Ғажайып білім әлемі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғажайып білім әлемі

Мақсаты: сандарды санау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту ойлау қабілетін қиялын есте сақтап сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Бірлікке татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Буратино, математика сауат ашу аялдамасы, үйшіктіктер.

Балалар бізге қараңдаршы қонақтар келіпті сәлемдесіп алайық. (

Шаттық шеңбер

бәріміз енді тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы жақсы сөздерді

Қонақтарға сыйлайық

Табиғат біздің анамыз

Иіліп сәлем береміз.

Біз әдепті баламыз

Жарайсыңдар балалар! Балалар менің қолымнан не көріп тұрсыңдар

Балалар: жүрек.

Кәне балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар аспанымыз ашық болсын,

Күніміз ашық болсын,

Еліміз тыныш болсын,

Нанымыз көп болсын,

Бейбітшілік болсын

Апайлар аман болсын!

Осы айтқан жылы лебіміздерді апайларға сыйлайық.

Балалар жылдың қай мезгілі

Балалар: көктем мезгілі

Көктемнің қай айы

Қандай айы

Балалар: мамыр айы

Көктем мезгілінде табиғатта қанда өзгерістер болады

............................................................................................

Жарайсыңдар балалар! Олай болса көктем туралы кім таппақ біледі?

Көктем қандай көңілді

Көктем жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып

Күннің көзі көрінді

Көктем көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.

Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?

Буратино: Саламатсыздарма балалар!

Балалар осы жер ғажайып әлеміме?

Тәрбиеші: жоқ бұл жер мектеп.

Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым.

Кім алып кеткенімді білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып жолда қоянды көріп едім. Кілтіңді ғажайып әлеміне барсаң табасың деді. Мен ғажайып білім әлеміне қалай барсам екен. Баратын жолды таба алмай адасып осы топқа кіріп кеттім. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдерме?

Тәрбиеші: Кәне балалар буратиноға көмектесемізбе?

Балалар: ия көмектесіміз.

Тәрбиеші: Олай болса балар буратиноны ертіп жол көрсетіп ғажайып білім әлеміне бізде саяхатқа шығып қайтайық.

Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қийындықтар кездеседі,Сол қийындақтарды жеңе білуіміз керек.

Тәрбиеші: Балалар көліктің қай түріне мінеміз?

Балалар: Автобус.

Тәрбиеші:Балалар бірінші аялдамаға келіп қалдық.

1-аялдама сауат ашу аядамасы екен.

Бұл аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты.

2-аялдама. "математика " аялдамасы. Бұл аяладамының тапсырмалары мынадай. 1-10ға дейін тура және кері сана. Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып түстерін ата.

3-аялдама жұмбақтар аялдамасы.

..................................................................

Таң мен көзін ашады,

Әлемне нұрын шашады.

(күн)

Тырс тырс тамады,

Сайға қарай ағады.

(жаңбыр)

4-аялдама. Айнала қоршаған ортамен таныстыру, аялдамасы. Төрт түрлік жанарлар.

Ьуратино: Алақай алақай менің кілтім табылды (қақпаның алдында буратиноның алтын кілті тұр.) Қақпаның үстіңгі жағында "ғажайып білім әлемі" деген жазуы бар.

Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз.

Ғажайып білі әлемі бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп қызықты тапсырмалар орындадық. Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар көп көп рахмет. Сендер маған ғажайып білім әлеміне баратын жолды көрсетіп алтын кілтімді табуға көмектестіңдер. Көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Қайырымды балалар екеніңдеріңді көрсеттіңдер. Мен алғыс ретінде сендерге және апайларға арнап гүл ала келдім.

Тәрбиеші: Міне балалар буратиноға көп көмектестіңдер. Сендер жыл бойы оқыған білімдеріңнің арқасында кездескен қийын тапсырмаларды жеңіп өттіңдер және өздеріңнің ұшқыр ойларыңды тапқырлықтарыңды көрсете білдіңдер. Осымен ғажайып білім әлеміне саяхатымыз аяқталды. Енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Қорытынды:Балалар сендерге саяхат ұнадыма?

Тәрбиеші:Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік.

Өте жақсы баалар. Енді саяхатымызды аяқтай отырып қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді бізқұрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық.

Сау болыңыздар!

© 2010-2022