Поурочный план по математике на тему Қайталау (сайыс-сабақ)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:16.01.2013ж

Пәні: математика

Тақырыбы:Қайталау

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың кестелелік көбейту және бөлу тарауында алған білімдерінқайталау тиянақтау.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес,жарыс сабақ

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдері: жарыс,сұрақ-жауап,көрнекілік,топтық,кубизм әдісі

Көрнекілігі: данышпан ата, үлестірмелі материалдар,интерактив тақтасы,асық,қоржын,рефлнекция,өзін-өзі бағалау парағыү

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу,өзін-өзі тану

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыларды сабаққа дайындау.

ә) Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

б) Сабаққа қажетті құралдарын дайындау.

Психологиялық дайындық. Өлең шумағын айтқызу.

Кел, балалар, келіңдер,

Математиканы көріңдер.

Кәне, қарап шығыңдар,

Білім барда оқу бар.

-Балалар, бүгін біз математика сабағынан өткен «Кестелік көбейту және бөлу» тарауы бойынша алған білімімізді қорытындылап, тиянақтаймыз. Ол үшін біз қазыр екі топқа бөлініп көптеген берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

Бүгінгі сабағымызға бізге Өзін-өзі тану елінен данышпан ата қонаққа келіпті. Қолында дорбасы бар . Қызық ішінде не бар екен? (асықтар)

-Демек данышпан ата сендердің білімдеріңді тексергісі келеді. Сендер қазір тапсырмаларды дұрыс,әрі шапшаң орындай отырып, осы атаның дорбасындағы асықтарды бір-бірден алып өздеріңе жинайсыңдар. Тапсырмалардың барлығын орындалып болғаннан кейін қай топта асықтар көп болса сол топ жеңімпаз аталады.Демек, атаның сендерге дайындап қойған кезеңдеріннен мүлтікпей өтулерің керек.

Біз екі топқа бөлініп отырмыз. 1 топ: «Білімділер». 2- топ «Ойшылдар» міне осы топқа бөліне отырып біз қызықты сұрақтарға жауап беріп әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, асықтар жинаймыз.

-Түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.

Мұғалім:

Көңілді тапқыштар,білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді,көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады қос команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына-дей келе командалар өздерін таныстырсын.

1. Командалардың танысуы.
А) Танысу
Білімділер:
Өнер қуған математик жастармыз
Есебіңді лезде шешіп тастармыз.
Командамыз өңшең тапқыр қырандар
Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.


Ойшылдар:
Егеменді қазақтың біз ұланы
Өз туы бар,елтаңба,әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.

-Жақсы екі-топ өздерін таныстырды,енді бір-бірімен амандасу;

Б)Амандасу
Білімділер:

Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей
Жастықты бірге өткізген
Құрбыларға өрімдей - сәлем!

Ойшылдар:
Құны бір құрдас
Жаны бір жандос
Тілегі бір, жүрегі бір
Бірге өскен жолдас
Сендерге де бір сәлем!

В) Ұраны
Білімділер:

Бір аллаға сыйынып
Кел, балалар,оқылық.
Ойшылдар: Тартысайық сайыста күш жігермен
Айырлысайық қимас бір дос көңілмен.

-рахмет екі топқа да сәттілік тілей отырып сайысымызды бастаймыз.
данышпан атаның кезеңдерімен таныстырып кетейін.

Жарыс кезеңдері:

1.Өткенге шолу (сұрақ-жауап)

2.Ойлы болсаң озып көр, (минутпен өрнекте)

3.Білгенге маржан, білмеске арзан. (амалдарды ретімен орында)

4.Ой қозғау (логикалық есептер)

5.Ойлан тап (сөзді есеп)

6.Кім жылдам?(жұптарын тап)

7.Өзіңді тексер.(тест)

Қорытынды (кубизм әдісі)

1 кезең: Сұрақ-жауап

«Білімділер» тобына

1 килограммда неше грамм бар?(1000г)

2.1 центнерде қанша килогамм бар?100 кг

3.Бір метрде неше сантиметр бар?100см

4.Екі жағы шектелген түзу?кесінді

5.Шаршы дегеніміз не? Қабырғалары тең

«Ойшылдар» тобына

1.Фигураның периметрін қалай табамыз? Қосу арқылы

2.Қандай фигураның басы да, аяғы жоқ? түзу

3.Масса бірліктері?грамм, кг, тонна, центнер.

4. Жүздің жартысын екіге бөлгенде

неше болады? 25

5. 2 жүзд.+3 жүзд. қосындысы ? 5 жүзд= 500

2- кезең: Ойлы болсаң озып көр.

