Х дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пәні:Әліппе Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана туралы түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету. Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: ашық сабақ Сабақтың әдісі: СТО Сабақтың көрнекілігі: бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар.

БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Қызығушылықты ояту. -Балалар бүгін біздің сыныпқа саяхатшы Дара келіпті (бейне таспа жіберу). Ол кітапханадан алған қызықты кітаптарын оқып болып, енді оларды тапсырмақшы. Кітаптарды тапсыру үшін Дара кітапханаға бара жатыр екен. Жолда кездескен қиындықтарды жеңіп, Дараға көмектесуге әзірсіңдер ме? Х дыбысы мен әрпі Х дыбысы мен әрпі ІІ.Өткенді пысықтау. -Ең алдымен Дараның кітаптарын үстелгі жинайық. Ол үшін біздер үй тапсырмасын қайталап алайық. -Я,Ю дыбыстаны қайталау, Жарыс мәтінін оқу, түсінік айту. Тапсырма. Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу:аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя,баяу,шаян, тақия,сая,аю,ою, қою,құю,есею,азаю,үлкею,көбею. Ойын «Адасқан буындар» - Дараның кітаптарын үстелге жинадық.Енді оларды Дара қайда салады? (жолдорбаға) ІІІ.Мағынаны тану. -Енді кітапті жолдорбаға салу үшін, алдымен жолдорбаны босатуымыз керек, ол үшін жолдорбаның ішіндегі суреттерді айтып қайталасақ ,бүгінгі сабақтың тақырыбын біледі екенбіз.( «Х дыбысына байланысты» бейне таспа жіберу) . -Бүгінгі танысатын х дыбысымен танысамыз. Қане дыбыстап көрейікші? Қандай дыбыс? Х- дауыссыз қатаң дыбыс,себебі? Ауа кедергіге ұшырап тұр. Х - әріптернің баспа және жазба түрлерімен таныстыру. Суретергі назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру. - Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр. - Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі. Мысалы: хат, шахмат, шах. -Жолдорбаны тапсырмасын орындайық.«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнау./доппен/ -Жолдорбаның ішін босаттық, жолдорбаның ішіне кітаптарды орналастырдық, енді Дара жолға шығуға дайын.
-Кітапханаха бару үшін алдымен көпірден өтуіміз керек, көпірдің күзетшісінің тапсырмасын орындасақ Дара көпірден өтіп кітапханаға жетеді.
Күзетшінің тапсырмасы оқулықпен жұмыс. -тізектеп бағандағы сөздерді оқып шықсақ,х дыбысының астын сызып шықсақ көпірден өтеміз. Х дыбысы сөздің қай жерінде орналасады? -тізбектеп оқу, түртіп алу, осы сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма? -хат -хабаp жiбеpу үшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша мәтін. Хор-музыканы қосылып оpындайтын әншiлеp тобы. Хан-ел билеушi . Саяхат - алыс жеpге, ел аpалауға шыққан сапаp. Дәріхана-Дәpi-дәpмек даяpлап және оны сататын оpын; Хабар-жаңалық Халат- үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм. Хадис- діни кітаптарда айтылған қасиеттi сөздеpi, өсиеттеpi. Шахмат-ойын Хаттама- жиналыстың, мәжiлiстiң баpысы туpалы жазылған қысқаша мазмұндама. Ұстахана-темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана. Шеберхана-әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын орын. -Күзетшінің тапсырмасын орындадық, Дара көпірден өтті. -Міне енді Дара кітапханаға да жетті. - сурет бойынша әңгімелеу. - кітапхандан алынған кітаптарды қалай күтіп ұстау керек екенін айту. -Мәтінді оқу. (Балалар міне Дарамен бірге кітапханға да жеттік, Дара кітаптарын тапсырды.) Х дыбысы мен әрпіХ дыбысы мен әрпі
ІҮ.Сергіту сәті. Ү.Дәптермен жұмыс. Х дыбысын жазу. ІҮ.Сабақты қорытындылау. Ой толғаныс.

Әріп

Бөлінуі

орналасуы

Қолданылуы


дауысты

дауыссыз

басы

ортасы

аяғы

Қазақ тілі

Орыс тілі

Х


+

+

+

+

+

+
Ү.Үй жұмысы: 99-бетті оқу, «Кітапхана» мәтінін әңгімелеу.
ҮІ. Бағалау. Дараға өте жақсы көмектескен оқушыларды мадақтайық.









Қандыағаш қалалық № 1 орта мектеп




Ашық сабақ


«Х дыбысы мен әрпі»

Х дыбысы мен әрпі



Өткізген: Г.М.Амантаева

Класс: 1 «Б»








2014-2015 оқу жылы


© 2010-2022