Ана тілінен ашық сабақ: Қолғанат. Сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қолғанат. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз бетінше іздене білуге баулу:

Сабақтың міндеті: 1.Сөйлем туралы оқушыларға түсінік беру арқылы топта бір-бірімен ой-пікір алмасуына мүмкіндік жасау.

2. Өз бетінше сөйлем құрауға үйрету.

3.Топпен жұмыс ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже:

  1. Балалар бір-бірімен пікір алмасады.

2.Сөздерді бір-бірімен байланыстырып,сөйлем құрайды.

Көрнекілігі: Маркер, стикер, кеспе қағаз, оқулық, дәптер,фишка, суреттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,С.Т.О. стратегиялары, ойын, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану,өзін-өзі тану.

1.Ұйымдастыру кезеңі:Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге ,құрметпенен біз.

Топқа бөлу. 1 2 3 4.

2.Үй тапсырмасын тексеру:(гүлдер тарату)

Гүл теру ойыны(оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды)

-Мәтін дегеніміз не?

-Тасымал қалай жасалады?

-Жуан дауысты дыбыстарды ата

-Жіңішке дауысты дыбыстарды ата

-Астана сөзінде неше дыбыс, неше әріп,неше буын бар?

-Нағашы деп кімді айтамыз?

3.Қызығушылықты ояту:

Ребус шешу: Қолғанат Сөйлем

-Мәжит Сейфуллин өмірі мен шығармалары жайлі түсінік беру

-Мәтінді оқып түсіндіру

-Топтағы оқушыларға тізбектей оқыту

4.Топтарға тапсырма:

1.Сәкен қандай бала?

2.Ол қарындастарына қандай қамқорлық жасады?

3.Анасы Сәкенді не үшін мақтан етті?

4.Сәкеннің қарындастарының атын ата?

Ережеге түсінік беру:

Сөйлем сөзден құралады.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.

Мысалы: Балалар мектепке келді.

Сергіту сәті:Атамның алып күрегін

Аула қарын күредім.

Әжемеде құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң тозаңды қуамын.

5.Дәптермен жұмыс:

Топтарға тапсырма беру.Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.

1.Жасырынбақ ойнады балалар.

2.Ән Сәуле айтты.

3.Тұрды қатты жел.

4.Құстар келді ұшып.

6.Доп беру ойыны.Гүл.Мен гүл тердім.Кітап.Мен кітап оқыдым.Ән.Әнсабағы маған қатты ұнайды.Сынып.Сыныпта 23 оқушы оқимыз.Наурыз.Наурыз ұлы мереке.Қолғанат. Мен ата-анама қолғанат тигіземін.Сөйлем.Сөйлем сөздерден құралады. Сөз. Сөз буындардан жасалады.

Сергіту сәті:Алақанды қатты-қатты ысайық,

Досымызды құшаққа алып қысайық.

7.Сабақты қорыту:

Семантикалық карта.

Сөйлем Сөз

Сәкен ұқыпты бала.

Кітап

Мен анама көмектестім.

Доп

Сәуле ән айтты.

Ана

Көлік

Көктем келді.

8.Үйге тапсырма:Қолғанат мәтінін түсініп оқу.139- жаттығуды көшіріп жазу.

© 2010-2022