  • бағалау, сын айта білу

  • көп мәліметті есте сақтай алу

В.И. Андреев шығармашыл адамның 3 типін ұсынады.

1. Теоретик-логик. Өз жұмысын жоспарлайды, бұрыннан белгілі ғылыми зерттеулерді кең қолданады. Жан-жақты. Бастаған ісін аяқтайды.

2. Теоретик - интуитивист. Керемет қиялшыл. Жалпы қабылданған ой-пікірлерге қарсы шығуға қорықпайды.

3. Практик - экспериментатор. Ұйымдастырушы. Тез тіл табысады. Өз еркіне өзгелерді көндіріп, үлкен шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағыттай алады.

В.А. Кан-Калик, Н.Д.Никандров қарым-қатынасқа байланысты педагогикалық шығармашылық деңгейлерін жіктейді:

- Бұрыннан белгілі әдіс, шаблон бойынша сыныппен жай ғана қарым-қатынас жасай білу.

- Сабақты оптимизациялау - жоспарлаудан бастап, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай алу.

- Эвристикалық деңгей - оқушымен тікелей қарым-қатынас жасай білу, яғни нәтижеге бағытталған бірлескен іс-әрекет.

- Жоғары деңгей - сабақты сыныптың деңгейін, әр оқушының ерекшелігін есепке ала отырып өткізу. Мұғалім дербестігі.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді.

Посредственный учитель излагает,

Хороший учитель объясняет,

Выдающийся учитель показывает,

Великий учитель вдохновляет.

Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады:

  • Бақылаудың орнына ынталандыру;

  • Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;

  • Ауыстырудың орнына сенім

білдіру;

  • Үгіттеудің орнына түсіндіру;

  • Жоюдың орнына тегістеу;

  • Басқарудың орнына қатысу;

  • Айғайлаудың орнына әзілдеу;

  • Кіналаудың орнына қорғау;

  • Бұйрық беріп тексерудің орнына

  • Көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.

Н.Назарбаев

Сөзімді қорытындылай келе айтарым, ең бастысы мұғалім белгілі бір

нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындалып,ұстаздық мәртебесін түсірмеуге тырысып,оқушыларға білім беруі және тәрбие беруі қажет.



© 2010-2022