Қазақ тілі. 3-сынып. Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі.3-сынып. Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздерҚазақ тілі 18.12.15 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Сабақ мақсаты: Мағынасы қарама - қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету.
Міндеттері: 1. Сөз мағынасы қарай түрлерін еске түсіре отырып, қарама - қарсы мағыналы сөздерді таба білуге және байланыстырып сөйлем құрай білуге қалыптастыру.
2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға баулу. Мамандық таңдай білуге баулу.
Түрі: Ойын сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгеру
Әдістері: сұрақ - жауап, іздену, ой қорыту, көрнекілік әдісі, сәйкестендіру тесті

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу сәті:
- Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен
Психологиялық сәт:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
"5 "- ке қолды жеткізу!

ІІ. Өткенді еске түсіру:
1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса, мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы:
● Сөз мағынасының түрлерін ата.
● Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
● Мағынасы қарама - қарсы сөздерге мысал келтір.
● Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем ойла.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
Шахтер тапсырмасы: «Ойлан тап».
Дидактикалық ойын. Ой қозғау(мысалдарды шеше отырып, жаңа тақырып ашылады)
232 * 20 348 * 2 3720: 3
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
ІV. Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті:
Жж
жақсы
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
V. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Дәрігер мамандығының тапсырмасы:
1 - жаттығу

жарық-

алыс-

қисық-

жеңу-

жасару-

ұйықтау-

тоңу

Өздерің таңдаған үш сөзбен сөйлем құрастыру.

2-жаттығу.

Сөйлемдерді оқып, қарама - қарсы мағыналы сөздерді табу.

3-жаттығу. Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып жазу.

Кішісі- үлкені. астына-үстіне

үстінде- астында зиянды-зиянсыз

VI. Сергіту сәті:
Ал балалар, маман иелерінің тапсырмасын орындап, шаршаңқырап қалған болармыз. «Сергіту сәтін» жасап алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары - төмен қарайық
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық.
- Балалар сергіту сәтінде де біз қандай қарама - қарсы сөздер пайдаландық?( жоғары - төмен, алға - артқа, отыр - тұр)

Тігіншінің тапсырмасы: 4-жаттығу. Ребусты шешу.

Ребусты шешсеңдер, қарама - қарсы мағыналы сөздер шығады. Сол сөздермен сөйлем құрастырып жазу.

Қазақ тілі.3-сынып. Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздерҚазақ тілі.3-сынып. Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздерҚазақ тілі.3-сынып. Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздерҚазақ тілі.3-сынып. Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздер

VІІ. Милиционер тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс: 3 топқа бөліп тапсырма дайындапты.
1 топ - мағынасы қарама - қарсы сөздері бар сөйлемдер жазу.
2 топ - сәйкестендіру
3 топ - ішінде қарама - қарсы мағынасы бар жұмбақ не мақал - мәтел тауып жаз.

VІІІ. Сабақты қорытындылау. Сатушы тапсырмасы:«Сиқырлы ұяшық» ойыны
Ереже. Мақал - мәтел. Түсіндірме әр түрлі

- Бүгінгі сабақта не істедіңдер?
Мамандық тапсырмаларын орындап, Қазақстанның гүлденуіне үлес қостық.
Сендерге ұнады ма? Алдарындағы дөңгелекшегелерге әркім өз көңіл - күйін белгілесінде, тілек ағашына жабыстырсын.

ІХ. Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
5 - жаттығу (109- бет)

Х. Бағалау.

Тексерілді:



© 2010-2022