Математикалық КТС Математика елінде

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні: Сабақтың тақырыбы: Математика елінде Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың математикалық тапсырмалар (жаттығулар, мысалдар, тапсырмалар) түрлерін ажырата білуге үйрету . Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау; 2) Ойлау қабілеттерін, жылдамдық, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Есептеу дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету; 3) Оқушыларды алға қойған мақсаттарына жетуге, топтық тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық, топтық жұмыс. Сабақтың көрнекіліктері: үлестірмелі парақшалар, әр түрлі аңдардың суреттері.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Психологиялық дайындық Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, менің айтқанымды қайталап отырамыз. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз, әрдайым, Тек көңілді бастаймыз. Білім жолымен жүреміз, Арасында ойнап та күлеміз. (оқушыларды түгендеу) 3. Негізгі бөлім Балалар білесіңдер ме, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше . Бізге қонаққа балапан келді. Ол өзенге барғысы келеді. Өзенге барар жолда ол түрлі кедергілерге тап болды. Сол кедергілерден сүрінбей өту үшін сендердің көмектерің қажет. Көмектесуге қалай қарайсыңдар? - Ол үшін сендер берілген тапсырмаларды тиянақты, зейінділікпен орындауларың керек. - Ал, кәнеки, қай қатар балапанды суға дер кезінде апарады екен? - Азуы айқара ашылған мына иттен сүйкімді балапанды тез құтқарып алайық. Балапанды аман - есен құтқарып алу үшін «Амал таңбаларын қой» ойынын ойнайық. 8 - 4 - 3 = 1 8 4 3 = 4 8 4 3 = 5 8 4 3 = 6 8 4 3 = 7 8 4 3 = 9 8 4 3 = 12 8 4 3 = 15 8 4 3 = 29 8 4 3 = 35 8 4 3 = 36 8 4 3 = 96 - Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар , өздерінің білімділіктерінде көрсете білдіңдер. Балапанның алдынан аш мысық пайда болды. Оны қалай құтқарамыз екен. Мен бір амалын таптым. Мысықтың қолында тапсырма бар екен. Егер біз бұл тапсырманы дұрыс орындасақ балапан аман қалады. Ал, енді, тапсырманы орындауға көшейік. «Тышқан жинау» ойыны Ойынның шарты: Әр топтан 3 оқушы тышқанды жинауға барады. Ол тышқандардыды жинап алу үшін қызықты, әзіл есептерді шешу керек. Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көтеруге күл халықтың, - деп халқының болашағын болжап, көзін ашып, көкірегін оятуға күшсалған, білім нәрін сепкен әліппенің атасы Ахмет Байтұрсыновтың жұмбақ есептерін шығарып көрейік. 1. Қалада оқитын шәкірт мектебіне келе жатты. Біраз жүрген соң, арбалы алты адамды қуып жетті. Қараса, сабақтастары екен. Қанша шәкірт қалаға барды? (7) 2. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? (4) 3. 104 қойды бір қораға қамаған, Есепшілер соны күнде санаған. (Есепшот) 4. Егер «Т»-дан бастасаң, санмын, «Т»-ны алып тастасаң жаумын. (төрт - өрт) 5. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (Орындықта отырған адам) 6. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? - Бұл тапсырманы да орындадық. Балапанды да аман есен алып қалдық. Кенет балапанның алдынан қу түлкі шыға келді. Бұл қиындықтан қалай құтыламыз. Қу түлкі бізге тапсырма ала кепті.Сол тапсырманы орындасақ, біздің балапанымыз бостандықта жүреді. «Геометриялық фигуралардың сыры» ойыны Математикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика елінде

Математикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика елінде




Математикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика елінде





Математикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика елінде


Математикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика еліндеМатематикалық КТС Математика елінде








- Бұл тапсырмадан да құтылдық. Түлкінің әкелген тағы бір тапсырмасы бар екен. Соны шешсек түлкі өз жайына кетеді. 1. Қаланың шетінен орталыққа қарай келе жатқан троллейбуста кондуктор мен шоферден басқа 23 адам болды. Көпір жанында одан 7 адам шығып, 4 адам кірді; кинотеатр жанында 5 адам шығып, үш адам кірді; келесі 9 рет тоқтаған кезде 17 адам шығып, 19 адам кірді; вокзал жанында барлық адам түгел шықты және бір адамның билетсіз мінгені анықталды. Троллейбус неше рет тоқталды? 2. Неше тауық, неше қоян?(Жаңылтпаш есеп) Айжанның үйінде қоян мен тауық бар. Олардың жалпы саны - 21. Айжан бірде олардың аяқтарын санап шықты. 64 екен. Сонда ауладағы тауық қанша? Қоян қанша? 3. Есдаулетов Қанат бүгін, Атап өтпек туған күнін. Тойласуға Таңат келді. Марат, Манап, Манат келді. Жанат, Жанақ, Талғат келді. Сағат келмей, Самат келді. Бірақ Самат қайтып кетті. Жай жапсарын айтып кетті, Жанат та енді Саматқа ерді, Одан кейін Талап келді, Одан кейін Орақ келді, Бәрі қанша қонақ келді? Балалар балапан сендердің тапқырлықтарына таң қалып, өзімен бірге сендерге арнап тапсырма ала кепті. Соны бәріміз бірге шешіп көрейік.Жеңімпаз - Ата, жасыңыз нешеде? - деп сұрағанда Қожекең: - Ең үлкен төрт таңбалы санды 9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы санды шегерсе, менің өтірік жасым шығады. Оны халық біледі, - депті. Қожанасырдың өтірік жасы нешеде?
9. Қорытынды бөлім - Әр қатардан алға озып шыққан ІІІ қатар болды. Ол балапанды бірінші болып өзенге апарды. Балапан сендерге алғысың білдіруде. Сабаққа ат салысып қатысқандарын үшін сендерге көптен көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар. 10. Бағалау Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.

© 2010-2022