Минутпен өрнекте: 3минут

Білімділер:

6х7 48:6 9х10

9:3 6х2 700:7

27:9 72:9 24х10

8х6 63:7 50х2

5х7 8х6 60:3

Ойшылдар:

8х9 32:8 30х2

64:8 24:6 800:8

36:4 49:7 20х4

4х7 3х5 600:2

7х7 2х4 3х30

3-кезең: Білгенге маржан, білмеске арзан. (амалдардың орындалу тәртібі)

Есептер шығару.

Білімділер:

437+12:2 (6+10):2+5

5х2+8:2 270+66-30

200+18:2 (24+6):5+2

Ойшылдар:

12:6х3 (37-17): (12-8)

437+12:2 4:4х2

18:9х4 (60-3х4)-39

4-кезең: Ой қозғау (логикалық есептер)

1)Қанаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды,ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды.Кімнің сөмкесі үлкен, кімнің сөмкесі кішкентай?(сөмкесі ең үлкені -Ерлан, кішентайы-Қанаттыкі)

2)Жерде Қытай Үндіге қарағанда көп орын алады, ал Ресейге қарағанда аз орын алады.Ең үлкен мемлекет қайсы? (Ресей)

1) Қытайда Үндіге қарағанда адам көп тұрады, ал Үндіде Ресейге қарағанда адам көп тұрады.Қай елде адам көп тұрады? (Қытайда)

2)Анасы балаларына 1алмадан берді.Әнелдің алмасы Анардікінен ауыр,ал Анардікі Айгүлдікінен жеңіл.Кімнің алмасы үлкен, кімдікі кішкентай? (Әнелдікі-үлкен, Анардыкі-кішкентай)

1)Бір жұмыртқа пісіру үшін

5 минут қажет. 4 жұмырт-

қа пісіру үшін неше минут

қажет? (5минут)

2)Әтеш бір аяқпен

тұрғанда 5кг,

екі аяқпен

тұрғанда неше кг болады? ( 5кг)

Сергіту сәті:

Алақанды алақанға соғайық

Күлімсіреп бір-бірімізге қарайық

Достығымыз мәңгілікке болсын деп

Төсімізді төсімізге соғайық

5-кезең: «Ұшқыр ой»

Білімділер:

Автобуста ер адамдар,әйелдер,балалар келе жатыр. Ерлер-36, әйелдердің ерлерге қарағанда 6-уы кем,ал балар әйелдерге қарағанда 5 есе кем. Автобуста қанша бала келе жатыр?

Ойшылдар:

Балалар киімі фабрикасында тақия,шалбар,көйлек тігілді. Бір аптада 480көйлек, одан 6есе кем шалбар тігілді. Ал тақияылар шалбарға қарағанда 3 есе артық тігілді. Неше тақия тігілді?

6-кезең: Кім жылдам?(жұптарын табу)

1тәул.5сағ= 29сағ

2апта .6күн= 20күн

1мин. 30сек = 90сек

110жыл=1ғасыр 10жыл

1сағ 30мин= 90мин

7-кезең: Өзіңді тексер (тест)

1. 6 санының квадраты нешеге тең?

А) 34 Б) 45 С) 36 Д) 57

2. 602-386-78+97 өрнегінің мәні нешеге тең?

А) 236 Б) 308 С) 435 Д) 235

3.20см-дің бестен бір бөлігі нешеге тең?

А)4 Б)8 С)6 Д)3

4.Екі жағы шектелген түзу қалай аталады?

А)сызық Б)фигура С)кесінді Д)түзу

5.Х*2=6 теңдеуі нешеге тең?

А)2 Б)3 С) 4 Д)8

6. Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін қандай формуланы қолданамыз?

А) S= aхb Б)S шаршы.=aхa С)P= fхc Д) Sтіктөртб.=aхb

Қорытынды кезең (кубизм әдісі)

1сұрақ:7-нің көбейту кестесін айтып бер

2-сұрақ: Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?(ұзынджығын еніне көбейтеміз)

3-сұрақ: Амалдардың орындалу ретін түсіндір?(жақшының іші,көбейту немесе бөлу)

4-сұрақ: 9-дың көбейту кестесін айт

5-сұрақ:Кесіндінің тұтас ұзындығын білу үшін не істейміз?(бір үлесінің ұзындығын бірдей үлестердің( бөліктерінің) санына көбейту керек)

6-сұрақ: 630:9= 70 өрнегінің шығарылу жолын түсіндір.

Бекіту кезеңі: асық сандарын санау

Үй тапсырмасы:

Бағалау: «өзін-өзі бағалау»

Қорытынды: Менің досым сен!

Сенің досың мен!

Біз бәріміз доспыз!

Сабақтан боспыз!


© 2010-2022