Озық ойлы оқушы 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Озық ойлы оқушы

Мақсаты:
1. Білімділік: Жан - жақты ой - өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой - қисынын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.
Көрнекілігі: Тақырып, магнитті тақта, сайыс аттары, сыйлықтары.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба,интерактивті тақта Сабақтың типі: дәстүрлі емес жарыс сабақ. Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі І. Мақсат қою кезеңі.

  • Құрметті ұстаздар, сіздерді үшінші сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Озық ойлы оқушы» атты сайыс сабағын көруге шақырамыз.
(Әділқазы алқасын сайлап алу)

Әділқазы алқасы
Сәлем бердік сіздерге
Білім, өнер ортаға
Салынар бүгін сіздерге
Әділ болсын бағаңыз
Алғыс бізден алыңыз
- Бүгінгі сайыстың қазылар алқасы мүшелері:
(қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру)

Ойынның ұраны

«Ойнай отырып, ойлайық,

Ойлайық та ойнайық".


Ендеше бастайық. Біреуінің жүрегінің түгі бар, Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар. Бәрінен де ең бастысы- барлығының Қатты істейтін миы бар! - дей келе, сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
Ойынымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

  1. кезең «Танысайық, білейік!»
  2. кезең «Алға, алға»
  3. кезең «Жауапты таңда»
  4. кезең «Тапқыр болсаң тауып көр»
  5. кезең «Қара жәшік»
  6. кезең «Поэзия минуты»

Ал, енді бірінші кезеңге тоқтаймыз: «Танысайық, білейік!»
Бүгін келген сайысқа
Қатысқандар шетінен
Өнерлі де білімді
Таныстырып әрқайсы
Өтсін бүгін өздерін
Танысайық, білейік
Құлақ соған түрейік. Әр топ өзіне ат қойып, өздерін жеке-жеке таныстырады. Асқар -ақылды оқушы

ІІ кезең «Алға, алға!»
Шарты: бұл кезеңде әрбір тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады. Сендер ұяшықты таңдайсыңдар, әр ұяшықта ұпай берілген. Сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, ұпайды иеленесіңдер. Ал дұрыс жауап бермесеңдер, басқа топқа жауап беруге мүмкіндік беріледі.

Озық ойлы оқушы 3 сынып

  1. Қазақ тілі.
Қосарлы дауыстыларды ата. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата. Дауыссыз дыбыстар саны қанша? Жай сөйлем дегеніміз не?
  1. Әдебиеттік оқу
«Малта» өлеңінің авторы кім?


«Арамдық, аразды
Түбімен жойыңдар.
Өтірік, өсекті
Біржола қойыңдар.»- қай өлеңнен үзінді


Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіндегі үш бақытты ата

«Менің атым Қожа» кітабының авторы кім?

«Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар» - өлеңінің авторы кім?

  1. Математика

Бөлгіш 4, бөліндінің мәні 60 болса, бөлінгіш қанша?

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 3 см, ені 5 см. Тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?
5 тоннада неше килограмм бар?

Қандай сан 150-ден 3 есе кем

900 м 1километрден нешеге кем?


  1. Дүниетану

Жүрек ауруын емдейтін дәрігер

Құмырсқалар қандай ауырлықты көтере алады?

Адам денесінде қанша сүйек бар?

Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

Таза ауа өкпеге не арқылы енеді?


  1. Тәуелсіз Қазақстан

Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

Тәуелсіздіктің белгілерін ата?

Қазақстан ғарышкерлерін ата?

Гимн авторларын ата. Сөзін жазғандар, әнін жазғандар

Астана қаласы қай өзеннің жағалауында орналасқан


  1. Әйгілі адамдар

Абай Құнанбаев

Ыбырай Алтынсарин

Мұқағали Мақатаев

Ахмет Байтұрсынов

  1. Логикалық сұрақтар

Біреуі сөйлейді, екеуі көреді және екеуі тыңдайды. Ол не?

Төрт аяғымен тұрған сиырдың салмағы 197 кг. Жатқан сиырдың салмағы қанша?

Кепкен жүзім-….

Үш майшам жанып тұр еді. Оның біреуін сөндірді. Неше майшам қалды?

«Күн» мен «түн» немен аяқалады?


  1. «Жауапты таңда» . Жауабын дұрыс тапса, 20 ұпай беріледі. Жауап бере алмаса, 0 ұпай беріледі.

1.Жыланға тіл не үшін керек?

1)Иісті сезу үшін

2) Ызаландыру үшін

3)Шағып алу үшін

4) Масаны аулау үшін

2. Құстың ішінде қай құс қатты шақырады?

1) Тауық

2) Қарға

3) Көгершін

4) Павлин

3. Қай елде сиырды киелі жануар деп есептейді?

1) Үнді

2) Ресей

3) Франция

4) Ұлыбритания

4.Табиғатта қандай балық болмайды ?

1) Ине балық

2) Семсер балық

3) Қайшы балық

4) Пышақ балық

5. Құстар ұядағы жұмыртқа қабығын қайда жібереді?

1) Итеріп тастайды

2) Жеп қояды

3) Таптап тастайды

4) Шығарып тастайды

6. Бұрамай-ақ жүретін тірі сағатты ата.

1) Қара торғай

2) Әтеш

3) Қоңырау

4) Сағат

4- кезең «Тапқыр болсаң тауып көр». Әрбір сөзге 10 ұпай беріледі.

Саңырауқұлақ, тоғызқұмалақ, кемпірқосақ

5- кезең «Қара жәшік» атты кезеңі
Қара жәшікті сыныпқа кіргізуге ұсынамын! ( Музыка, бір оқушы жәшікті кіргізеді)
Сіздердің мақсаттарың, мына қара жәшікте не жатқанын ойлап, тауып алу. Тауып алсаңдар 50 ұпай, жауабын таппасаңдар 0 ұпай беріледі. Тыңдаңыздар:
Саяхатқа бармай осы заттан бүкіл әлем туралы білуге болады. Бірақ бұл зат әр түрлі тақырыптарға арналған болады: біреулері әр елдің тарихын ашады, біреулері махаббат туралы болады, ал үшіншісі бір оқиғалар туралы болу мүмкін. Сонымен, әр түрлі білім не арқылы алуға болады? ( Кітап)

Адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Еш уақытта тозбайтын, досың, асыл қасиет. (ақыл)

Теңдесі жоқ ұлылық, өмірдің гүлі, тіршілік басы, әлемді тербететін, мейірімге толы - ..............................

Сабақта алған әсерлерін постерге жазып көрсету.
VІІ Қорытындылау І,ІІ,ІІІ орын алған оқушыларға арнайы мақтау қағаздары беріледі. Сайыс нәтижесін хабарлау.
Осыменен бұл қызықты тәмамдасақ, Бұл жайды айтамыз ба аман болсақ? Үйрендік білмегенді осы жолы Тағы да үйренеміз аман болсақ!











© 2010-2022